400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ (Көктем)

Материал туралы қысқаша түсінік
Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстарды, өсімдіктер мен жануарлардағы өзгерістерді бақылап ажырата білуге үйрету, үлкендердің еңбегін бақылау арқылы еңбексүйгіштікке, табиғатты қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Шутирова Эльмира Сахуатоллаевна

Атырау облысы, Индер ауданы, Б.Нысанбаев атындағы орта мектебінің шағын топ тәрбиешісі

Сабақтың тақырыбы: «Көктем »

Сабақтың мақсаты: Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстарды, өсімдіктер мен жануарлардағы өзгерістерді бақылап ажырата білуге үйрету, үлкендердің еңбегін бақылау арқылы еңбексүйгіштікке, табиғатты қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Жылулық шеңбері:

Балалар, «Амандасу-адамгершіліктің,әдептіліктің баспалдағы» сондықтан да алдымен қонақтармен амандасып алайық.

Бақыт деген осы шаттық шеңбері

Қол ұстасып тұрайықшы кел бері

Ауадан қуат алайық,

Алақанға салайық.

Жерден нәр алайық,

Алақанға салайық.

Күннен шуақ алайық,

Алақанға салайық.

Жақсы балалар рахмет өте жақсы.

Ұйымдастыру оқу қызметі кезеңдері:

Қазір жылдың қай мезгілі?

Көктем мезгілінде табиғат құбылыстары қандай болады?

Көктем мезгілінде неше ай бар?

Сұрақ-жауап.

Жұмбақ жасыру:

Аспаннан жаңбыр төккенде,

Қар суы мұзды сөккенде

Шатырдан тамшы тамшылап

Есіктің алдын кешкенде

Бұл қай мезгіл балалар?

Жұмбақты тыңдап ойланады.

Олай болса бүгінгі ұйымдастырған оқу қызметіміздің тақырыбы « Көктем»

Көктем айлары ,табиғат ерекшелігін сұрап әңгімелесу.

Көктем туралы білімдерін көрсетеді.

Күтпеген сәт:

Есік қағылып,басына қызғалдақ,бәйшешек гүлінен қалпақ,үстіне көгілдір көйлек киген Көктем Ару келеді.Балалармен сөйлесіп,өзі туралы жаңа тақпақ үйреткелі келгенін айтады.Р.Қунақова «Көктем» мәтін бойынша жұмыс жүргізіледі.


Көктем келді су ақты

Қырда алғашқы гүл шықты,

Әжем отыр шуақта

Айналдырып ұршықты

Көктем келді оралды,

Қарлығаштар қайтадан

Дала гүлге оранды,

Қарлығаштар айтады ән.

Көктем тақпағын тыңдап, әртүрлі ырғақта айтып,жаттайды.

-Ой, жарайсыңдар бәріңде жақсы айттыңдар Рахмет!

Ал,балалар бәріміз шаршадықпа?

-Иә.

-Олай болса бәріміз орнымыздан тұрып,сергіту сәтін жасаймыз.

Сергіту сәті:

Күн күлімдеп шуақты

Сай-саладан су ақты,

Құстар ұшты қиқулап,

Қанаттарын сабалап

Қызғалдақтар ырғалған

Бәйшешектер жайқалған /Іс-қимылмен кқрсетеді/

Ойын ойнаймызба балалар?

-Иә.

Ойын: «Қызғалдақ теру»

Көктем-Арумен гүл теріп,ойын ойнайды.

Оқу қызметінен алған білімдерін тиянақтап,қорытындылайды.

Қорытынды:

«Біз не білдік?»

Берілген сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білуі керек? Көктемгі табиғат ерекшелігін

Нені игереді? Өлең сөз мәтінін түсініп,есте сақтап,жаттауды

Нені біледі? Көктемнің алғашқы гүлі-қызғалдақ

Осымен бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды.Сіздерге көп-көп рахмет!

Оқу қызметімізге қатынасып отырған ұстаз апайларға сөз кезегі беріледі.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
583
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі