400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Кітап біздің досымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Кітап біздің досымыз Сынып жетекшілерге арналған тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Кітап – біздің досымыз

Мақсаты :     Білім алушыларды оқулықты     құрметтей білуге, кітапты   күтіп   ұстауға   баулу,   балалардың  кітапқа  деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі :    Кітаптар көрмесі,  «Сауат ашу»,   «Математика»,  «Орыс  тілі» оқулықтарының нұсқалары, кітап туралы жазылған плакаттар, тәрбие сағатының тақырыбы жазылған плакат, тәтті нан, « Қожанасыр »   қоржыны.

    Тәрбие  сағатының барысы:

   ұйымдастыру ;

   Еліміздің  Әнұранының  бір   шумағын  хормен  айту.

I.                  Кітап  қалай  жасалады ?

Мұағалім :Кітап - адамның досы. Оны  жасау  үшін  адам  баласы  көп  еңбек  сіңіреді.  Алдымен   адам  орманнан  ағаш  кеседі.  Оны фабрикаға апарады.  Фабрика  ол   ағаштан   қағаз  жасап  шығарады.  Содан   соң  оны   авторлар  жазады,  суреттер   салады.  Баспахана жазулар мен суреттерді басып, кітап етіп  шығарады.  Жұмысшылар машина  мен  поездарға  тиеп,   ауыл-ауылға,   қала-қалаға  таратады.

Міне,  ол  енді  сенің   қолыңа  тиеді.  Оны  күтіп,  жыртпай    ұста!

Кітап – сенің  сенімді  досың!

     1-ші  бала :

Адамның досы -  кітап, өмір кілті,

Тең  келмес оған  жиған  мүлік.

Ақылшы, жанға серік,  жол бастаушы,

Ақыл - ой  қазынасы, өмір көркі.

Тұрады басын құрап әріп неден,

Басталған білім басы Әліппеден.

Қарасақ,  шалқар теңіз түпсіз мұхит,

Оқиық  кітап сырын  ашып терең.

  2-ші   бала :

Кітапты  оқымайды  сыйламаған,

Білімге  жанын  жанып  қинамаған.

Өсірген  кімнің  болсын  ой-өрісін,

Сол  кітап  бек  ақылшы  күнде  маған.

Түлекті  тәрбиелер  кітап-мектеп,

Өседі  сол  кітаптан  бұтақ  көктеп.

Молайтып  ақылыңды  сан  еселеп,

Береді  білім  нәрін  кітап  көптеп.

     3-ші  бала :

Кітаптар - бейне  жапырақ,

Жырлайтын  сырын  өмірдің.

Оқисың  кейде  жаттап,

Көтеріп  күйін  көңілдің.

Айдын  шалқар  кейде  бір,

Кітапты тұнған  көл  дерсің.

Ауадай  қажет  бейне  бір,

Таппасаң   нәрін,  шөлдерсің.

    ІІ  « Қожанасырдың »  қоржынын   келтіру :

 сырттан қолында қоржыны бар бір оқушы сыныпқа кіреді 

    4-ші  бала :  -   Апай!  Қожанасыр  атай менен  қоржынын  беріп жіберді,ішінде тапсырмалары бар.Қазір өзі де келеді. «Мені күтпей, қоржындағы тапсырмаларды орындай берсін» деді.

    Қоржында  ұлы  адамдардың  пікірлері жазылған карточкалар бо-лады. Бастаушы  дауыстап  оқиды.  / демалушылар  қайталап, жатқа оқиды /

     5-ші бала :  -   Білім-- біздің  шамшырағымыз,  кітап-ұстазымыз.

     6-шы бала : - Кітап – ақылыңды  қуаттандыратын құрал.

     7-ші   бала : - Өмірде  ең  жақсы  кеңесші  –  кітап.

     8-ші   бала : - Кітапсыз  үй  – жансыз  дене.

     1-ші бала : - Кітап  -  асып-таспайтын  адал  досымыз.

    2-ші бала : - Кітап – ғажап  дос.Өмірдің қиын сәттерінде сенімді  сырласың  болады, ешқашан  өкіндірмейді.

    3-ші   бала : - Кітап – қоғам. Жақсы  кітап, жақсы қоғам тәрізді

сезім  мен  санаңды  нұрландырады,  көркейтеді.

І. Көрініс

        Оқушы:

Асыл  ойдың  иесі, бар  ғылымның  жүйесі,

Қуанышты  көңілдің,  баспалдағы  өмірдің.

Жан азығым  серігім,  ардақтамас  сені  кім ?

      Кітап :

Күнде  өсіп   көңілім,  көріктеніп  келемін,

Көптің  тауып  керегін,  кезінде  айтып  беремін.

Бірақ  бермес  парқымды,  байқап  жүрмін әркімді.

     Оқушы:

Әсерлемей, асырмай,  айтып  берші  жасырмай,

Жан  азығым, с ерігім,  ренжіткен  сені  кім ?

     Кітап :

Кейбіреулер  ерігіп,  бос  жүруден   зерігіп,

Бетімді менің  ашады,  әңгімеге  басады.

Жолдарымды  сызады,  шырқымды  да бұзады,

Онымен  іс  пітпейді,  беттерімді  бүктейді.

Көп  жерімді  жазады,  қайшыменен қияды,

Налымайын  неге  мен,  бұл  секілді  пендеге ?

     Оқушы :

Сені  сүймес  адам --  аз,

Ақылды   көп,  надан  аз.

Ондайлардан   түңілме,

Сені  сыйлар   түбінде. 

 

II.               Көрініс

Математика :    Ей,  тұрсаңшы !  Қайда  келдік ?   Тірімісің  өзің ?

Ана  тілі :  Ой,  мазамды алма, бүйткен тірлігің құрсын. Мұнан  да парақтарым дал-дұл болып желмен бірге ұшып, не өртеніп кеткенім жақсы  еді.

Математика : Не  болып  қалды ? Жалғыз сенің басыңа келді деймісің бұл қасірет. Біздің де көрген қорлығымыз аз емес. Биылғы оқу жылында   жөн  сұрасайық.  Кімсің өзің ?  Сыртың   бүп-бүтін  ғой.

Орыс тілі:  Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтін, ішім түтін. Ана тілі оқулығымын. Мен  үшін авторлар  түн ұйқысын  төрт  бөліп, қанша

 қызмет  етті  десеңші. Сонда  кім  үшін ?  Балалар оқысын, сауатын ашсын,  адам  болсын  деген  ізгі  ниет еді  ғой.  Мен  де  қолымнан келгенше  өз   бойымдағы  білімімді  беріп,   балаларды адамгершілікке, парасаттылыққа  тәрбиелеуге тырыстым.  Сонымен  күнім  не болды ?  Сорыма қарай Самат деген баланың қолына түсіп, бір жыл бойы осындай күйге ұшырадым.  Қайтейін, өткен күнім есіме түссе, сай – сүйегім  сырқырайды.

Сауат ашу : Тұрыңдар, достар! Мені ұстаған Дәуренбек  деген  бала бар. Сол  сендерді бүтіндейді, құдайым  Самат пен Айдос сияқтылардан  сақтасын.  Келесі  оқу  жылында Дәуренбек сияқты  балаға  тап болғайсыңдар.

III.           « Кітап» сөзін  5 оқушы құрастырып тұрып, хормен айтады.

Оқы  талмай,  түй  санаңа,  жас бөбек,

Сыр  құямын,  жыр  құямын  бойыңа.

Таза  ұстап,   оқы  мені,  қастерле,

Бар  білімді  мен  егемін  санаңа.

IV.           Тәрбие сағатын қорытындылау:

Мұғалім :

Бәрін,  бәрін  білесің,  оқи  берсең   кітапты!  Көп  оқысаң,   көп білесің...

Өзім пісірген  тәтті   нанымды  үлестіріп,  тәтті нанның дәмі сендер-

дің  кітапқа деген құштарлықтарыңды арттырсын деген ниетімді білдіремін.

        Ү. Балалар  оқулық,  оқу  құралдары  туралы  өлеңдер  оқып, ма-

қал-мәтелдер  айтады, жұмбақтар  шешеді.  2018-2019 оқу  жылында   кітаптарын  күтіп  ұстауға  уәде  береді.

        ҮІ.Отанымыздың  Әнұраны  хормен  орындалады.

                      Тәрбие   сағаты   аяқталды



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
1351
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі