400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Кітап- бағалы сыйлық

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспар

Пәні: қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп: №4 мектеп- лицей

Күні:

Мұғалім: Кожабергенова К.Б.

Тараудың тақырыбы:

Сабақ тақырыбы:

Әлемдегі ірі кітапханалар

Кітап- бағалы сыйлық

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

5.А1 Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу

5.ТБ1.5 Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану

Сабақ мақсаттары:


Барлық оқушылар орындай алады:

Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолданады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Сұрақтарға жауап береді. Болымды және болымсыз етістіктерді ажырата алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Тақырып бойынша ойларын еркін жеткізеді, шынайы өмірмен байланыстырады.

Бағалау критерийлері

  1. Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антонимдерімен қатар қолданып, ойын жеткізе біледі

  2. Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша, жазбаша жұмыстарда орынды қолданады

Тілдік мақсат:

Пәнге қатысты сөздікқор мен терминдер: бағалы, қазына, қызық мәліметтер, ұқыпты ұстау, дана сөз

Құндылықтарды игерту:

«Құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық»

Пәнаралық байланыс:

Орыс тілі , ағылшын тілі

Алдыңғы оқу:

Оқушылар алдыңғы сабақта «Кітап- бағалы сыйлық» мәтінін оқып, негізгі ақпараттарды анықтады. Болымды, болымсыз етістікпен танысты.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

  1. Сәлемдесу (үш тілде,бір –біріне ,қонақтарға күлімдеп жағымды көңіл- күй сыйлау)

  2. Үй тапсырмасын сұрау: Кітап туралы өлең жаттау.(өлеңді жаттауға байланысты крийтерилерді еске түсіру)

  3. Жаңа сабаққа кіріспе

Бейнеролик көрсету



  1. Сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру





Акт


Сабақтың ортасы

1-тапсырма. Т.Ж. «Түймедақ» әдісі

Тақырып бойынша сұрақтар дайындайды, Бір –бірінің қойған сұрақтарына жауап береді. Жауапқа қанағаттанбаған жағдайды жауапты өздері толықтырады.


  1. Қызықты сұрақ

  2. Қарапайым сұрақ

  3. Ойландыратын сұрақ

  4. Болымды сұрақ

  5. Шығармашылық сұрақ

  6. Логикалық сұрақ

Дескриптор

Тақырып аясында сұрақтар құрайды, мазмұнды жауап береді

Қ.Б. Мұғалімнің ауызша бағалауы ( жарайсың, керемет, талпын, толықтыр)

  1. тапсырма. Ж «Хатқалта» әдісі

Хатқалтада берілген тапсырмалармен жұмыс

1.Ақ парақшадағы тапсырма

Берілген әңгімедегі көп нүктенің орнын қажетті сөздермен толықтырып жазыңдар.Асты сызылған сөйлемді сөйлем мүшесіне талдаңдар.


Біздің көшеде ... дүкені бар. Дүкенде ... сатылады. Мен дүкеннен ... сатып алдым. ... бағасы бес жүз жиырма теңге.


2.Сары парақшадағы тапсырма. Сөйлемдердегі болымды етістіктерді болымсыз етістікке, болымсыз етістіктерді болымды етістікке айналдырыңдар.Қарамен берілген сөздердің үш тілде аудармасын айтыңдар.Асты сызылған сөздерді құрамына талдаңдар.


Кітапты сыз -

Бетіне жаз -

Сия төк -

Ылғалға қалдыр -

Кітапты оқыма -

Таза ұстама -

Жыртығын желімдеме -


3.Қызғылт парақшадағы тапсырма.Сөйлемдерді өз сөздеріңмен толықтырып, аяқтаңдар.Асты сызылған сөзді ауызша септеңдер


Кітап- ең жақсы ... . Кітапты балаға да, үлкенге де .... ... . Кітап қай заманда болсын өте жақсы сыйлық ... ... .


Дескриптор:

  1. Сөйлемдерді толықтырады, талдайды.

  2. Болымды, болымсыз етістіктерді орынды қолданады.



  1. тапсырма. ТЖ Кітап сөзіне «Синквейн» (бес жолды өлең) құрап жазыңдар.

Дескриптор

Кітап сөзіне бес жолды өлең құрастырады. Құрастырған жұмыстарын әр түрлі үлгіде ұсынады



Жұмыс дәптері

Қ.Б құралы смайликтер

Түймедақ (сұрақ түрлері жазылған қима қағаздар)

















Конверт







































А 3 парағы

Сабақтың соңы

1.« Пиктограмма» әдісімен өлең жаттау арқылы сабақты бекіту.

Кітап та, алма ағашы,

Жемісін біздер көретін.

Тәтті алмаға балашы

Кітабыңның әр бетін

2.Хатқалтаның соңғы тапсырмасы Төлқұжат толтыру.

3.Сабақ мақсатына оралу. 4.Бағалау. Өзін- өзі бағалау, өзара бағалау. 5.Үй тапсырмасын беру:117 бет, 7- тапсырма

Суреттер

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қол жетімді болды ма?


Бүгін оқушылар нені үйренді?


Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?


Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29 желтоқсан
1169
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі