Материалдар / Ашық сабақ Климат және ауа райы 1 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Климат және ауа райы 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жыл мезгілдерінің атауларын ажыратады.Жыл мезгілдеріне байланысты ауа райының өзгеріске ұшырайтынын біледі. Ауа райына сәйкес киіну қажеттігін түсіндіреді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2021
836
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Бекітемін:

Пән: Дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4 бөлім. Бізді қоршаған орта

Сынып: 1 «Б»

Мектеп: №16 мектеп-лицей

Мұғалімнің аты-жөні: Берденкулова Айнур



Сабақтың тақырыбы:

2.2. Климат және ауа райы


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.2.1. ауа райының адамға және оның іс-әрекетіне әсерін анықтау.

1.2.3.1. жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктерін анықтау.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындайды:

1.Жыл мезгілдерінің атауларын ажыратады.

2. Жыл мезгілдеріне байланысты ауа райының өзгеріске ұшырайтынын біледі.

3. Ауа райына сәйкес киіну қажеттігін түсіндіреді.

Көптеген оқушылар орындайды:

1.Ауа райының ерекшелігіне байланысты тиісті шартты белгілерді таңдайды.

2. Жыл мезгілдеріне орай адамдардың тіршілік көзін анықтайды.

Кейбір оқушылар орындайды:

1. Жыл мезгілдеріне байланысты табиғатта бос уақытты өткізуді жоспарлайды.


Бағалау критерийлері

1. Ауа райының әсері туралы әңгімелейді.

2. Әр жыл мезгіліне орай бос уақытты жоспарлайды.


Тілдік мақсаттар


Негізгі сөздер мен сөз тіркестері

Жыл мезгілдері, ауа-райы.

  • Жыл мезгілдері- времена года-seasons;

  • ауа-райы- погода-weather;

  • қыс-зима-winter;

  • көктем-весна-spring;

  • күз-осень-autumn;

  • жаз-лето-summer.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Ауа райы дегеніміз не?

- Бүгінгі ауа райы қандай?

- Сендерге қандай ауа райы ұнайды?

-Ауа райы туралы біз қайдан естиміз?

- Біз неліктен ауа райын алдын ала білуіміз керек?


Құндылықтарға баулу

Күнделікті ауа райын бақылауға үйрету.

Бос уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.


Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, АКТ


Бастапқы білім

Жыл мезгілдерінің атауларын біледі.


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

40 минут

Сабақтағы жоспарланған іс -

Әрекет

Ресурстар




Сабақтың

басы

4 мин


Оқушылардың назарын сабаққа аудару мақсатында шаттық шеңберін құруға шақырамын.

Шаттық шеңбері

Табиғатым тамаша

Көз тоймайды қараса.

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса.

Сәлем саған, Жер -ана,

Сәлем саған, нұрлы Күн!

Топқа бөлу: Суреттерді таңдау арқылы 4 топқа бөлінеді.

Қар Жаңбыр Жел Бұлт

Проблемалық сауал қою:

-Біз неге "Қар","Жаңбыр","Жел","Бұлт"деген топтарға бөліндік деп ойлайсыңдар?


Шаттық шеңбері







Суреттер: қар, жаңбыр, жел, бұлт.









Сабақтың ортасы

30 мин

Ұжымдық жұмыс

-Ауа райы дегеніміз не?

- Бүгінгі ауа райы қандай?

- Сендерге қандай ауа райы ұнайды?

-Ауа райы туралы біз қайдан естиміз?

- Біз неліктен ауа райын алдын ала білуіміз керек?

Бейнежазба арқылы қар, жаңбыр, боран, жел, найзағай, құйын және т.б табиғат құбылыстарын көрсету. Бейнежазбадан көргендерін ұжымда талқылайды,ауа райы құбылыстарын жыл мезгілдеріне топтайды.Мысалы:Қыс мезгіліне боран,қар,бұршақ тән.Көктемге күн күркіреу,жаңбыр,найзағай тән т.с.с.

Кері байланыс:

Тағы басқа қандай ауа райы түрлерін білеміз?

Сендерге қандай жыл мезгілі ұнайды? Неліктен?

Бағалау: Мадақтау арқылы

Топтық жұмыс:

Оқушыларға жыл мезгілдері бейнеленген суреттер таратып беріледі.Әр топ суреттегі мезгілді атайды,үш тілде айтады.Әр топ жыл мезгілінің біреуін сипаттайды.Жауап бергенде өз өмір тәжірибелерін қолдануға болады.Топ кем дегенде бес құбылысты анықтауы керек.Мысалы, "Қар"тобы:Суретте қыс мезгілі бейнеленген.

Қыс-зима-winter.

Қыста қар жауады.Өзендегі су мұз болып қатады. Суық болады.Үйге от жағады.Адамдар жылы киінеді.

1. Жыл мезгілін атап, үш тілде көрсету.

2. Бес құбылысты анықтау.

"Қар"тобы "Жаңбыр"тобы "Жел"тобы "Бұлт"тобы


Кері байланыс: - Төрт мезгілді бір сөзбен қалай атайды ?

-Әр жыл мезгілінде ауа райы қ алай өзгереді?

-Адамдар әр жыл мезгілінде немен айналысады?


-

Бағалау: "Екі жұлдыз,бір ұсыныс"

Оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы бірінші мәтінді оқу.

"Қар"тобы оқиды.

Жыл мезгілдері-жылдың төрт кезеңі.Олар :қыс,көктем,жаз және күз.Жылдың әр мезгіліне сәйкес ауа райы да өзгеріп тұрады.

Сергіту сәті. "Қимылмен көрсет"

Әр жыл мезгілінде қандай ойын ойнайтынын бір топ қимылмен, ыммен көрсетеді. Келесі топ табады.

Оқулықтаёғы екінші мәтінді оқу. "Жаңбыр"тобы оқиды.

Жазда суға шомылып,доп қуып ойнаған жақсы.Серуенге шыққан да пайдалы.Қыста шанамен сырғанап,коньки тепкен қызық.Бұлтты күндері үйде кітап оқып,шахмат ойнап,сурет салған дұрыс.

Ауа райы ережесі."Жел"тобы оқиды.

Ауа температурасы ,бұлт,жауын-шашын,жел -мұның бәрі ауа райы деп аталады.

Шартты белгілер

Жұптық жұмыс:

Сөздерді шартты белгілермен сәйкестендір.

׃ ׃ жел

ашық *

бұлтты O

жаңбыр ●

қар

Кері байланыс: - Шартты белгілер не үшін керек ?

-Шартты белгілерді біз қайдан көріп жүрміз?

Бағалау: Смайлик

Дәптермен жұмыс

Ауа райын бақыла

Бір күнгі ауа райын бақыла

Шартты белгілерді пайдалан

Кестені толтыр

Қалай киінген дұрыс?

Заттар мен киімдерді ауа райына қарай сәйкестендір

Егер ауа райына сәйкес киінбесе не болады? Жаз.

Кері байланыс жүргізу

Бағалау: Жұлдызша

"Сен білесің бе?"айдары."Бұлт"тобы оқиды.

Еліміздің аумағы өте үлкен.Бір күнде еліміздің солтүстігінде суық болса,оңтүстігінде жылы болуы мүмкін.

Интербелсенді тақта





Ауа райы - [Alakaytv] 1:48



















Суреттер: жыл мезгілдері.





















Оқулық







Ойын суреттері













Оқулық







Оқулық





Шартты белгілер

























Жұмыс дәптері

















Жұмыс дәптері


Сабақтың соңы

6 мин















Жеке жұмыс: Қалыптастырушы бағалау



Бағалау критерийлері

Жыл мезгілдерін атайды.

Бос уақытын жыл мезгілдеріне қарай қалай өткізетіні туралы әңгімелейді


Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Қолдану

Тапсырма.Жыл мезгілдерін ата.. Жылдың әр мезгілінде бос уақытыңды қалай өткізесің? Әңгімеле.

Дескриптор

- жыл мезгілдерін атайды;

- жылдың әр мезгіліндегі бос уақытын өткізу мүмкіндіктері туралы әңгімелейді.

Кері байланыс: - Қай жыл мезгілі ұнайды?

-Әр жыл мезгілінде бос уақытты қалай өткізесің?

-Немен шұғылданғың келеді?

Рефлексия: "Көңіл -күй" әдісі

-Бүгінгі ауа райы қандай?

-Ал сабақ қалай өтті?

-Сабақ соңында көңіл-күйің қандай болды?

-Сәйкес келетін суретті белгіле.


Түсіндім Сұрағым бар Түсінбедім











Қалыптастырушы бағалау парағы






































Әр түрлі көңіл-күйдегі бұлттар суреті









Саралау

Бағалау


Денсаулық және

қауіпсіздік техникасын сақтау




Қабілеті жоғары оқушыларға:


Қыс мезгіліндегі бос уақытына жоспар құру.


Қабілеті төмен оқушыларға:


Жыл мезгілдерін ойын түрлерімен сәйкестендіру.

"Екі жұлдыз,бір ұсыныс"- оқушылар өзге топтардың жұмысына өз ойын ашық айтуға машықтандыру мақсатында қолданылады.

"Бас бармақ" – оқушыларды ынталандыру мақсатында қолданылады.

«Смайлик» оқуға деген қызығушылықты арттыру мақсатында қолданылады.

Партада түзу, дұрыс отыру;

басқаларға кедергі жасамау.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!