400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Көкөністер"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасайтын психологтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Көкөністер

Нұралы Лаззат Қонақбайқызы,

Қызылорда облысы, Шиелі кенті,

№ 3 Облыстық балалар оңалту

орталығының психологы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: көкөністер жайлы түсінік бере отырып, олардың түрлерімен таныстыру.

Түзете-дамытушылық: ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту .

Тәрбиелілік : әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу, адамгершілік қарым-қатынасқа баулу .

Көрнекілігі: дидактикалық карточкалар, түрлі-түсті жұмсақ қамырлар, көкөністердің муляждары,жабысқақ құрастырғыштар, ғажайып қоржын, «Капитошка» доптары,кинетикалық құмдар .

Ұйымдастыру кезеңі:

Қуан шаттан,

Қуан шаттан,

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң,

Қайырлы күн,

Күліп шықты күн бүгін.

Сабақ барысы

Балалар бүгін біз көкөністермен танысамыз .Бұл –қияр. Қиярдың түсі - жасыл, пішіні- сопақ. Қиярды түрлі салат жасауға пайдаланады. Онда адам ағзасына пайдалы дәрумен көп. Бұл- сәбіз. Сәбіздің түсі -қызғылт сары. Дәмі тәтті. Сәбізді салат, тамақ жасауда пайдаланады. Сәбізде дәруменге бай. Ал бұл- қызанақ . Қызанақтың түсі қызыл,пішіні дөңгелек. Қызанақты тамаққа, салатқа пайдаланады. Картоп. Картоптың түсі қоңыр. Картоптан тамақ жасайды, картоп тамағы дәмді болады. Қырыққабат. Қырыққабат дәруменге бай көкөніс. Оны салатқа , тамаққа пайдаланады.

  • «Көкөністердін жартысын тап» ойыны

Ойынның шарты: қиылған көкөністердін суреттерінің бөлігін тауып, құрастыру .

Ойынның мақсаты : балалардың есте сақтау, ойлау қабілетін арттыру.

Сергіту сәті

Шаршасаңдар балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерiң шынықсын,

Саналарың тынықсын.

• Тақырыпқа сай сюжетті суреттермен жұмыс.

«Көкөністер жасайық» ойыны

Ойынның шарты: түрлі-түсті жұмсақ қамырлардан көкөністер жасау.

Ойынның мақсаты : балалардың ұсақ қол маторикасын дамыту және сенсорлық танымын арттыру .

Тіл ұстарту жатығуы

Яр –яр-яр жасыл түсті қияр

Ақ –ақ-ақ дөп-дөңгелек қызанақ

Із –із-із қазып алдық сәбіз

Оп–оп–оп қуырып жедік картоп

  • Жабысқақ құрастырғыштармен көкөністер жасау

« Ғажайып қоржын » ойыны

Ойын шарты: Балалар қоржын ішіндегі көкөністерді сыртынан ұстап көру арқылы ішінде қандай көкөністер бар екенін табады.

Ойынның мақсаты: балалардың сезу мушесін және ойлау қабілетін дамыту

Сергіту сәті

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Артқа қарай бір адым

Алға қарай бір адым

Жоғары төмен қарайық

Орнымызды табайық

• «Капитошка» әдісімен жұмыс жасау

«Дүкенге саяхат»ойыны

Ойынның шарты: дүкендегі шашылған жемістер мен көкеністерді бөлек себеттерге салу .

Ойынның мақсаты: балалардың есте сақтау, ойлау қабілетін арттыру

Тақпақ жаттау

Көкөністер бәрі де,

Денсаулыққа пайдалы

Мұны жатқа біліңдер,

Оларды жақсы көріндер!

• Тақырыпқа сай сурет бояу

Құммен жұмыс

Тапсырманың шарты: берілген қалыптарды құммен толтырып , әр түрлі бейне жасау

Тапсырманың мақсаты : балалардың ұсақ қол маторикасын дамыту.



Сергіту сәті

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау – басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің – оң қолым,

Мынау – менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

• «Көкөністер салаты» қимыл-қозғалыс ойыны

Ойын шарты: көкөністер балаларға таратылып беріледі. Педагог бір көкөністі атағанда қолында сол көкөнісі бар балалар бір-бірімен орнын алмастырады.

Ойынның мақсаты:балаларды шапшаңдыққа тәрбиелеу

Қорытындылау : балаларды мақтап , мадақтау





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
1070
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі