400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Кішкентай достарым

Материал туралы қысқаша түсінік
: Балаларда адамдардың қамқорлығында өмір сүріп жатқан жануарлар туралы қарапайым түсініктері қалыптасады. Үй жануарларына күтім жасай біледі; тəжірибе жұмыстарына қызығушылықтары дамиды. Балаларда «Жануарларға қамқор болу керек» деген көзқарас қалыптасады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным,


Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Кішкентай достарымыз

Мақсаты: Балаларда адамдардың қамқорлығында өмір сүріп жатқан жануарлар туралы қарапайым түсініктері қалыптасады. Үй жануарларына күтім жасай біледі; тəжірибе жұмыстарына қызығушылықтары дамиды. Балаларда «Жануарларға қамқор болу керек» деген көзқарас қалыптасады.

Сабаққа дайындық жұмыстары:əңгіме жүргізу; суреттер мен фотосуреттерді қарау; бейнетаспалар мен слайдтарды көру, үнтаспаларды тыңдау; жұмбақтар шешу, қарапайым тəжірибе жəне зерттеу жұмыстары, зерттеу мақсатындағы серуендерге шығу, тақпақтар жаттау.

Көрнекі құралдар: тақырыпқа байланысты суреттер, интерактивті құрал, таспалар.

Сөздік жұмыс: мысық, ит, жүн, мұрты.

Билингвалды компонент: мысық – кошка, ит- собака

Күтілетін нәтиже: үйде асырайтын жануарларды біледі, асыраған жануарларды күтіп баптау керектігін түсінеді.



Іс-әрекет кезеңдері


Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық



Шаттық шеңбері:
Көкке қолды созайық

Күннен шуақ алайық

Гүлге қолды созайық

Алақанға салайық

Жүректен жылу алайық

Оныда соған қосайық

Жиналған жылу шуақты

Бір-бірімізге шашайық

- Жарайсыңдар, балалар, орындарыңа отыра қойыңдар.

- Балалар, қазір біз «Қайсысы нені жақсы көреді?» деген ойын ойнасақ, ойнағыларың келе ме?

Ойынның мақсаты: Жан-жануарларды ажырата білуге үйрету.
Ойынның мазмұны: Суретке қарап сұраққа жауап беруін талап ету.

-Күшік нені жақсы көреді?

– Көжектер нені жақсы көреді?

– Мысық ше?

– Ал қонжықтар ше?

– Балапандар нені жақсы көреді?

Осы аталғандардың қайсысы үй жануарлары, қайсысы жабайы жануарлар?(үй және жабайы жануарларды атайды)

Балалардың назарын суретке аудара отырып, сонымен қатар үйде тотықұс, көжек және аквариумда балық ұстауға болатыны айтылады.

Бүгін біз үйде асырайтын жануарлар мысық пен ит туралы әңгімелесеміз.



Балалар шеңбер жасап тұрып, өлең жолдарын қайталайды.










-Иә,алақай.





-Ет

-Сәбіз,орамжапырақ

– Сүт.

– Бал.

Тары, дәндер






Үй және жабайы жануарларды ажырата отырып атап, кімнің үйінде қандай жануар бар екенін атайды.

Ұйымдастырушылық кезең









Мысық туралы ақпарат:

Мысық есту қабілеті өте жақсы.Ол өте әлсіз дыбысты ести алады.Сонан соң құлағын антенна сияқты көтеріп, дыбыстың тура қайдан естілгенін дәл табады.Мысық – жыртқыш. Өйткені ол тышқанмен қоректенеді. Мысықтың көзі өте жақсы көреді. Оның мұртыда жақсы сезімтал. Мұртының арқасында түнде ешқандай затқа соқтықпай емін-еркін жүре алады. Мысық тазалықты жақсы көреді. Аяғымен үсті-басын сүртіп, өзінің иісін кетіріп тастайды. Мысықты сен ренжітсең ол сені тырнағымен тырнап алады. Сондықтан мысықпен абай болу керек. Құйрығынан тартуға болмайды.
Мысықтың түсі қара, екі көзі, екі құлағы, төрт аяғы, құйрығы бар. Балалар мысық та адамның досы.
Иесіне әбден бауыр басқан мысық оның ауырып тұрған жерін тауып сол ауырған жерге жайғасып бар жылуын беріп пырылдаған күйде ұйықтайды екен. Мысықтың ұзын мұртшасы бар ол иісті дәл сезіп табуға көмектеседі.


-Балалар, сендер мысықтың тілін түсінесіңдер ме?

Мысық қандай дыбыс шығарады?

«Мысықты сал» ойыны

Мақсаты: Мысық туралы ұғымын байқау.

Шарты: Мысық сияқты жүреді,жуынады, мияулайды.



Ит - адамның досы. Көзі көрмейтін адамдарға жол көрсетеді.Өрт сөндіруші иттер бар.Өрт ішінде қалған адамдарды құтқарады.Қауіпті қылмыскерді ұстауға да иттер көмектеседі. Күшік кішкене кезінде сүтпен қоректенеді, өскеннен кейін сүйекті жақсы көреді. Ит үй жануары, жеті қазынаның бірі. Ит иесін көргенде қуанады, құйрығын бұлғаңдатып, артқы аяғына тұрады. Адам итті жібінен ұстап далаға қыдыртады. Даладан келгеннен кейін аяқтарын жуады.
Ауырып қалса мал дәрігеріне көрсетеді. Ит ет, балық, құс етін және құрғақ жем жейді.
Үй иесі қыдырып кеткенде ит үйді күзетіп қалады, және үй жануарларын бағуға да үй иесіне көмектеседі екен. Балалар ит адамның досы, оны жәбірлеп ұруға болмайды. Ол біздің, үйімізді, ауламызды күзетеді..

Зерттеу: Мысық пен иттің ұқсастықтарымен айырмашылықтары






.

































Пырылдайды.



Ым арқылы мысықтың қимыл –қозғалысын салады, мияулайды.


























Сызба арқылы мысық пен иттің ұқсастықтарымен айырмашылықтарын табады.


Рефлекциялық түзетушілік




Қорытынды.

Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Қонаққа нелер келді?
Ит қалай дыбыстайды?
Иттің баласын «күшік» деп атаймыз, Көбіне иттер немен ойнағанды ұнатады?
итті немесе күшікті тамақтандырған соң, ойнатып болған соң қолымызды жуып отыруымыз керек. Қолымызды жумайтын болсақ түрлі ауыруларды жұқтырып алуымыз мүмкін.
Ит үйде тұра ма, әлде аулада ма?
Ит адамға қалай көмектеседі?
Мысықтың баласын біз «марғау» деп атаймыз.
Балалар, мысық қайда тұрады?
Ол немен ойнағанды ұнатады?.
Жарайсыңдар балалар!
Бүгін біз мысық пен ит туралы біраз мағлұматтар білдік.
Жарайсыңдар балалар, сендер өздеріңнің бір - біріңмен жақсы дос екендеріңе сендіре білдіңдер. Олай болса достық туралы тақпақпен сабағымызды аяқтайық.
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп - өніп толамыз
Тату - тәтті дос болып,
Достық шебін құрамыз.














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 ақпан
863
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі