жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Көбелек"
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс- қызметі:Музыка
Тақырыбы: « Көбелек» әні
Мақсаты:
Өткен әнді еске түсіру.Көбелек туралы
түсінік беру.Бейнелі ойлауын,зейінін,қиялын
қалыптастыру арқылы ертегілер әнін
үйрету.
Музыканы есінде сақтап, оны
қимыл арқылы және де ырғақты аспаптарда
ойнап, қызығушылықтарын арттыру. Әнді
табиғи, жұмсақ дауыспен, еркін айтқызуға
шеберліктерін қалыптастыру.
Әдіс – тәсілдер:Мнематехника әдісін қолдану,кубизм әдісі,
сұрақ – жауап,әңгімелесу,ойын,түсіндіру,сипаттау.
Көрнекілігі: суреттер,көбелектің суреті,ойыншықтар,интерактивті тақта.
Оқу іс- қызметінің кезеңдері |
Музыка жетекшісінің іс - қызметі |
Балалардың іс - әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық
Ұйымдастыру ізденістік
Рефлексиялық түзетушілік |
Балаларды залда әсем әнмен қарсы алу.Балаларды шаттық шеңберге тұрғызу.Балалар бүгін бізде ерекеше оқу қызметі бүгінгі оқу қызметімізге көптеген қонақтар келді.Келген қонақтармен амандасу. Дөңгеленіп тұрайық, Шеңберді біз құрайық. Күннің көзі ашылып, Көкке шуақ шашылып. Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті. Амандасу үлкенге-тәрбиенің басы ғой Ал,кәнеки,бәріміз: «Сәлем» дейік үлкенге
-Ал, балалар,бәріміз бүгінгі оқу іс-қызметінің алдында шеңбер құрып,сергіту жаттығуын жасап жіберейік Армысың жарқыраған күн! Армысың жер ана! Армысың көгілдір аспан! Армысың жан досым! Жылуыма жылу қос, Міне менің қолым. -Жарайсыңдар балалар! Балаларды орындарына отырғызу.
Балаларды орындарына отырғызып жаңа оқу іс-қызметіне әзірлеу. -Балалар бүгінгі оқу іс-қызметімізді бастамас бұрын Өткен әндерді еске түсірейік.Алдыңғы оқу қызметінде біз балалар «Балабақша бағында» әнін өткен болатынбыз.Ендеше барлығымыз есімізге түсіріп бір қайталап алайық. -Жарайсыңдар балалар! Бізде бүгін ашық оқу іс-қызметі өтіп жатыр. -Қазір жылдың қай мезгілі? Дұрыс балалар ! -Балалар бүгінгі жаңа оқу қызметін бастамас бұрын мен сендерге бір жұмбақ қоямын сонын жауабын тапсандар бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы ашылады. Қаны жоқ,жаны бар,гүл іздеп сабылар. Дұрыс балалар! Дұрыс жұмбақтың жауабы көбелек екен.Бірақ бізде қыс мезгілі болғандықтан көбелектер болмайды, олар жаз мезгілінде ұшады.Балалар енді мұнда қарайық.Көбелек түрлерін слайд арқылы тамашалайық.Слайд көру,түрлеріне тоқталу.Ол ұшады,қонады,қанатын ашып қонады,көбелектер гүлді шаңтозаңнан тазартады,күн ыссылығынан қорғайды.Тек олар қысқа өмір сүреді екен. -Енді сендерге бір әңгіме айтып берейінші.Бір ертегі елінде көп әдемі гүлдер өсіп жатыр екен.Сол жерде көбелек өмір сүреді екен.Балалар көбелек әдемі,ол нәзік.Балалар көбелекті ертегілер еліндегідейшақырып көрейік.Мүмкін көбелектер бізге ұшып келер. Қане бәріміз бірге:Көбелек,көбелек, Біздің баққа қона кет. Залға көбелек боп киінген қыздар кіреді. -Енді осы әдемі көбелектердің әсем биін тамашалайық. Би билеу: «Көк көбелек» -Балалар біз көбелек туралы біраз нәрсе білдік енді бізге кім көбелек туралы тақпақ айтып береді. Тақпақтар айту: 1.Көк көйлек,көк көбелек, Көздері дөп-дөңгелек. Гүл көрсе күлімдейді, Қолыма ілінбейді Көк шөптің арасынан. Түр-түсі білінбейді.
2.Көбелек-ау көбелек, Әдемісің гүлдейсің. Ұстап сені не керек, Ойнамайсың күлмейсің. «Қызыл гүлім» әніне сергіту сәтін жасау. Интерактивті тақтадан.
-Жарайсыңдар балалар!
-Олай болса балалар бүгін біз «Көбелек»әнімен танысамыз.Әнімізді айтпас бұрын осы әннің сөздерімен танысайық.Тақтаға назар салайық балалар. -Балалар қане осы көбелек әнін айтайық, сосын әуенімен мен айтам содан кейін бәріміз қосылып айтамыз.Даусымызды жаттықтырып алайық.Ноталардың аттарын айтайық.
«Көбелек» Музыкасы:М.Әубәкіров Сөзі: Ж Смақов 1.Ақ қанатты көбелек, Көк қанатты көбелек. Қызыл қанат көбелек , Бақшамызға келе кет. Қайырмасы: Көбелек-ау,көбелек Бақшамызға келе кет. 2.Гүлдер,гүлдер көктесін, Көбелектер көп келсін. Гүл қанатты көбелек, Бақшамыздан кетпесін. Қайырмасы: Көбелек-ау,көбелек, Бақшамызға келе кет. -Балалар әнді барлығымыз хормен айттық енді жеке, жеке айтамыз қане тақтаға кім шығып айтқысы келеді? -Балаларға әнді айтқызу.
-Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? -Бүгін біз қандай әнмен таныстық? -Дұрыс балалар! Орнымыздан тұрып сергіту сәтін жасайық Ойын : «Сиқырлы текше» Ойын шарты:Көңілді әуен ойналады.Жетекшіжәне балалар шеңберге тұрады.Текшені бір біріне қолдарына беріп тақпақ айтады. -Алма кетті домалап, -Көше бойын жағалап, -Кім алманы табады, -Сол ойыннан шығады. Қай баланың қолында текше қалып қойса,сол бала текшені ортаға лақтырып жібереді.Жетекші сол текшедегі көбелектің қимылдарын айтады соны текшені ұстаған бала орындайды.\Көбелектің ұшуы,гүлді иіскеуі,қанатын қағуы,гүлге қонуы\
Енді бүгінгі оқу қызметін қортындылап балалар бүгін сендер жақсы қатысқандарың үшін сендерге әдемі сурет берем балалар. Балаларды мақтау,мадақтау. Балалармен қоштасу. Сау болыңдар балалар!
|
Балалар шаттық шеңберге тұрып қонақтар мен, ән жетекшісімен, амандасады.
Жетекшімен бірге қайталайды.Балалар ән жетекшісін мұқият тыңдайды.
Сергіту жаттығуын жасайды. Балалар орындарына отырады
Балалар жетекшіні мұқият тыңдап оқу қызметіне дайындалады. Өткен әндерді қайталайды,естеріне түсіреді.
-Қыс мезгілі деп жауап береді.
-иа деп жауап береді -Көбелек деп жауап береді балалар.
-Балалар слайдтан көбелектерді тамашалайды.
-Балалар жетекшінің әңгімесін мұқият тыңдайды.
-Көбелек киімін киген қыздар би билейді.
-Балалар тақпақтарын айтады.
-Сергіту сәтін жасату.
-Әннің сөздерімен танысады.
-Дауыстарын жаттықтырады.
-Балалар әнді жетекшімен қосылып бірнеше рет қайталайды.
-Балалар жеке шығып ән айтады.
-Ойын ойнайды.
Балалар жетекшінің түсіндіруіне мұқият назар салып тыңдайды.
-иа ұнады. -көбелек әнімен таныстық.
-Балалар жетекшімен қоштасады.
-Балалар сергіту сәтін жасайды.
-Дауыс жаттығуын айтады.
Балалар әнді тыңдайды.
Балалар ойынның шартымен танысады.
-Иа ұнады. -Ойыншықтар.
-Ойыншықтар әлеміне бардық. |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген