400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Көбею" 9сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұрықтану, көбею жайлы білімдерін жетілдіру
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мектеп

«Маралды орта мектебі»КММ

Күні


Мұғалімнің аты-жөні:

Қаирбаева Динара

Сынып 9

Барлығы -10 Қатысқандар – Қатыспағандар -

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

9.4 Көбею

Сабақтың тақырыбы:

Контрацепция және оның түрлері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.2.1.5 Контрацепцияның маңызы мен түрлерін түсіндіру.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: Контрацепцияның түрлері мен маңызы туралы түсіну.

Оқушылардың басым бөлігі: Контрацепцияның түрлеріне және олардың маңызын ажыратып, талдау.

Кейбір оқушылар: Контрацепцияның өмірдегі маңызына баға беру.

Бағалау критерийі

Контрацепцияның түрлерін, өмірдегі маңызы мен мүмкіндіктерін сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар ... істей алады

Контрацепцияның қажеттілігін анықтайды. (оқылым)

Контрацепцияның түрлерін ажыратады, маңызын түсіндіреді. (айтылым- тыңдалым),

Контрацепцияның әртүрлі түрлерінің тиімділігі мен қауіпсіздік деңгейі арасындағы тәуелділікті анықтайды, талдайды (жазылым)

Пәнге қатысты сөздер мен сөз тіркестері Контрацепция, спермицидтер, мүшеқап, диафрагма , стерилизация (Вазэктомия), түсік тастау (аборт) , жатырішілік шиыршық(спираль).

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған тармақтар:

Контрацепция туралы білуім керек, өйткені ... .

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Контрацепция негізгі үш себеп бойынша артықшылығын айта аласыз ба?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Контрацепцияның жеке отбасы, ел, жалпы дүниежүзілік халық санын реттеудегі рөлін бағалай аласыз ба?

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының 3-ші құндылғы «Зайырлы қоғам және жоғары руханият» құндылығындағы білім беру, денсаулық сақтау және мәдениеттің ұлттық жүйесін табысты дамытудың ең маңызды шарты негізінде денсаулықты және мәдениеттілікті сақтауға тәрбиелеу.

5-ші құндылығы «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» кұндылығындағындағы отбасы тұтастығын сақтауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Химия «Бейорганикалық және органикалық заттардың қолданылуы», медицина, география 8сынып «Демографиялық көрсеткіштер мен демографиялық жағдай»

Алдыңғы білім

8.2.3.1 эмбриондық даму кезеңдерін сипаттау

8.2.3.2 әр түрлі ұрық жапырақшаларынан қалыптасатын ұлпалар мен мүшелердің диффузиялануын сипаттау.

9.2.1.3 жыныстық жетілу кезеңіндегі екінші реттік жыныстық белгілердің дамуын сипаттау.

9.2.1.4. менструалдық цикл мен экстроген мен прогестеронны

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5-7 минут

Сәлемдесу, түгендеу

Жағымды психологиялыұ ахуал қалыптастыру

«Көрші»

Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,

Біз үлкен отбасы.

Шағын топтарға топтастыру

« Қорапшадағы сандар» бойынша топқа топтастыру

Үй тапсырмасын тексеру

Тапсырма 1.

Биологиялық ұғымдарды тыңдай отырып дұрыс бұрыстығын шартты белгілермен өрнекте.

Шартты белгілері: дұрыс-∩ , Бұрыс- ─

1.Менсруация уақытша тоқтап қалуы(аменория) болуы мүмкін.+

2.Төртінші фаза овуляцияға дейінгі кезең -

3.Жалпы овуляция 28 күндік менструация циклінің 8-ші күні -

4.Овулция уақытын ағза температурасынөлшеп білуге болады.+

5. Жүкті болу гормоны- прогестерон (прогестон) +

6.Ұрықтануға ең қолайлы уақыт овуляциядан бастап 24 сағаттан кейін болады.-

7.Экстроген – әйел гормоны+

8.Физиологиялық ауытқу шегі 11 күннен 15 күнге дейін.-

9.Прогестрон гормоны жүктілікке әсері жоқ-

10. Экстрогендер фолликулаларда қалыптасады+

Жауабы ∩--∩∩-∩--∩

Қолданылатын әдіс-тәсіл: Сызықтық биологиялық диктант.

ҚБ: дұрыс жауаппен өз жауабын салыстырады, өзін-өзі бағалайды «+,- »


Көршілер қимыл – қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды


Оқушылар қорапшадан өздері алған сан бойынша топтарға бөліну.


Сабақтың ортасы

20-22 минут

Тапсырма 2.

Берілген мәтіндерді «INSERT» әдісімен сүзіп оқу арқылы негізгі ұғымдарды меңгеру.

Жариялау» әдісі

(Әрбір топ берілген тапсырма бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 минут) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)

Қолданылатын әдіс-тәсілдер «INSERT» «Жариялау»

Дескриптор

- Берілген мәтіндерді «INSERT» әдісімен сүзіп оқу алады.

- топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде топ ұстанымын жеткізе алады.

Тапсырма 3. Контрацепция негізгі үш себеп бойынша артықшылығын ҚҚҚ әдісі бойынша сипаттап айтыңыз.

Дескриптор

Контрацепция негізгі үш себептерін ҚҚҚ әдісі бойынша артықшылығын анықтай алады.

Қолданылатын әдіс-тәсіл:ҚҚҚ( құнды, қиын,қызықты)

ҚБ: « +, - » керемет


Тапсырма 4.

Котрацепцияның тапсырмаларын оқып шығыңыз, негізгі ұғымдарды анықтап, қима қағаздар арқылы жүйелеп байланысын көрсетіңдер.

1.Котрацепцияның әдістері

2. Тиісті препараттар

3. Манипуляциялар

Тірек сөздер -Гормондық препараттар,кедергі келтіретін, диафрагмалар, спермицидтік көпіршіктер,гормондық, пасталар, гельдер, губкалар, мүшеқаптар, табиғи және физиологиялық.

Дескриптор

- негізгі ұғымдарды анықтайды.

- қима қағаздар арқылы жүйелеп байланысын көрсетеді.

Қолданылатын әдіс-тәсіл: Дамино

ҚБ: дұрыс жауаппен өз жауабын салыстырады, бірін - бірі бағалайды.






Қосымша1













Қосымша1










Қосымша 2

Сабақтың соңы

минут

Тапсырма 5. Контрацепция жеке отбасы,ел,жалпы дүние жүзілік, халық санының реттелуіндегі ролі қандай?

Дескриптор Халық санының реттелуіндегі маңызын сипаттайды.

Қолданылатын әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап

ҚБ: «екі жұлдыз бір тілек»

Тапсырма 6. Қызыл лента әдісі

Контрацепцияның өмірдегі маңызына көзқарасыңыз қандай?

Келісемін Келіспеймін Маған бәрі бір.

Дескриптор Контрацепцияның өмірдегі маңызына көзқарасыңыз саралайды.

Қолданылатын әдіс-тәсіл: Қызыл лента, «Форум» пікір талас

ҚБ: өзін-өзі бағалайды «+,- »


Кері байланыс « Пирамида» әдісі

-Есте сақтау керек бір маңызды мәлімет

-менің білгім келген екі мәлімет

-Мен білген үш мәлімет

-Мен үйренген төрт мәлімет


Үй тапсырмасы

1.Котрацепцияның түрлері мен нақты препаратта және манипуляция арасындағы байланысты «Семантикалық картаға» түсіріңдер.










Қосымша 3









Қосымша 4






Қосымша 5

Қосымша ақпарат



Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Саралау сыныптағы оқушылардың қабілеті,білім деңгейлері әртүрлі болғанда қарапайым, орта, жоғары деңгейлі тапсырмаларды мөлшерлеп беру арқылы сабақтың тиімділігін арттыру.

Барлық оқушылар контрацепцияның түрлері мен маңызы туралы түсіне алады,ал оқушылардың басым бөлігі: контрацепцияның түрлеріне және олардың маңызын ажыратып, талдау жасайды,кейбір оқушылар: Контрацепцияның өмірдегі маңызына баға береді.

Сыныпты топқа бөлуде құрылымдалған топ құрылады.

-үй тапсырмасын тексеру кезінде «Сызықтық биологиялық диктант» әдісі қолданылады.

Белсенді oқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін («Сызықтық биологиялық диктант», Жаңа тақырып «INSERT», «Жариялау» әдіс, «Дамино», «Қызыл ленета» әдіс-тәсілдері бойынша тaпсырмaлaр oрындaлaды.

Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырысыз?

Дарынды және талантты балаларға кеңейтілген тапсырма беру

Сабақ барысында критериалды бағалау жүйесі бойынша тапсырмалар беріліп, дескриптор арқылы бірін-бірі, өзін-өзі , топтық бағалайды.

Ал тапсырмаларды орындау кезінде қалыптастырушы бағалау бойынша оқушылардың іс – әрекетін бағалау жүреді. Бағалау сабақтың әр кезінде қолданылады сабақ бaсындa «+,-»,« бірін-бірі», «жұптық» бaғaлaу әдісі қoлдaнылaды.

Сaбaқтың oртaсындa дұрыс жауаппен өз жауабын салыстырады, бірін - бірі бағалайды.

Сабақ мазмұнын толық ашу үшін «+,- » әдісімен өзін-өзі және дайын жауап арқылы жұптық бағалау, «екі жұлдыз бір тілек» бойынша бағалау әдісі қолданылады.

Кері бaйлaныс -«Дамино», «Форум» шағын пікірталас әдісі бoйыншa жүзеге aсaды.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




Адам денсаулығын артық препараттарды, түрлі заттарды қолданудан, жеке бас гигиенасын сақтау.ҚЕ-ні сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарларынан ауытқулар болды ма және неліктен?










Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқу мен оқытуға қатысты)

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқытуды да оқуға қатысты)

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып н емесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?













Косымша1

Контрацепция-ұрыктану, яғни жүкті болу үдерісінің алдын алуға бағытталған шаралар.

• Контрацепция – бұл үнемі және кездейсоқ жыныстық өмір барысында қалаулы емес жүктіліктен сақтану.

Дүниеге сәби әкелуі болашақ ата-ана саналы түрде таңдауы керек.

Олар болашақ баланы тәрбиелеуге және оған қамқор болуға толық жауапкершілікті сезінулері керек. Заманауи әлемде әртүрлі жағдай кездеседі. Кейбір отбасы тіпті ел, өңір үшін қажет емес жүктілік проблемасы өткір мәселе болып отыр.Одан халық шамадан тыс көптігі әлеуметтік –демографиялық проблемаларды туындатады. Сонымен қатар көптеген жеке отбасы үшін күткен жүктіліктің болмау проблемасы бар.

Кез келген жағдайда контрацепция түсік жасатуға (аборт)–жүктілікті тоқтатуға болама? Дегенге жауап болып табылады.

Контрацепция негізгі үш себеп бойынша бәрінен де артығырақ болып табылады.

1)контрацепция шаралары әйел ағзасына аздап зиян келтіреді, оның жағымсыз жағдайы аз;

2)этикалық жәнедіни көзқарас тұрғысынан түсік жасатудан айырмашылығы болашақ бала өмірін жою ретінде қарастырылмайды.

3)түсік жасатудан айырмашылығы котрацепция жеке түрлері не медициналық, не қандай да бір қосымша қамтамасыз етуді қажет етпейді

Контрацепция жаратылымға қарсы уақытша түрде спериматозоид пен аналық жыныс клеткасы кездесу мүмкіндігін, яғни ұрықтануды болдырмауға бағытталған әдіс. Тұрақты ұрықты болдырмау әдісімен (стерилизиция) салыстырғанда контрацепцияны еш қосымша әдістерсіз тыюға болады. Содан кейін ұрықтану да, қалыпты жүктілік пен туылу да бола береді.

Контрацепцияның түрлері:

Контрацепцияның түрлері:

Ішілетін құрама контрацептивтер
Иньекциялық контрацептивтер
Имплантанттар
Әйелдің стерилизациясы
Вазэктомия (еркектердің стерилизациясы)
Презервативтер (мүшеқаптар)
Жатырішілік заттар
Қынаптық әдістер (диафрагмалар және жатыр
мойны қақпақшасы)

Манипуляция 1. жалғандық, кулық жолымен фактілерді ауыстыру.

1.Контрацепцияның табиғи әдістері. Олар мүмкін делінген ұрықтану мерзімдерін есепке алу және осы күндері жыныстық қатынастарды болдырмауға негізделген. Ең сенімді әдіске жыныстық қарым-қатынастың болмауы жатады.Адамзаттың бүкіл тарихында әйел ағзасында жұмыртқа жасушасының 4 партеногенетикалық даму жағдайы белгілі.Бірақ олардың барлығы ұрықтың 16-17 апта мерзімінде ішкі себептерге байланысты өліммен аяқталды.

2. Кең таралған әдіске қарым –қатынасты тоқтату жатады.Бұл кезде сперматазоидтар әйел ағзасына енбеуі керек.

3.Физиологиялық әдістер тобы күнтізбелік немесе температуралық әдіс деп аталады. Ол ұрықтануға едәуір қолайлы менструация циклін анықтаудан және бұл күндері қарым-қатынасқа түспеуден тұрады. Барлық физиологиялық әдістер әйел ағзасына да, ер ағзасына да мүлдем қауіпсіз. Бірақ жыныстық қарым –қатынас болмауынан барлық әдістерде ұрықтану ықтималдығы 20% құрайды.

Кедергі келтіретін әдістерге Механикалық әдіс, олар қолданылатын ерлер презервативтері, әйелдер қалпақшалары немесе жатыріші спиралдары.Оларды пайдалану кезіндегі жүкті болу ықтималдылығы әр түрлі факторларға байланысты және 10% дан аспайды. Әр түрлі «мембраналар», «диофрагмалар» , тампондар мен химиялық заттары бар және жоқ губкалардың тиімділігі әртүрлі. Бұл кезіндегі жүкті болу ықтималдылығы орташа 3%-дан 25%-ға дейін құрайды.

Едәуір тиімді әдісі жатыріші спиралдар жатады, олардың ықтималдылығы 3% ті құрайды.

Гормоналды контрацепция немесе пилюлялар мен таблеткалар (түймедақтар).Препараттарды бүкіл цикль уақытында да, жыныстық қарым-қатынастан кейін де тікелей қабылдау керек. Едәуір қауіпсіз және тиімді әдіске ұзақ уақытқолданылатын препараттар жатады. Олардың ықтималдылығы 1-3% ті құрайды.

Бұл препараттар құрамына және қолдану әдісіне байланысты бөлінеді.

-құрама(құрамында экстроген және тестоген бар)



Қосымша2

2. Тиісті препараттар


3. Манипуляциялар


Гормондық препараттар


Гормондық




Пасталар


Губкала


Контрацепция әдістері


диафрагмалар


кедергі келтіретін


спермицидтік


көпіршіктер гельдер


Мүшеқаптар


Табиғи және физиологиялық

1.Котрацепцияның әдістері

Қосымша 3

Келісемін Келіспеймін Маған бәрі бір

Қосымша 4

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
1887
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі