400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Көксерек" әңгімесі

Материал туралы қысқаша түсінік
М.Әуезовтың "Көксерек" әңгімесі тақырыбында 7-сыныпта ашық сабақ өткізілді. Тақырып бойынша оқушыларға көптеген қосымша мәліметтер беріліп қана қоймай, түз тағылары жайында бейне фильмдер де көрсетілді. Сабақтың мақсаты орындалды. Оқушылардың белсенділігі өте жоғары болды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі

Мақсаты:

Адамдар мен көк бөрінің іс — әрекеттерін саралай отырып, адамзаттың табиғатпен психологиялық тепе — теңдікті сақтау керектігін түсіндіру. Қасқырдың тағылық жолға түсу жолдарын суреттеудегі жазушының шеберлігін тану.

Оқыту нәтижесі:

Топтық жұмыс кезінде, өзара сұрақ қою арқылы, постер арқылы, оқыту барысында диологты атқару арқылы сөйлеу мәнерін жетілдіреді. Бір-бірін тыңдап, ой бөлісе алады.

Түйінді идеясы:

Хайуанатқа жасаған қиянатың,

Адамзатқа жасаған опасыздық

                                                 Қадыр Мырзалиев

Әдіс-тәсілдер:

Топқа бөлу, топтастыру, КУБИЗМ, «Дөңгелек үстел»стратегиясы, «Соңғы сөзді мен айтамын» әдісі, сергіту сәті, постер қорғау

Уақыты

Ресурстар

Сабақтың мазмұны

 

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

5минут

«Адамдар» және «Қасқырлар» кеспе қағаздары

Видео-ролик

Ұйымдастыру. Оқушылар, біз сіздермен өткен сабақтарда әлем мойындаған әйгілі жазушымыз М. Әуезовтің бәрімізге көркем фильм арқылы жақсы таныс, адамзатқа үлкен ой саларлық көркем туындысымен танысқан болатынбыз. Ал бүгін сол алған білімімізді, түйгенімізді жинақтап қорытындылаймыз. Ендеше, қазір бар ынта — ықыласымыз бен назарымызды тақтаға аударсақ.

Ой қозғау (фильмнен эпизод көрсетіледі) 1 минут
Осы фильм мен шығарма арасында қандай байланыс бар?
Міне, осындай өнер туындыларының бізге айтар ойы, көтерген мәселесі қандай? Біз не ұқтық?
Осы сауалдарға жауап іздеу, ой қозғау – яғни шығармадағы түйінді ой, негізгі проблеманы анықтап, кейіпкерлер әлемін болжау, топ болып бірлесіп талдау жасау – бүгінгі сабағымыздың мақсаты деп білеміз.
Әуезовтен бізге жетті көп дерек,
Тұтқын бопты Құрмашжанға Көксерек.
Шуылдасып ауылдың бар иттері
Жабылыпты Көксерекке көп төбет
— Олай болса, біз өткен шығарманың оқиғалық желісі кімдердің арасында өрбиді, кейіпкерлері кімдер?
— Әрине, Көксерек пен оның иесі және адамдар іс — әрекетіне байланысты дамиды. Олай болса, біз қазір «Адамдар» және «Қасқырлар» тобы болып екі топқа бөлініп жұмыс жасаймыз.
«Адамдар» және «Қасқырлар»  Топқа бөлу

«Көксерек» фильмінен үзінді көрседі. Шығарма мен көркем фильм арасындағы байланыс туралы ойларын ортаға салады.

Оқушылар кеспе қағаздарды таңдау арқылы топқа бөлінеді.

20минут

А3 қағазы, маркер, түрлі-түсті қағаздар, сигнал құралдары, көңіл-күйді білдіретін смайликтер

КУБИЗМ

КУБИЗМ әдісі бойынша 6 тапсырмасын екі топқа бөлемін. Кеспе қағазды таңдау арқылы өз тапсырмаларын алады.

СУРЕТТЕ – Көксеректің портретін суреттеңіз
САЛЫСТЫР – Көксерек пен Аққасқаны салыстыр
ЗЕРТТЕ – Жазушының бұл әңгімені жазуына не себеп болды?
ҚОЛДАН –Неге Көксерек адамдар ортасына үйреніп кете алмады? Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге тез бауырласты?
ДӘЛЕЛДЕ –Құрмаштың өліміне кім кінәлі?  
ТАЛДА – Көксеректің қатыгездігін қай тұстарда байқадыңыз?

Әр топ кубик бойынша өздеріне берілген тапсырмалармен жұмыс жасайды, тақырыпқа сәйкес оқушылардың жауабы. Жазған мәліметтерін топта талқылау, топтың атынан ортақ жауап дайындау және постерге дайындық. Жасаған жұмыстары бойынша постер, бағалау.

 

3минут

Қызыл өрік

Сергіту сәті

Билейді, бойларын сергітеді.

7минут

А3 қағазы, маркер, түрлі-түсті қағаздар, сигнал құралдары, көңіл-күйді білдіретін смайликтер

«Дөңгелек үстел» стратегиясы

1.Қасқыр туралы не білеміз?

 Қасқырлар туралы қандай мақал-мәтелдер білесіздер?

 

Берілген сұрақтарға жауап береді. Әр сөйлеуші берілген проблема бойынша өз пікірін, өз ойын бәріне ортақ бір параққа жазады да, келесі сол жағындағы қатысушыға жылжытады, келесі тағы да сол қағазға өз пікірін, өз ойын жазып, қасындағы көршісіне береді, сөйтіп, әрқайсысының қатысқаны белгілі болып тұрады; әр қатысушының өз ойын жазатын өзіне ғана тән қаламының түсі болуы керек.

7минут 

А3, А4 қағазы, маркер, түрлі-түсті қағаздар, сигнал құралдары, көңіл-күйді білдіретін смайликтер

-          Әңгіме қалай аяқталды?

-          Қалай ойлайсыздар, Құрмаштың әжесінің қарғысымен әңгімені аяқтауына не себеп болды?

-          Жазушы неге үндейді?

«Соңғы сөзді мен айтамын» әдісі

-          Құрмаштың әжесінің қарғысымен

-          Бұл әже қарғысы — ...

Оқушылар жауап береді.

Шығармада көтерілген мәселені өлең жолдарымен, нақыл сөздермен, көркем тілмен түйіндейді.

Бағалау

Топ бір-бірін көңіл-күйді білдіретін смайликтермен бағалау

Мұғалім ынталандыру мақсатында түрлі-түсті стикерлермен бағалайды

 

Кейінгі тапсырмалар

Шығарма «Көксерек – табиғаттың тағы перзенті»

                    «А





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
614
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі