400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Көкшетау

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге керекті сабаққа тиісті әдіс -тәсілдерді таба алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Раушан Рысқұлова

Алматы қаласындағы

« КММ №134 »Лицейдің

қазақ тілі пәнінің мұғалімі



Аннотация: Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің тарихын, ата-бабаларының тарихын біліуі және оның жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп қорытынды жасауы, сабақ алуы мақсатында: өзінің кім екнін,қайдан шыққанын тарихибілім мен тәрбиені тығыз ұштастыра отырып,ата-бабалары тарихының жарқынбеттерінен тәлім-тәрбие алып, Отан қорғаушыларды патриоттыққа тәрбиелеуде үлгі берерлік айтулы оқиғалар мен іс-әрекеттермен байланыстырыла сабақ өткізілді.

Бүгінгі 21 ғасырдағы Қазақстан азаматы, өзін-өзі мемлекеттің өкілімін деп санайтын әрбір адам еліміздің мақтан тұтар көркем жері Көкше өңірімен, табиғатымен танысу, және оған өз пікірлерін қоса отырып, тақырыпты жан-жақты дамыта оқуға, сынитұрғыда талдай білуге үйретеді және кеңейтеді.

Сабақта түсіне оқу,өз ойын жүйелі түрде жеткізе білу, топта бірлесе жұмыс жасап, бірлесе шешім қабылдауға және бір-біріне сұрақ қояды,пікірлеседі.

Сондай-ақ,сабақта әдебиет, география, бейнелеу өнері, тарих пәндерімен байланыстыра өткізу барысында оқулық, бейнетаспа,стике, маркер, карта, «Бурабай өңірі » үнтаспа, үлестірмелі кеспелер, смайликтер,бағалау парақшалар, «Кітап »сөздік қоржыны пайдаланады



Сабақтың тақырыбы: Көкшетау

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың әдіс-тәсілдері :жеке, жұптық, топтық жұмыстар, деңгейлік тапсырмалар,сұрақ-жауап

Сабақтың мақсаты /міндеттері:

1)Білімділік: Еліміздің мақтан тұтар көркем жері көкше өңірімен, табиғатымен танысу, және оған өз пікірлерін қоса отырып, тақырыпты жан-жақты дамыта оқу,түсіну.

2) Дамытушылық:өз жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, ойлау және есте сақтау қабілетін дамыту.

3) Тәрбиелік: табиғатты бағалай білуге, қоршаған ортаны қорғау,аялауға тәрбиелеу.

- Оқушының сөйлеу тілін дамыту, мәнерлеп оқуға үйрету және мазмұнын түсіне оқуға баулу;

-Туған жерді қастерлеуге,сүйе білуге тәрбиелеу;

-Өз ойын жүйелі, нақты дәлелдермен жеткізе білуге дағдыландыру, ой-өрісін,

Шығармашылық қабілетін дамыту.

Материалдық-техникалық жабдықталуы:оқулық, бейнетаспа, стикер,бағалау парақшылар, «кітап» сөздік қоржыны.

Пәнаралық байланыс:әдебиет, география,бейнелеу өнері, тарих.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, топқа бөлу, жылы қарым-қатынас орната отырып, олардың оқу әрекетіне деген жақсы көңіл-күйінің қалыптасуына баса назар аудару.


2.Үй тапсырмасын сұрау

1.Қазақстан облыстарының халықның саны туралы әңгімелеу.

2.Қазақстанда неше облыс бар?Қазақстан облыстарын, орталықтарын атап шығу. (қалаларын) (картамен жұмыс)


1.Ұжымдық жұмыс

Бөлімі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

3. Өткен сабақпен байланыстыру




Жаңа сабақ

Миға шабуыл

Қазақстанның қалалары, олардың табиғаты, өнеркәсібі, тұрғын саны туралы сұраймын



«Адасқан әріптер» ойынын ойнату

Сұрақтарға жауап береді, өз ойларын қосады





Оқушылар сабақ тақырыбын адасқан әріптердің шешуін ойланып табады.



4.Сабақтың тақырыбын,мақсатын айқындау

1.Бүгін біз Көкшетау өңірімен танысамыз.Көкшетауды өз көздеріңмен көргендерің бар ма?

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.(дәптерлеріне жаздырту)картадан көрсете отырып балаларға айтқызу.Қазақстанның солтүстігінде Астана мен Көкшетау қалаларының арасында таңғажайып аудан-Көкшетау бар.Бүгін сабағымыз осы табиғаты жан тебірентер аңызға бай «Көкшетау» туралы болмақшы (көрнекілік пайдалану)

2.Бейнетаспадан үзінді көрсету.



3.Сұрақ-жауап әдісін қолданамын.

(сөз, сөз тіркестері, сөйлем құрату)

Оқушылар мұқият тыңдайды.Жаңа сабақтың мақсатын айқындайды.



Оқушылар картадан көрсетеді














Балалар Бурабай табиғатын тамашалайды.

Үзіндіні көріп, тамашалайды.

Қойылған сұрақтарға жауап қайтарады.



5.Түсіну

Жаңа сабақты меңгеру

1.Оқушыларды топқа бөлемін, рет-ретімен отырғызамын.


2.Бағалау парақшаларын таратып, бағалау шарттарын түсіндіремін.


3.Мәтінді мәнерлеп оқытамын, мазмұнын ашу.Топпен таолдау.


Оқушылар жеребе тартады



Бағалау парақшасымен танысады.



Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқиды, топта талқылайды, пікірлеседі.

6.Қолдану, талдау

Дидактикалық материалды топтарға тарату.

1.Сөздік жұмысы (жазбаша)

2. Мәтін мазмұнына байланысты сұрақтар дайындау (жазбаша)



3.Балаларға мәтін таратамын, тапсырманы түсіндіремін.


4.Әр топтың тапсырманы орындауын бақылаймын.I-топ, III- топ оқушыларына қиық сөздерден мәтін жинауға тапсырма беремін.


II-топ оқушыларына мәтіннің мазмұнын сурет салу арқылы көрсетіп,әңгімелеуін талап етемін.

5.Топтық жұмыстың орындалуын тексеремін





Мәтінмен танысу,топтағы жұмысты жоспарлайды, топ ішінде тапсырмаларды бөліседі,жұмыстарды орындайды.

Балалар берілген мәтінге жоспар құрып, әңгімелейді.


Жеке жұмыстардың нәтижесі туралы топ ішінде талқылайды.





Негізгі тапсырманы топ ішінде талқылайды.



Топ жетекшісі жұмыс нәтижесі туралы баяндайды.

7.Сабақты қорыту

1.Сұрақ-жауап «Кім жылдам?» ойынын шартын түсіндіремін.

1.Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?


2.Көкшетау өңірі қайда орналасқан?


3.Халық арасында Көкшетауды қалай деп атайды?


4.Бурабай немен бай?

II. «Көкшетау» сөзін септеу,сөйлем құру (ауызша)

IShape1

көкшетау



ау














II
. «Көкшетау» сөзіне ассоциация






IV.Оқушылардың осы тақырып бойынша сөздік қорын анықтау



Балалар екі топ кезектесіп, жылдам сұраққа жауап береді





















Оқушылар есте сақталған сөздерін постерге жазып, «кітапшаға » салады.

8.Бағалу

Бағалау парағына қорытынды бағасын қоямын

Сұрақ қойып. Жауап беру арқылы өз ойын жинақтап, қорытады (өзін-өзі, топ басшысы топ жұмысын бағалайды)

9.Үй тапсырмасы

Көкшетау өңірі туралы аңыздар жинап келу тапсырма беремін

Күнделікке үй жұмысы жазады,түсінбесе қайталай сұрайды.Жан-жақты ізденеді,ойланады,шығармашылықпен жұмыс жасайды.

10.Рефлексия

Оқушыларға өздерінің сабақтаға көңіл-күйлерін смайликтер арқлы көрсетуді ұсынамын.

Оқушылар смайликтер арқылы өздерінің көңіл-күйін смайлик арқылы көрсетеді.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Гусева Л.А., «Бурабай өңірінің аңыздары », Астана, «Орталық-Азия кітап баспасы »,2013ж.

2.Иванов А.А: ,Косович П:В: , « Бурабай –Боровое (Природа. История.Люди)», Қостанай, «Толмач-Евразия» , 2010.

3.Косович П.В. , «Бурабай » Қысқа туристік энциклопедиясы, Қостонай, «Орталық-Азия кітап баспасы », 2010ж





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 наурыз
563
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі