400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. "Көк аспан " 5- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ тапсырмалары өте жақсы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары (ҚМЖ)


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Аспан әлемінің құпиялары

Мектеп: Сегізсай НОББМ

Күні: 04.04.2019ж

Мұғалімнің аты-жөні: Джакиева Г.А.

Сынып: 5 «ә»

Қатысқандар саны: 16

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы: «Көк аспан»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.3.5.1. –оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу;

Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, және кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу. (05ӘТН2);

Сабақ мақсаттары

Мәтіннің мазмұнын түсінеді, ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпалды ажырата алады;

Негізгі ақпаратты сақтай отырып, жинақы мәтін жазады;

Өз көзқарасын білдіре отырып, дәлелді, жинақы мәтін жазады;

Бағалау критерийлері

Мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Негізгі ақпаратты сақтай отырып жинақы мәтін жазады.

Өз көзқарасын білдіре отырып, дәлелді, жинақы мәтін жазады;

Ілгерінді және кейінді және тоғыспалы ықпалдардың жасалу жолын біледі, ажырата алады.


Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Мәтіннің мазмұнын түсінеді. Негізгі ақапаратты сақтай отырып, жинақы мәтін жазады. Ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпалдардың жасалу жолын біледі.

Пәнге қатысты термин және сөздік қор: көк аспан, ауа қабаты, атмосфера, ашық аспан.

Талқылауға арналған сұрақ:

Ілгерінді ыкпал дегеніміз не? Кейінді және Тоғыспалы ықпал дегеніміз не?

Құндылықтарды дарыту

Ғылыми ізденіске баулу

Пәнаралық байланыстар

Астраномия,бейнелеу өнері, әдебиет

Алдынғы білім

Жер ғаламшар, ай мен күн

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар


Сабақтың барысы


5 минут

Ширату жаттығулары.
«Пазл» әдісі арқылы бөлу. Қима қағаздарды құрастыру арқылы, оқушылар үш топқа бөлінеді.

I топ . «Жұлдыз»

II топ . «Ай»

III топ. «Күн»

Бір, екі үш,

Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийі хабарланады.



Кеспе қағаздар





ортасы/сабақ-тың негізгі бөлімі


15минут

















5 минут
















6минут


























1 минут













6минут



































Сабақтың соңы

2 минут

Оқылым алды тапсырма. Ж.

Мәтінді оқыңдар, жұппен талқыландар.

Оқылым мен жазылым.

Мазмұның түсінеді.

Бір-біріне айтады қысқаша мазмұның айтады.

1.Жұппен жұмыс.

Оқылымнан кейінгі тапсырма.

ТЖ.

2.Топ бойынша негізгі 3 немесе 4 ақпаратты жазыңдар...

3.Негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазыңдар немесе өз көзқарастары бойынша дәлелдемелер келтіре отырып , жазады.

ҚБ. «Екі тілек, бір ұсыныс»

Дескриптор.

1.Мәтінді оқиды.

2.Мәтіннің мазмұның жұбымен отырып, талқылайды.

3.Негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазады, өз көзқарастары бойынша дәлелдер келтіреді.

Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзі.

Төл сөз бен автор сөзі өзара төрт түрлі тәртіппен орналасады.

1.Төл сөз автор сөзінен бұрын тұрады. Мысалы: - Ата-бабамыз ауа райының ерекшеліктеріне қарай жылды төрт маусымға бөлген, -деді Айдана.

2.Төл сөз автор сөзінен кейін ораналасады. Мысалы: Асхат былай деді:

-Ескі ай кетіп, жаңа ай келетін уақыт «өлара» деп аталады.

3.Төл сөз автор сөзінің арасына орналасады. Мысалы: Асылбек те өз ойын ортаға салып:

-Бұл кездері ауа райында өзгерістер болады деп есептеп, күннің суытуын күткен,-деді.

4.Автор сөзі төл сөздің арасына орналасады. Мысалы:

-Түнгі мал күзетінде жүретін көшпенділер,-деді Аружан,-аспандағы Ай мен жұлдыздардың орналасуына қарап, ауа райын болжаған.
2-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі ойды бірінші бағанға, тірек сөздерді екінші бағанға және үшінші бағанға төл сөз бен автор сөзі түрінде екі сөйлем жазыңдар.


Мәтіндегі негізгі ой

Тірек сөздер

Төл сөз бен автор сөзіне екі сөйлем жазу.










Аспан сүті

Айлы түнде бұлтсыз аспанда солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан ақ жолақ көрініп тұрады. Ол «Құсжолы» деп аталады. Оған Күн жүйесі және тағы осындай бірнеше жұлдыздар жүйесі кіреді. Құсжолы күз айларында жақсы көрінеді. Жыл құстары көктемде келгенде және күзде жылы өлкеге қайтқанда осы осы жолдың бағытымен ұшады екен.

«Галактика» сөзі ежелгі мысырлық «гала» - «сүт» деген сөзден шыққан. Бұл галактика «Сүтжолы» немесе «Құсжолы» ретінде әйгілі.

Дескриптор.

1.Мәтінді оқиды.

2. Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.

2.Тірек сөздерді жазады.

3.Төл сөзін автор сөзі түрінде екі сөйлем жазады.

ҚБ. «Мұғалімнің қолпаштауы».

Сергіту сәті. Жұмбақтар.

1.Мекенім көкте екі ару,

бірін-бірі көруге зәру. (Күн мен ай)

2.Бір үйде қос сұлу қыз ағайынды,

екеуі қызықтырған талайынды.

Жүдемес төрт маусымда мұнаймаса,

тұрады нұрға малып маңдайынды. (Ай мен күн)

3.Аспанда бір айна бар,

әлемді көріп айналар. (Күн)

3-тапсырма. Р.Рымбаеваның орындауындағы «Құсжолы» әнін (https:// www.youtube.com/watch?v=FxKFEaVvLds) тыңдап, ән мәтініндегі көтерілген мәселелерді анықтаңдар.

Аспан, аспан шайдай ашық,

Жұлдыз, жұлдыз қандай қашық?!

Құсжолы, ғарыш көкке туған жерден

Телмірем жандай ғашық.

Қолға келіп қонса жұлдыз,

Жанға серік болса жұлдыз.

Ғарышқа қанат қақты туған жерден

Самғап қанша ұл-қыз.

«ПОПС» формуласы бойынша талдау, (қолдау көрсету)

П (Менің ойымша,....)

О (Өйткені,....)

П (Мысалы,....)

С (Қорытындылай келе,...)

Дескриптор.

1.Әнді тыңдайды.

2.Әннің мәтіні бойынша көтерілген мәселені анықтайды, немесе көтерілген мәселелерді анықтай отырып, қосымша мәліметтер келтіреді.

ҚБ. Смайликтер.

















Рефлексия.





Толық ай тақырыпты түсіндім.

Жартылай ай сұрағым бар.

Жаңа туған ай түсінбедім.

Үйге тапсырма. Ғаламтор мен қосымша әдебиеттерден аспан денелері жайлы бір қызық аңыз-әңгіме жазу.

















































































































































































































«Сегізсай негізгі орта білім беретін мектебі» КММ













Тақырыбы: «Көк аспан»

Бөлімі: Аспан әлемінің құпиялары



























Мұғалімі: Джакиева Г.А.

2018-2019 оқу жылы



П (Менің ойымша,..................)

О (Өйткені,...............................)

П (Мысалы,...............................)

С (Қорытындылай келе,...........)







































































Мәтіндегі негізгі ой

Тірек сөздер

Төл сөз бен автор сөзі сөйлемдер



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
56 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
5457
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі