400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Кірпі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға, қажет материалдарын алып қолдануға, Жас мамандарға көмек болады деп.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Тобы: «Балдырған»тобы

Тәрбиеші :Ахамбаева Гулмира Зиятаевна

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Кірпі».

Мақсаты: Жабайы аңдар,олардың табиғаттағы маңызы туралы түсінік беру

Тәрбиелік: Жануарларға деген сүйіспеншілік,қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу

Білімдік Ермексазды тиімді пайдалануға және кірпіні ұқыпты жасай білуге үйрету

Дамытушылық:Қалдық табиғи материалдармен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Сөздік жұмыс:Тікенек,күнбағыс дәні.

Керекті құралдар:Ермексаздан жасалған кірпі,суреті,тірек-сызба,ермексаздан жасау үлгісі.Ермексаз,сүлгі,тақтайша күнбағыс дәні.

Сабақ барысы:Балалар бүгін бізде ерекше күн.Біздің сабағымызға қатысуға қонақтар келіпті,олай болса қонақтармен амандасайық.Сәлеметсіздерме!

Шаттық шеңбері:Ашық болсын күніміз.

Биік болсын туымыз

Тату болып халықтар

Аман болсын балалар.

Жүрегімізден шыққан жылуды қонақтарға сыйлайық. (алақандарын жайып үрлеу)

Балалар қазір қай жыл мезгілі ?Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?Ауа райы қандай болады?(балалар жауабы.)

Ал енді осы қыс мезгілінен бізге тағы бір қонақ келіпті.Ол кім екен?Балалар қар Ханшайымы екен.Кәне амандасайық. Сәлеметсіз бе.Қараңдар қар Ханшайымы жай келмепті өзімен бірге сыйлық ала келіпті.Ол қандай сыйлық екен.

Қар Ханшайымы:Жұмбағымды шешсеңдер ғана көрсетемін.Балалар онда қар Ханшайымның жұмбағын шешіп көрейік:Ұзамай аз жортады,

Үйде емес,орманда тұрады.

Үсті толған ине,кіріп кетер тиме.Ол не?

Кірпі.Кірпіні алып шығып көрсетеді.Қар Ханшайымның сыйлығы ұнады ма?(балалар жауабы).Қар Ханшайымы сіздің сыйлығыңыз өте ұнады.Рахмет.Сау болыңыз.

Балалар кірпі қыста домаланып алып ұйықтайды.Ол талғаусыз қоректенетін жануар,әртүрлі жәндік аулап жеміс-жидектерді жақсы көреді.Жақсы естиді және иісші болады.Кірпі қорыққан кезде домалана қалады. Ал енді Асима бізге кірпі туралы тақпақ айтып береді. Өзін қорғай алады.Домалана қалады.

Содан кейін тиіп көр,тура уколын салады.

Қараңдаршы балалар мына кірпі көңілсіз жалғысырап тұр.Ендеше біз оған көп достарын жасап берейік ,(сурет бойынша) денесі сопақша,басы бар онда екі құлақ,екі көз және мұрын орналасқан.Басқа жануарлардан ерекшелігі тікенегі бар.Достарын мүсіндемес бұрын бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:Кірпі қашты туп-туп,үсті тікен,өткір тіс.

Кірпі-кірпі сен қайдасың?Кірпі аяғымен туп-туп,

Кірпі көзімен луп-луп,кірпі тыңдады.

Жан-жақ тыныш,тс-тс дыбыстар.

Тышқан ба?әлде... ойна жүгір кірпіжан.

Ал енді орнымызға отырамыз.Жұмысқа кіріспес бұрын мүсіндеу ережесін еске түсірейік.(мүсіндеу ережесін айта кету).Кірпіні жасау (схема бойынша) көрсету және өзім жасап көрсетем.Күнбағыс дәні,тікенегі сөздерін екі-үш рет қайталату.

Саусақ жаттығуы: «Не келді?».Кәне-кәне не келді,біз-біз-біз.

Қасқыр-қасқыр бұл сен бе? Иә-иә-иә

Түлкі-түлкі бұл сен бе? Иә-иә-иә

Қоян-қоян бұл сен бе? Иә-иә-иә

Кірпі-кірпі бұл сен бе? Иә-иә-иә

Біздер тату достармыз !Иә-иә-иә.

(саусақ қимылдарын жасау)

Балалардың жеке жұмысы.(жайлы музыка қосу).Кейбір балаларға жеке көмек беру.Көрмеге қойып баға беру.Не жасадық? Ол қайда тұрады? Қалай қоректенді?(балалар жауабы).

Балалар кірпі орманда жалғыз тұрмайды екен. Тағы қандай аңдар тұрады екен соны білу үшін бір ойын ойнаймыз. Дидактикалық ойын: «Сиқырлы сурет»

Мақсаты:балалардың логикалық ойлау қабілетін,ес,зейін,қабылдау процестерін дамыту.

Ойын барысы:балалар алдындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрап,не екен атау және қайда тұратынын айту.

Балалар бүгін не мүсіндедік? Кірпі қайда тұрады,одан басқа орманда нелер тұрады екен?Сабақ ұнады ма?(балалар жауабы).

Балаларды мадақтау.Олай болса қонақтармен қоштасу.Сау болыңдар.


Күтілетін нәтиже:

Қабылдау: Жабайы аңдар,олардың табиғаттағы маңызы туралы

Түсінеді: Жабайы аңдарға қамқорлық жасауды

Қолданады: Өздігінен жұмыс жасағанда



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
1143
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі