жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Кішкентай достарым
Білім беру саласы: Таным,
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Кішкентай достарымыз
Мақсаты: Балаларда адамдардың қамқорлығында өмір сүріп жатқан жануарлар туралы қарапайым түсініктері қалыптасады. Үй жануарларына күтім жасай біледі; тəжірибе жұмыстарына қызығушылықтары дамиды. Балаларда «Жануарларға қамқор болу керек» деген көзқарас қалыптасады.
Сабаққа дайындық жұмыстары:əңгіме жүргізу; суреттер мен фотосуреттерді қарау; бейнетаспалар мен слайдтарды көру, үнтаспаларды тыңдау; жұмбақтар шешу, қарапайым тəжірибе жəне зерттеу жұмыстары, зерттеу мақсатындағы серуендерге шығу, тақпақтар жаттау.
Көрнекі құралдар: тақырыпқа байланысты суреттер, интерактивті құрал, таспалар.
Сөздік жұмыс: мысық, ит, жүн, мұрты.
Билингвалды компонент: мысық – кошка, ит- собака
Күтілетін нәтиже: үйде асырайтын жануарларды біледі, асыраған жануарларды күтіп баптау керектігін түсінеді.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық
|
Шаттық
шеңбері: Күннен шуақ алайық Гүлге қолды созайық Алақанға салайық Жүректен жылу алайық Оныда соған қосайық Жиналған жылу шуақты Бір-бірімізге шашайық - Жарайсыңдар, балалар, орындарыңа отыра қойыңдар. - Балалар, қазір біз «Қайсысы нені жақсы көреді?» деген ойын ойнасақ, ойнағыларың келе ме?
Ойынның
мақсаты: Жан-жануарларды ажырата
білуге үйрету. -Күшік нені жақсы көреді? – Көжектер нені жақсы көреді? – Мысық ше? – Ал қонжықтар ше? – Балапандар нені жақсы көреді? Осы аталғандардың қайсысы үй жануарлары, қайсысы жабайы жануарлар?(үй және жабайы жануарларды атайды) Балалардың назарын суретке аудара отырып, сонымен қатар үйде тотықұс, көжек және аквариумда балық ұстауға болатыны айтылады.
Бүгін
біз үйде асырайтын жануарлар мысық
пен ит туралы әңгімелесеміз.
|
Балалар шеңбер жасап тұрып, өлең жолдарын қайталайды.
-Иә,алақай.
-Ет -Сәбіз,орамжапырақ – Сүт. – Бал. Тары, дәндер
Үй және жабайы жануарларды ажырата отырып атап, кімнің үйінде қандай жануар бар екенін атайды. |
Ұйымдастырушылық кезең
|
Мысық туралы ақпарат:
Мысық
есту қабілеті өте жақсы.Ол өте әлсіз
дыбысты ести алады.Сонан соң құлағын
антенна сияқты көтеріп, дыбыстың тура
қайдан естілгенін дәл табады.Мысық –
жыртқыш. Өйткені ол тышқанмен
қоректенеді. Мысықтың көзі өте жақсы
көреді. Оның мұртыда жақсы сезімтал.
Мұртының арқасында түнде ешқандай
затқа соқтықпай емін-еркін жүре алады.
Мысық тазалықты жақсы көреді. Аяғымен
үсті-басын сүртіп, өзінің иісін кетіріп
тастайды.
Мысықты
сен ренжітсең ол сені тырнағымен
тырнап алады. Сондықтан мысықпен абай
болу керек. Құйрығынан тартуға
болмайды.
-Балалар, сендер мысықтың тілін түсінесіңдер ме? Мысық қандай дыбыс шығарады? «Мысықты сал» ойыны Мақсаты: Мысық туралы ұғымын байқау. Шарты: Мысық сияқты жүреді,жуынады, мияулайды.
Ит
- адамның досы. Көзі көрмейтін адамдарға
жол көрсетеді.Өрт сөндіруші иттер
бар.Өрт ішінде қалған адамдарды
құтқарады.Қауіпті қылмыскерді ұстауға
да иттер көмектеседі. Күшік
кішкене кезінде сүтпен қоректенеді,
өскеннен кейін сүйекті жақсы көреді.
Ит үй жануары, жеті қазынаның бірі. Ит
иесін көргенде қуанады, құйрығын
бұлғаңдатып, артқы аяғына тұрады. Адам
итті жібінен ұстап далаға қыдыртады.
Даладан келгеннен кейін аяқтарын
жуады. Зерттеу: Мысық пен иттің ұқсастықтарымен айырмашылықтары
|
.
Пырылдайды.
Ым арқылы мысықтың қимыл –қозғалысын салады, мияулайды.
Сызба арқылы мысық пен иттің ұқсастықтарымен айырмашылықтарын табады. |
Рефлекциялық түзетушілік
|
Қорытынды.
Бүгінгі
сабақ ұнады ма?
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген