Бектенова Асем
Халыбековна
Казталовка ОЖББ мектебінің бастауыш сынып
мұғалімі
Батыс Қазақстан облысы, Казталов
ауданы
Пәні: әдебиеттік
оқу
Сабақтың
тақырыбы: К.Кәрібаев «Әке
жыры»
Сабақтың мақсаты:
-
Оқушыларды К.Кәрібаевтың «Әке жыры» өлеңімен
таныстыра отырып, өлеңдегі негізгі ойды ашу.
-
Оқушылардың сөйлеу тілдерін, түсініп алу дағдысын
қалыптастыру, дүниетанымдарын, оқу дағдыларын, шығармашылық
қабілеттерін дамыту.
-
Оқушылардың әкеге деген сүйіспеншілігін арттырып,
өз отбасын, үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: жаңа
сабақ
Сабақтың
әдісі: сұрақ-жауап, топтық, СТО
стратегиялары, жаңа әдістер
Көрнекілігі:
интерактивті тақта, стакандар,
оқулық, постер,видеороликтер
Пәнаралық
байланыс: математика, дүниетану, қазақ
тілі,музыка
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
(шаттық шеңберін құру)
Әсем гүлдей сүйкімді біз
баламыз,
Алдыменен сәлем беріп аламыз.
Озық оймен, ынта, жігер,
талаппен,
Білім нәрін бойға жинап аламыз.
-Балалар, бізде қазір қандай сабақ? (әдебиеттік
оқу)
-Алайда мен сендерге
математикадан мынадай есеп жасырғым келеді. Көшеде екі бала, екі
әке келе жатыр. Көшеде неше адам келеді? Олар
кімдер?
(Ендеше, бала, әке, ата тобына бөліне
қояйық).
-Рахмет, балалар. Орындарыңызға отыра
қойыңыздар.
ІІ. Үй тапсырмасын
тексеру.
-
Жоспарды ретімен орналастыр.
«Орнын тап» әдісі
-
Жоспар бойынша әңгімеле.
«Серт» мәтінін «Мен бастаймын, сен жалғастыр» әдісі арқылы
әңгімелеу.
Үй тапсырмасын бекіту
(сұрақтар қою) интервью әдісі
ІІІ. Қызығушылықты ояту
- Балалар, сіздер алдыңғы сабақта өткен «Әке
тәлімі» мәтінінде әкесі баласына нені үйретті? Ал «Серт» мәтінінде
ше?
-
Көрдіңдер ме, балалар, әкелер
үнемі біздерді жақсылыққа баулиды екен. Ендеше, балалар, бүгін де
біздің сабағымыз әкелерге арналады. Бүгін біздер К.Кәрібаевтың «Әке
жыры» өлеңімен танысамыз.
(дәптерлерін ашып, күн жадын, тақырыпты
жазу)
ІV. Мағынаны
тану.
-Балалар, біздер бүгінгі сабақ
барысында жігіт адамның үш жұрты болады. Сол атаулармен таныс
боламыз. Рухани жаңғыру аясында ұлттық санамызды, дәстүрімізді
ұмытпай, әкелерді, үлкендерді сыйлау біздің
міндетіміз.
- Әке деген кім? (Ролик
көрсету)
- К.Кәрібаевтың өмірі және
шығармашылығымен таныстыру.
К. Кәрібаев ( 1931-1967)
жылдары өмір сүрген. Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында
дүниеге келген. Ақын, жазушы. Көптеген өлеңдерін балаларға арнаған.
«Балдырған» журналында қызмет
атқарған.
Оқулықпен жұмыс.
-
Өлеңді оқу, талдау. (Өз жұрты
туралы таныстыру)
(суреттер бойынша туыстық атауларды
атау)
2) Тізбектей
оқыту
«Суперәке» ролик көрсету.
(нағашы жұртпен
таныстыру)
(суреттер бойынша туыстық атауларды
атау)
Пікірталас. «Ағаш тостақ»
видеоролик» көрсету
(қайынжұрттағы туыстық
атаулармен танысу)
Топтық тапсырма.
«Бала» тобы – өлең
шығару
«Ата» тобы – Мақалдар
жазу
«Әке» тобы – өлеңді құрастыру.
(мозайка)
(топтардың жауабын тыңдау)
Ән «Әке туралы жыр»
V. Ой толғаныс. «Стакандағы
сөздер»

Сөздерді стаканға сал.
Сары- Қайынжұрт атауына
орай
Жасыл – Нағашы жұрт
атаулары
Қызыл –Өз жұртыңның
атаулары
Үйге тапсырма.
-
Өлеңді жаттау.
-
«Менің әкем» эссе
жазу.
Бағалау.
Еңбек етті тамаша,
Бүгін жақсы балалар.
Қойылады оларға,
Төмендегі бағалар.
«Ата» -5 (Мен сабаққа өте
жақсы қатыстым. Өзіме ризамын)
«Әке» -4 (Мен белсенді
қатыстым. Алайда өзіме көңілім
толмады)
«Бала» -3 (Мен бүгінгі сабақта
өзімді көрсете алмадым)