жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Климаттың адамзат тіршілігі мен шаруашылығына әсері" 8 сынып
23.11.2018ж |
География |
8 «А» сынып |
||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы:
|
Климаттың адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері Адамзат әрекетінің атмосфераға тигізетін кері әсері |
|||||||||||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
8.3.2.5 климаттың адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсеріне баға береді (жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде) |
|||||||||||||||
Сабақ нәтижесі:
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Қазақстан аумағында климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері туралы мағлұмат алады Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
|||||||||||||||
Бағалау критерийі |
. Тақырыптың мазмұнын түсінді. Климаттың адам өмірі мен шаруашылық әрекеттеріне тигізетін әсері туралы қалыптастырады . Картамен жұмыс істеу шеберлігін арттырады .
|
|||||||||||||||
Тілдікмақсаттар |
Сабақ барысында қолданылатын сөздермен жұмыс жасау |
|||||||||||||||
Құндылықтар |
Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық, құрмет, азаматтық жауапкершілік |
|||||||||||||||
Жаһандықазаматтыққатәрбиелеу |
Бейнебаяндағы байланыс туралы сөйлесу. |
|||||||||||||||
АКТ дағдысынқолдану |
Интербелсенді тақта аудиовизуалды материалды демонстрациялауға қолданылады. |
|||||||||||||||
Алдыңғы оқу |
Сүйіспеншілік – сүйсіну |
|||||||||||||||
Сабақтың жоспары |
||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
||||||||||||||
Басталуы 5 минут |
Бағалау парақшасымен таныстыру Топтарға бөлу. Мозайкаі әдісі бойынша, сурет арқылы сыныпты топқа бөлу Оқушылардың мұндағы мақсаты суреттер арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу. Композициялық талдау жасау арқылы сұрақ жауап өткізу Үй тапсырмасын кайталау Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы оқушылар өзі бір- біріне қоя отырып өткен сабақ туралы не білгендерін ортаға салады
1) Қазақстан аумағында ауа температурасының таралуына қандай факторлар әсер етеді? 2) Қазақстан аумағында орташа жылдық температураның таралуы, оның себептері. 3) Суық және ең жылы айлардағы ауа температурасының таралу заңдылығын қалай анықтауға болады? «Сұрақ менен жауап сенен», сұрақ-жауап жұмысы Қазақстанда жыл бойында жауын-шашын қалай таралған? Себебін түсіндіріңдер.
|
Тапсырманы орындаған әр балаға конфеттер беріп отырамын. |
||||||||||||||
Жаңа білім 10 минут
|
Климаттың ауыл шаруашылығына тигізетін әсері. Көп жағдайда бір дақылдларға жылу, екіншілеріне ылғал,үшіншілеріне жарық көбірек қажет. Республиканың солтүстік және орталық аудандарындағы климат жағдайлары егін шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік береді, ал оңтүстік аудандарда суармалы егіншілік дамыған. Бірақ климат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетіне барлық уақытта қолайлы емес. Қолайсыз, тіпті зиянды атмосфералық құбылыстарға қуаңшылық, аңызақ,үсік,көктайғақ, шаңды дауылдарды жатқызуға болады. Қазақстанның климаты жалпы құрғақтығымен ерекше көзге түседі. Әсіресе оңтүстікте жаз өте ыстық болады. Құмның беті 60º-70ºС-қа дейін қызады. Мұндай климат жағдайы солтүстік аудандарда да жиі болып тұрады. Құрғақ ауаның пайда болуы күшті қызған және тропиктік ауа массасының басым болған кезімен байланысты. Оған ылғалы аз, ыстық құрғақ жел- аңызақ тән. Аңызақ желді күндердің ұзақтығы табиғат зоналарында түрліше болады; Дала зонасында жылына 5-10 күн, Шөлейт зонасында-40, Қызылқұмда-100 күн. Қазақстан жерінде соңғы 20 жыл ішінде қуаңшылық 4рет болды. Қуаңшылық пен аңызаққа қарсы күресу үшін қар тоқтату, орман алқаптарын отырғызу, жер суару және т.б. арнайы агротехникалық шаралар қолданылады. Республиканың халық шаруашылығына қолайсыз атмосфералық құбылыстардың бірі- көктайғақ(көк мұз), не аязды ауа райынан кейін сіркіреме жауын жауғанда қалыптасады. Әдетте көктемде және күзде ауа райы салқындап, жер беті 0ºС-қа дейін суынып, мөлдір және көгілдір жұп- жұқа (5мм) мұз қабыршақтарымен жабылады. Мұндай құбылыс мал шаруашылығына, адам баласына зияны үлкен, транспортта апаттар, байланыс және энергия желілерінде үзілістер туғызады. Көктайғақ республиканың оңтүстік және орталық аудандарында жиі байқалады. Солтүстік аудандарда көктайғақ сирек байқалатын құбылыс.
|
Оқулық, мәтіндер. |
||||||||||||||
Ортасы 10 минут
|
Топтарға мәтінді бөліп беру.Мәтіндерді өз бетінше оқып, талқылайды, жаңа мағлұматтармен толықтырады.Суреттерге түсініктемелер береді. 1-ші топтың мәтінмен жұмысы Қазақстанның климаты жалпы құрғақтығымен ерекше көзге түседі. Әсіресе оңтүстікте жаз өте ыстық болады. Құмның беті 60 -70 градусқа дейін қызады. Құрғақ ауаның пайда болуы күшті қызған және тропиктік ауа массасының басым болған кезімен байланысты. Оған ылғалы аз, ыстық құрғақ жел - аңызақ тән . Аңызақ желді күндердің ұзақтығы табиғат зоналарында түрлеше болады. Дала зонасында 5-10 күндей, шөлейт зонасында 40 күн, шөл зонасында яғни Қызылқұмда -100 күн . Қазақстан жерінде қуаншылық соңғы 20 жылда 4 рет болды. Орта Азия мен Иранның үстінде қалыптасқан тропиктік ауа массалары көбіне республикамыздың оңтүстік аймақтарында жоғары температура қалыптастырып, өз кезегінде жерді құрғатып жібереді. Қуаншылықтың ауыл шаруашылығына әкелетін зианы көп, жем-шөп қоры кеміп, екпе дақыл өнімдері азаяды. 2-ші топтың мәтінмен жұмысы Қазақстанда жылдың жылы мезгілінде байқалатын ерекше атмосфералық құбылыстың бірі-- шаңды дауыл. Олар желдің жылдамдығына және топырақ жамылғысының сипатына тығыз байланысты. Шанды дауыл ауа құрғақ кезде , борпылдақ топырақты алапта соғатын қатты жел. Олар топырақтың ұлпаларын ұшырып, өсімдік тамырларын ашып тастайды, ауыл шаруашылығына көп зиян келтіреді . Қазақстанның дала зонасында орташа есеппен жылына 20-38 күн шаңды дауыл болады. Республиканың оңтүстігінде құмды шөлдерде, Балқаш көлінің оңтүстігіндегі шаңды дауыл 55-60 күн болады . Жылдамдығы 15- 20 м / сек-тан немесе сағатына 72 км / сағ-тан асатын қатты соққан желді дауыл деп атайды.Көлдерде балық аулауға кедергі етеді, жол қатынасын қиындатады. 3-ші топтың мәтінмен жұмысы Табиғат - адамзаттың тіршілік ететін ортасы, сондықтан оның көптеген сүраныстарын қанағаттандыратын шикізат көзі болып саналады. Қоршаған ортаның табиғат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетінің түрін анықтайды. Сонымен қатар қоршаған орта адам денсаулығына да әсерін тигізеді. Ауаның тазалығы , қоршаған ортаның басқа құрам бөліктеріндегі тепе-теңдіктің сақталуы адамның жұмыс қабілетіне, ұзақ өмір сүруіне жағдай жасайды. ТАмаша табиғат ,таза климат адамның күш- қуатының қалпына келіп, тынығуына көмектеседі.Ядролық жаылыстар, ұшырылған зымырандар, заводтардан шыққан қалдықтар атмосфераны ластап климаттың өзгеруне алып келді Ал климаттың өзгеруі адамның денсаулығына кері зардабын тигізуде. 3-ші топтың мәтінмен жұмысы Сыртқы апаттарға көбінесе адам әрекеті себепші болады. Республикамыздың таулы аудандарында сел,қар көшкіндері құбылыстары байқалады. Біздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс биік аймақтарда 2724 мұздық бар.Осылардың еруінен және қардың қалын түсуіне байланысты күшті сел тасқындары болып тұрады. Апатты сел тасқындары 1921 жылы Алматыда , 1963 жылы Есікте, 1977 жылы Медеуде , 2010 жылы Қызылағаштағы су тасқыны зор материалдық және адам шығынын әкелді. Мұндай құбылыстар мал шаруашылығы мен адам өміріне тигізер әсері бар, транспорттық апаттар , байланыс және энергия желілеріне үзілістер туғызады. Айналмалы бекеттер әдісі арқылы өздерінің идеясына сүйіне отырып , мәтінді толық менгеруін көздейді . Кестемен жұмыс.
|
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер
|
||||||||||||||
Сергіту сәті 2 минут |
«Қыдырып қайтайық!» би билеу
|
Оқушылар би билеп сергіп қалады. |
||||||||||||||
Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут |
Картамен жұмыс :
5. Құндылықтар спекторы : Жаңа тақырып бойынша меңгерген құнды білімдері мен пікірлерін айту
БББ кестесі
|
|
||||||||||||||
Бағалау
5 минут
Кері байланыс 3 минут |
|
Кері байланыс кемесі |
||||||||||||||
Қосымша ақпарат |
||||||||||||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
||||||||||||||
|
|
|
|
||||||||||||||
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||||||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген