15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Көжек (ертегі)
3 «Ә» сынып
Пән: Әдебиеттік оқу
Сабақтың
тақырыбы: Көжек (ертегі)
Сабақтың
мақсаты:
1.
Білімділік:
«Көжек» ертегісінің мазмұнын түсініп
оқу, негізгі ойды анықтау.Түсінгенін
жүйелі түрде баяндау.
2.
Дамытушылық:
Оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын
дамыту, шығармашылық қабілеттерін
жетілдіру.
3.
Тәрбиелік:
Оқушыларды туған жерін сүюге, қорғауға
тәрбиелеу, жануарларға қамқорлық
жасауға, аялауға баулу.
Сабақтың
түрі:
жаңа сабақ
Сабақтың
әдісі:
мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ - жауап.
Сабақтың
көрнекілігі:
суреттер, интербелсенді тақта.
Пәнаралық
байланыс:
дүниетану, қазақ тілі.
Сабақтың
барысы:
I.
Ұйымдастыру кезеңі.
1)
Оқушыларды сабаққа дайындау.
2)
Психологиялық дайындық:
Ана тілі –
өлеңімнің бастауы,
Ана тілі – өмірімнің
асқары.
Ана тілі – Абай тілі, ұлы
тіл,
Намысты бол қазағымның жастары-
демекші, балалар бүгін өз білімізді
көрсетейік.
II.
Үй тапсырмасын сұрау:
1)
- Иса Байзақов кім?
( Байзақов Иса -
қазақтың халық ақыны, әнші, домбырашы,
сазгер)
2) Шумақ бойынша тізбектей мәнерлеп оқу.
- Бұл өлеңде қандай тау туралы айтылған?
-
Алтай тауы туралы айтылған.
-
Қазақстандағы тағы қандай тауларды
білесіңдер?
(Алатау, Қаратау, Тянь -
Шань)
-
Алтай тауында қандай жануарлар бар
екен?
( Бұғы, марал, киік, аю, қабылан,
құлан, елік, ешкі, қасқыр, түлкі )
Балалар
осы жануарлардан басқа тағы қандай
жануар бар екенің сөзжұмбақ
шешу арқылы анықтайық.
III.
Жаңа сабақ:
«Көжек»
ертегісі , мақсатымыз
ертегіні
түсініп, негізгі ойды анықтау.
- Көжек деген ненің баласы?
- Қоянның баласы.
- Көжек қандай аң?
Ж: Көжек қорқақ аң.
- Жауларынан қалай қорғанады?
Ж: Жыл мезгіліне қарай терісі өзгеріп тұрады.
- Көжектің қандай пайдасы бар?
Ж: Етін жейміз, терісінен киімдер тігеміз.
IV.
Мәтінмен
жұмыс:
1)
Мәтінді 3 бөлікке бөліп оқыту.
Бөлік бойынша сұрақ қою.
- Неліктен көжекті шаруа үйіне алып келді?
Ж:Себебі, селкілдеп, дірілдеп мұзда жатқан соң жаны ашыды.
Бөлікке ат қоямыз. Шаруаның көжекті тауып алуы.
Сөздік жұмыс.
Пұштиған – бұл кішкентай деген мағынаны береді.
Бір шыбын жанды – қорыққан деген мағына береді.
2) Бөлікке оқыту. Бөлік бойынша сұрақ қою.
- Көжек неге қашып кетті?
Ж: Себебі, шаруаның балалары маза бермеді.
Бөлікке ат қоямыз. Көжектің қашып кетуі.
3) Бөлікке оқыту Шаруа мен көжектің соңғы сөзін тауып оқыту.
Бөлік бойынша сұрақ қою.
- Шаруа неге ашуланды?
Ж: Себебі, көжек өз туған жеріне қашып кете берді.
- Неліктен көжек қашып кете береді?
Ж: Себебі, мұз да болса,туған жері ыстық болды.
Бөлікке ат қоямыз. Туған жеріне оралуы.
- Осы бөліктегі туған жерге деген сүйіспеншілікті неден көруге болды?
V.
Сергіту сәті
Ұзын
құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы
қырлы жерлермен
Ытқып, ытқып
жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын
сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі
екен өзінің.
Ертегінің ішінен.
1) Шаруаның көжекке аяушылықпен айтқан сөзін білдіріп тұрған сөздерді тауып оқыту.
2) Көжектің қорқынышты халі суреттелген жерді мәтіннен тауып оқыту.
3) Көжектің сөзін тауып оқыту.
- Жат жерде көзге түрткі болып өлгенше, мұз да болса, анамның тапқан жерінде өлемін! –депті. Әр адамның өзінің туып өскен жері ыстық болады.
Дұрыс айтасыңдар өзге елде сұлтан болғанша өз еліңде ұлтан бол дегендей әр адамның өзінің туып өскен жері ыстық.
Балалар өз туған жер жөнінде мақал-мәтелдерді білесіңдер?
«Жалғасын тап» ойның ойнаймыз.
Мақал
– мәтелдің жалғасын табу:
Отан оттан
да... (ыстық)
Отансыз адам -... (ормансыз
бұлбұл)
Туған жердің күні де
ыстық,........ (түні
де ыстық)
Туған
жердей ел болмас,
.............................
(Туған елдей ел болмас)
Туған жердің...
( қадірін )
Шетте жүрсең... ( білерсің
)
Тағы да қандай мақал - мәтел білесіңдер?
Дәптермен жұмыс.
Өздеріне ұнаған бір мақал-мәтелді дәперлеріне жазындар.
Осы ертегіден қандай ойға келдіңдер.
ҮI. Сабақты қорытындылау:
- Сонымен балалар, адам баласына шынында да өзі туып-өскен өлкеден қымбат ештеңе жоқ екен. Адам ғана емес, барша тіршілік иесі- аң- құс бәрі де туған жерін аңсап сағынады екен. «Әркімнің өз жері- жұмақ» деген мақал осыдан айтылса керек.
ҮII. Үйге тапсырма: Туған жер туралы мақал - мәтел жаттау. Осы ертегіні түсініп оқып, мазмұндау,ертегідегі көжектің суретін салып келу.
VIII.
Оқушыларды бағалау:
Бүгінгі
сабаққа белсенді қатысқандарың үшін
сендерге мынадай
«Шуақты күн» төсбелгісін сыйлаймын.
7.
Дәптермен жұмыс:
- Жат жерде көзге
түрткі болып өлгенше, мұз да болса,
анамның тапқан жерінде өлемін! – депді.
-
Көжектің айтқан сөзіне әр оқушы өз ойын
жазады.
«Автор орындығына» отырып
оқиды.
8. Оқушылардың шығармашылық
жұмыстары:
І топ:
«Туған жердің
ыстығы – ай» – топтастырады.
ІІ
топ:
Туған жер туралы өлең
құрастыру:
(Төмендегі шумақтар арқылы
өлең құрастыру)
--------------------
жер,
--------------------
жер.
--------------------
-------------------- жер.
ІІІ
топ:
Мақал – мәтелдің жалғасын
табу:
Отан оттан да... (ыстық)
Отансыз
адам -... (ормансыз бұлбұл)
Туған жердің
күні де ыстық,........ (түні де ыстық)
Туған
жердей ел болмас,
.............................
(Туған елдей ел болмас)
Туған жердің...
( қадірін )
Шетте жүрсең... ( білерсің
)
Тағы да қандай мақал - мәтел
білесіңдер?
9. Сабақты қорыту:
-
Ертегіден қандай ой түйдің? Бізді неге
үйретеді?
- Осы ертегідегі туған жерге
деген сүйіспеншілікті неден көруге
болады?
« Туған жер « туралы өлең
тыңдату.
- Өздерің туған жер туралы
қандай өлеңдер білесіңдер?
10. Үйге
тапсырма:
Ертегіні оқу.
Ертегі
мазмұнына сай сурет салу.
11. Оқушылардың
білімін бағалау.
Сабақтың
мақсаты: Оқушыларға Иса Байзақовтың
өмір жолынан мәлімет беру. Алтай өлеңінің
мазмұнын ашып түсіндіру.
Сабақтың
міндеттері:
Білімділік: Алтай жерінің
сұлу табиғатын, кен байлықтарын және
ақын өлеңіндегі бейнелеуіш сөздермен
түсіндіру
Дамытушылық: Мәнерлеп
оқуға машықтандыра отырып, өлеңді талдай
білу дағдыларын, сөйлеу, ойлау қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларға
эстетикалық тәрбие беру, туған жер
табиғатына деген сүйіспеншілікке
тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі:
Алтай тауының суреті, сызба – кесте,
автор портреті, интерактивті тақта,
слайдтар
Формасы: Жекелей,
фронтальды
Сабақтың түрі: Поэзия
сағаты
Әдіс – тәсілдер: тренинг,
талдау – жинақтау, шығармашылық, сөздік
жұмысы, өздік жұмыстар, топтастыру
Пәнаралық
байланыс: Дүниетану, бейнелеу өнері,
қазақ тілі, математика
Сабақтың
барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі:
«Психологиялық
тренинг» слайд - 3
II. Сабаққа әзірлеу
эмоциясы: Сабақ эпиграфын айту:
Ұқыпты
– ұтар, Іздеген – табар,
Оқыған –
озар, Еріншек - тозар
III. Үй
тапсырмасын сұрау: С. Мұқанов Көкшенің
кеудесінде - Түсінгендерін сұрау
IY.
Үй тапсырмасын бекіту: слайд - 4
-
Жазушы Көкше табиғатын қалай суреттеген?
-
Осы мәтінді ауыз әдебиет үлгісіне
жатқызуға болама?
- Мәтін авторы
кім?
- Сәбит Мұқанов туралы не
білеміз?
Y. Жаңа сабаққа дайындық
эмоциясы: - Сабақтың тақырыбы мен мақсатын
хабарлау
«Табиғат – туған үйіміз»
деген үлкен тараудың шығармаларының
бірі И. Байзақовтың Алтай өлеңін
өтетінімізді хабарлай отырып, ақынның
қысқаша өмір баянымен таныстыру.
слайд
– 5
Байзақов Иса - (1900 - 1946 ж)
Павлодар
облысы, Ертіс ауданы, Үлгілі ауылында
туған.
Қазақтың халық ақыны, әнші,
әртіс, домбырашы, композитор.
Семейдегі
жұмысшылар факультетін, Орынбордағы
қазақ халық ағарту институтын, Қазақ
педагогикалық институтын бітірген.
Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері.
YI.
Жаңа сабақ «Ассоциациялық аймақ құру»
слайд - 6
- Тау деген сөзді естігенде
алдымен ойларыңа не келеді? слайд - 7
-
Тау суретін көрсету слайд – 8
- Алтай
тауы туралы қысқаша мәлімет беру: Алтай
тау жүйесі - Азия құрлығының орта
тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан
шығысқа қарай 2000 км - ге созылып жатыр.
Алтай солтүстік - батыстан оңтүстік -
шығысқа қарай Батыс Сібір ойпатынан
Гобь шөліне дейін жан - жаққа таралған.
Алтай таулары 4 мемлекеттің шекараласқан
территорияларында орналасқан: Қазақстан
(Кенді Алтай — Шығыс Қазақстан обылысы),
Монғолия (Моңғол Алтайы — Баян - Өлгей
аймағы, Ховд аймағы, Алтай аймағы, Увс
аймағы ) Ресей (Алтай өлкесі, Алтай
Республикасы), Қытай (Шыңжаң - Ұйғыр
автономиялы өлкесінің Алтай
аймағы).
Оқушылардың іздену жұмыстары
тыңдалады. «Қазақстан таулары»
Оқулықпен
жұмыс: - мұғалімнің оқуы; - оқушыларға
тізбектей оқыту; - өлеңді талдау
Сөздік
жұмысы: аясында – бауырында,
құшағында
қиясында – биігінде
өршіл
– биікке құмар
күйік – мұң,
қайғы
Шығармашылық жұмыс: Өлең ішінен
тау сұлулығын бейнелейтін эпитеттік
бейнелеуіш сөз тіркестерін тауып,
дәптерге жазу
Талдау жұмысы: Өлең
бойынша шумақ, тармақ сандарын анықтау
Тез,
ойлан: (Өлең бойынша сұрақ – жауап):
1.
Ақын таудың ең биік төбесін неге
теңейді?
2. Опалған бұлтты кімге және
неге теңейді?
3. Ақшақарды неге
теңейді?
4. Тау сұлулығын кімге
теңейді?
5. Тауды көргенде адамның
көңіл – күйі қандай сезімде болады?
6.
Алтайдың биіктігі туралы ақын не
дейді?
7. Алтай жерінен қандай кендер
шығады?
8. Алтай аясын қандай аңдар
мен хайуанаттар мекендейді?
9. Күзде
тау да қандай өзгеріс болады?
Рефлексия:
Мен қандаймын?
Өзіңізге ұнайтын тау
жануарларынан үш жануарды жазыңыз.
Жауабы:
1. Ортада сізді солай қабылдайды
2.
Басқалардың сіз туралы ойы
3. Сенің
өзің туралы ойың
Өздік жұмыс:
1.
Алтай тауының әсемдігі (Жібектей бұлт,
сұлудай торғын киген, ақша қары ақ
күмістей)
2. Алтай тауының биіктігі
(өршіл биік, бұлттан өзге қона алмаған,
бұлт жете алмаған)
3. Алтайдың аңдары
( киік, арқар, таутеке)
4. Алтайдың кен
байлығы (күміс, алтын, мырыш)
YII.
Бекіту: Жұмбақ шешу, мақал – мәтелді
жазу
Ой – толғау
Мен, Алтай
өлеңін оқып отырып біздің елімізде
Алтай тауының бар екенін білдім. Ол тау
өте биік, әдемі тау екенін байқадым.
Таудың сұлулығы таң қалдырды. Тау
алқабында аю, қабылан, елік сияқты аңдар
мекендейді екен. Алтай жерінен алтын,
күміс шығатынын білдім. Осындай байлықты
мен мақтан етемін. Туған жеріміздің
табиғатын әрқашан қорғап, қамқорлық
жасауымыз керек.
YIII. Үйге тапсырма:
-
Өлеңді жаттау
- Ақтөбе облысындағы
таулар туралы мәлімет жинап, жазу

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген