Бірінші сәбилер тобы.
Ойын – сабақ . « Кішкентай
көмекшілер »
Мақсаты: Ойын арқылы балаларды жан –
жақты дамыту. Байқампаздыққа , сезімталдыққа, ұжым болып бірлесіп
жұмыс істеуге үйрету. Бастаған істі аяғына дейін орындауға
дағдыландыру. Өзінің және жолдастарының еңбегінің нәтижесін көруге
тәрбиелеу. Алдын ала
жұмыс: бұршақтарды іріктеу,
моншақтарды жіпке тізу. бір ыдыстан екінші ыдысқа су
құю. Қажетті құрал –
жабдықтар: қуыршақ , алжапқыш, үрмебұршақ
, асбұршақ су құйылған леген , губка.
Сабақ барысы :
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы бүгінгі
күн қандай тамаша. Бізге қонақтар келіпті бәрінің көңіл күйлері
тамаша. Балалар шаттық шеңберіне тұрып сәлемдесіп алайық. Сәлем,
сәлем, басым! Сәлем, сәлем, көзім! Сәлем, сәлем, бетім! Сәлем,
сәлем, тісім! Сәлем, сәлем, балалар! Сәлем, сәлем, апайлар! Балалар
қараңдаршы қуыршақ Айжанның көңіл күйі жоқ не болды екен? Мен қазір
сұрап білемін. Балалар Айжан өзінің кішкентай күшігін үйінде жалғыз
қалдырыпты, ол болса үйді шашып тастапты. Балалар Айжанға
көмектесеміз бе? Балалар ( келіседі ) үстеріне алжапқыш киеді.
Асбұршақ жерге түсіпті , Шаң басып оны қалыпты Қашан балалар
келеді, Бұршақты жерден көтереді?
« Бұршақтарды іріктеу »
Тәрбиеші : Ой –ой – ой қараңдаршы
балалар, мұнда тек шашпапты араластырып жіберіпті. Балалар , бізге
қара бұршақпен ақ бұршақты жеке –жеке жинап салуымыз керек.
(Балалар келіседі ) Тәрбиеші
: Бұл не деген жағдаят Үйдің
бәрін ластаған . Губканы алып біз бәрін Тез құрғатып қоямыз. Айжан
үйін жинаймын деп су қылған біз бұл суды құрғатуымыз керек.
Легендегі суды екінші легенге губка арқылы
құю. « Губкамен су қую» Сергіту
сәті. « Аяқпенен топ топ»
Тәрбиеші
: балалар, Айжанның әлі де көңіл
күйі жоқ . Айжанның көңілін көтеру үшін оған моншақ жасап
берейікші. Біз моншақты аламыз, Жіпке тізіп
қоямыз. Ойын: « Моншақтарды тізу»
Тәрбиеші : Балалар , Айжан атасымен
әжесін жақсы көреді . Олардың үйінде үй жануарлары бар ,бірақ
олардың атауларын ұмытып қалыпты . Айжанға
көмектесейік. Презентация : « Ойланда
тап» Міне , Айжан , көрдің бе
біздің балалар саған қалай қөмектесті. Балалар , біз бүгін не
істедік, қуыршаққа қалай көмектестік? ( үрмебұршақ пен асбұршақты
реттедік, моншақтарды тіздік).
Тәрбиеші: Балалар, Айжан өте қуанышты
сендер оған көмектестіңдер, әдемі моншақ сыйладыңдар.Ал Айжан
сендерге де шағын сыйлық дайындапты. ( Балалармен сабын
көпіршіктерін ойнау )
Ашық сабақтың
тақырыбы: « Кішкентай көмекшілер
»
Мақсаты: а) дамытушылық
: Ойын арқылы балаларды жан –
жақты дамыту. Балалардың ұсақ қол
моторикасын дамыту.
ә) Білімділік: Негізгі түстерді айыра білуге
үйрету .Байқампаздыққа , сезімталдыққа, ұжым болып бірлесіп жұмыс
істеуге үйрету. в)
Тәрбиелік: Өзінің және жолдастарының
еңбегінің нәтижесін көруге
тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар:
қуыршақ , алжапқыш, үрмебұршақ
, асбұршақ су құйылған леген ,
губка.
Ашық сабақтың түрі
: Ойын - сабақ. 1. Ашық сабақтың
мазмұны қойылған талаптарға сай . Балалар ойынға қызығушылық
танытты. 2. Балалар ойын барысында қойылған сұрақтарға толық
мазмұнды жауап берді . 3. Ойын барысында балалар өздерін еркін
ұстады. Берілген тапсырмаларды балалар жауапкершілікпен , тиянақты
орындады. 4. Өзінің және жолдастарының еңбегінің нәтижесін көріп
ризашылық білдірді. Өз өнерлерін, шеберліктерін көрсетті. 5. Уақыт
тиімді пайдаланылды. Ойынның кезеңдері бір - бірімен тығыз
байланыста болды. 6. Балалардың істеген еңбектері , сұраққа
жауаптары арқылы жауаптары бағалай білуге тырыстым. 7. Бала мен
тәрбиеші арасындағы қарым - қатынас тығыз, түсіністікпен өтті деп
ойлаймын. 8. Ойын мағыналы, жүйелі өткізілді деп есептеймін. Алға
қойған мақсатқа қол жеткіздім деп
ойлаймын.
Монтессори әдісінің
мақсаты:
балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге
бейімдеу;
өмірде өз мақсаты бар екенін
қалыптастыру;
балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа
мүмкіндіктер беру.
Монтессори ұстазының
міндеті:
балаға өз жұмысын басқаруға
көмектесу;
негізгі түстерді айыра білуге
үйрету;
ұсақ моториканы дамыту;
алғашқы математикалық, ғарыштық түсініктерді
қалыптастыру;
зейінін тұрақтандыру;
тәртіпке үйрету;
Монтессори бөлмесі 5 аймаққа
бөлінген:
1.Сенсорлық аймақ.
2.Математика-лық аймақ.
3.Күнделікті өмір жаттығулары
аймағы.
4.Тілдік аймақ.
5.Ғарыштық
аймақ.
Мария
Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу
жүйесі. Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген
даралы
тәсілдемеге негізделген. Бұған сәйкес,
балдырғандар мен
бүлдіршіндер дидактикалық материалдар мен сабақ
ұзақтығын
әрдайым өздері таңдай отырып, өзіндік ағыммен
ырғақта дамиды.
Балалардың табиғи қажеттіліктері мен үрдістері
үшін даярланған Білім беру дәстүріне деген көзқарасты
елестетіңіз. Педагогтарды білім көзі ретінде емес, оқушылар
сынамалар мен қателіктер арқылыпроблемалардышешетін, жаңалықтар
ашатын және тәжірибелер арқылы үйренетін динамикалық, даяр орта
ұйымдастырушы ретінде елестетіңіз.