Сабақтың
тақырыбы:
1000-ға,
10000-ға
көбейту және бөлу
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
Оқушылармен санның разрядтық құрамы
туралы білімдерін пысықтау.
Дамытушылық:
Оқушылардың ауызша және жазбаша есептеу
дағдыларын, логикалық ойлауы мен білімін
дамыту.
Тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың
өз бетінше және топпен жұмыс істеу
дағдыларын арттырып, математикалық ой
– өрісін кеңейту.
Тәрбиелік:
Балаларды білімділікке, адамгершілікке,
жолдастық қарым- қатынасқа
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі:
Саяхат сабақ.
Сабақтың
әдіс-тәсілдері : топтастыру,
іздендіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс
істеу, бекіту.
Сабақтың
көрнекілігі:
Бекеттер, поезд, слайд,
билеттер,үлестірмелі дидактикалық
материалдар.
Жоспар:
І.
Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.
Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ.
Жаңа сабақ.
ІҮ.
Жаңа сабақты бекіту.
Ү.
Қорытындылау, бағалау.
ҮІ.
Үйге тапсырма.
Сабақтың
барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй
тапсырмасын тексеру:
Білімді
жан-жақты тексеру кезеңі.
Оқушылардың
білімді белсенді меңгеруге дайындау
кезеңі.
М:
балалар, қазір қандай сабақ?
О: Математика
М:
Математика сабағында «математика еліне»
саяхатқа шықсақ қалай қарайсыңдар?
О:
Шығайық
М:
Жолда бізге көптеген тапсырмалар мен
есептер кездеседі. Ал сендер оларды
орындауға дайынсыңдар ма?
О:
Дайынбыз.
М:
Жақсы, ендеше саяхатқа немен шығамыз
деп ойлайсыңдар?
О:
Поезбен
М:
Тәуелсіздігімізге 27
жыл толуына орай еліміздің қалаларын
аралаған «Тәуелсіздік поезды» бүгінгі
біздің саяхатқа баратын көлігіміз.
Көлік сапарға дайын.
-
Бірақ поездге міну үшін біздерге не
қажет?
О: Билет қажет
М:
Олай болса
кассаға
келіп
билет алыңдар .Қандай нөмерлі билет
алдыңдар сол нөмерлі вагонға барып
отырыңдар
Құрметті
жолаушылар сіздерге :
«Сәт
сапар!» тілейміз
Жолаушы,
азаматтар
«Інжу» мектеп- гимназия
бекетінен «Тәуелсіздік поезды» қозғалғалы
тұр,сақ болыңыздар!
Поезд
«Іргетас» бекетіне келді.
«Іргетас» бекетінде берілген өлең
жолдарын оқып көңіл-күйлеріңізді
көтеріңіздер.
Кел,балалар,
ойнайық.
Ойнайық
та, ойлайық.
Қандай
есеп болса да.
Шешпей
оны қоймайық.
Алға
қарай самғайық,
Екілікті
алмайық.
ІІІ.Жаңа
сабақ
1.Поезд
жүріп «Қабырға» бекетіне келді.
М:
Балалар,бүгін 10-ға, 100-ге көбейту және
бөлуді үйренеміз.
Бірінші
тапсырма : Амалдарды орындау.
№1
тапсырма үш вагонға бөліп беріледі.
«Қабырға» бекетінің тапсырмаларын
орындайды
І-вагон
(27+15)
:6+8*5=
ІІ-вагон
(82-74):2*7+7*4=
ІІІ-вагон
(91-83)*3:4=
Әр
топтан бір оқушы орындап, дұрыс жауабын
слайдтан тексеру.
М:
Енді келесі бекетке жылжып көрелік.
3.Поезд
қозғалып келесі «Терезе» бекетіне
келеді.
10-ға,
100-ге көбейту және бөлуді үйренеміз.
М:
Терезе
бекетінде не істедік?
О:
10-ға, 100-ге көбейту және бөлуді
үйрендік
4.Поезд
жүргелі тұр сақ болайық! Жолаушы азаматтар
«Тәуелсіздік поезды»
«Есік»
бекетіне келіп тоқтады
Сергіту
сәті: «Пішіндер»
әні
«Есік»
бекеті алғыс айтуда.
5.
«Тәуелсіздік поезды» математика әлеміне
саяхатты жалғастыруда.
Поезд
қозғалады келесі «Шатыр» бекетіне
келеді.
№4
тапсырма
1
– вагонға --------- 2-вагонға -------- 3-вагонға
.
9*10=
7*100= 8*10 =
10*9=
100*7= 10*8=
90:9=
700:7= 80:8=
90:10=
700:100= 80:10=
6.Поезд
1-ші жолдан қозғалғалы тұр сақ болыңыздар!
«Тәуелсіздік поезды» «Құбыр» бекетіне
келді. №5 тапсырма есепте ауызша орындау.
7
.
Поезд қозғалып «Ағаш» бекетіне келіп
тоқтады. Есепті оқыту, талдау, шартын
құру, шығару.
Бір
оқушы тақтаға а-нұсқасын, екінші оқушы
тақтаға б-нұсқасын орындайды.Орнында
отырғандар ә, в-нұсқасын ауызша
орындайды
Келтек
ағ- 10см
Тақта-400см
? есе ұзын
Ш
:
400:10=40
8.Поезд
тағы да жолға шықты. Поездымыз «Білімді
балалар» бекетіне келіп тоқтады. Есепті
оқыту, талдау, шартын құру, шығару.
Қайтты-10
ав
Қыз-15
Ұл-23
? бала оралды.
Ш:
(15+23)*10=380
9.
Поезд қозғалып «Күн» бекетіне келіп
тоқтады.
Амалдарды
орында
Поезд
мектеп бекетіне оралды. Тәуелсіздік
поездымен математика елінің бекеттерін
аралап тапсырмаларын орындап есептерін
шығардық. Енді әр бекеттен алған
әсерлерімізді жинақтайық.
1-бекеттен
Ірге тасы берік қаланған елді көрдік.
Олардан іргетас әкелдік.
2-бекеттен
Төрт құбыласы тең елді көріп, олардан
төрт қабырғасын алдық
3-бекеттен
Басқа елдермен терезесі тең елді көріп,
олардан терезелерін әкелдік.
4-бекеттен
Есігі ашық қонақжай елді көріп, олардан
есік алдық
5-бекеттен
Төбеміз көкке жетіп тең болдық, олардан
үйдің төбесін алдық
6-бекеттен
Түтіні түзу берекелі елді көрдік. Олардан
түтінімізді шығардық
7-бекеттен
Жайқалған жасылелді көріп, ағаш
ектік.
8-бекетте
Білімді балаларды көрдік.
9-бекетте
Аспан ашық бейбітшілік елді
көрдік
10-бекетте
Жарқыраған күнді көрдік.
Сонымен
әр бекеттен жинаған әсерімізді жинақтай
отырып өзімізге үй
құрастырдық.
Мектеп бекетінде берілген өлең жолдарын
оқып, оқушыларды бағалайық.
ҮІ.Үйге
тапсырма: 63бет
№5 ә есепте.