400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Көктем" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Екінші сыныпқа арналған сабақ жоспары.«Көктем» Әр топқа таратылады, оқып шығып мәтін ішінен көктемдегі табиғат құбылыстарын табу Көктем келді. Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Көктемде жер күндіз жібиді, кешке қатады. Өзендерде сең жүре бастайды. Наурыз айында күн көбінесе бұлтты болады. Ағаш бұтақтарында бүршіктер пайда болады. Жыл құстары келе бастайды. Жер беті гүл-бәйшешекке бөленеді. Көктемде шаруа жұмыстары басталады.Көктемде егін, бақша егеді, малдар төлдейді, жәндіктер тіріледі. Адамдар жылы киімдерін тастап, жеңіл киімдер киеді.Көктем мезгілі сондай тамаша!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Көктем.Махмет Түменбаев

Сабақтың мақсаты: Өлеңді талдап, түсіну арқылы айналадағы табиғат, өмірмен байланыстыруға мүмкіндік беру.

Міндеттері: Шығармашылық жұмыстарды оқушының таным деңгейін көтеру, тілін, сөздік қорын дамыту мақсатында пайдалану.

Күтілетін нәтижелер:Пәндік нәтиже: өлең мазмұнын айналадағы табиғатпен, адамдар тіршілігімен, өмірімен байланыстыра талдау.

Жүйелі іс-әрекер нәтижесі: тосын мәселелер арқылы байқампаздық пен аңғарымпаздыққа, шығармашылық икемділікке баулу.

Тұлғалық нәтиже: эстетикалық талғам мен әдеби сөйлеу мәнеріне үйрену; табиғатты сыйлауға, қорғауға дайын болу.

Оқыту тәсілдері: топпен жұмыс, сұрақ-жауап,сын тұрғысынан ойлау.

Көрнекілігі: АКТ, смайликтер, постер, слайд, бағалау парағы,бағдаршам түстері, А4 қағазы.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

1. Психологиялық дайындық

«Сәттілік тілегі» Әр топтағы оқушылар тізбектеп қол ұстаса отырып, бір-біріне тілек айтады.

-Балалар біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ, өйткені бізге қонақтар келіп отыр.

Топқа бөлу. Ендеше қазір суреттер бойынша топтарға бөлініп алайық.

1-топ: Гүлдер 2-топ: Жапырақтар 3-топ: Құстар 4-топ: Жәндіктер

Топ басшыларын сайлап, бағалау парағымен таныстыру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру (Автор орындығы)

«Еңбекпен ел көгерер» әр топтан бір оқушы шығып, жазған күлдіргі ертегісің оқиды.

ІІІ Жаңа сабақ (көктем туралы бейнеролик көрсету)

Күн ұзарып, қар еріп,

Су сайларға толады,

Бұл қай кезде болады?

-Олай болса, бүгінгі тақырыбымыз не туралы болмақ? Көктем

-Көктем келгенде табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Нелер ұшып келеді?

-Көктемде тағы не болады? (слайд)

Кіріспе. Қар ериді. Жылғалардан сулар ағады. Күн жылынады. Малдар төлдейді. Ағаштар бүршік жарады.Құстар ұшып келеді. Күн мен түн теңеледі. Жәндіктер тіріледі.

-Көктем айларын кім атайды? (наурыз, сәуір, мамыр)

Айнала гүлге толы болады.Жапырақтар шығады. Құстар ұшып келеді.Жәндіктер оянады.

Сондықтан мен сендерді гүлдер, жапырақтар, құстар, жәндіктер деп 4 төпқа бөлдім.

а)Бүгін біз Махмет Түменбаевтың «Көктем» атты өлеңімен танысамыз.

ә) Өлеңді өз бетімен оқып, талдау.

1 шумақты гүлдер тобы оқиды

2 шумақты жапырақтар оқиды

3 шумақты құстар оқиды

4 шумақты жәндіктер оқиды

1 топ.-Бірінші шумақта не туралы айтылған?

-Кімдер қуанды?

-Жер бетін нелер жаулап алыпты?

2 топ. Екінші шумақта не туралы?

-Нелер ұйқысынан оянады?

3 топ. Үшінші шумақта не туралы?

-Жылт-жылт етіп нелер ақты?

-Нелер ұшып келді?

4 топ. Төртінші шумақ не туралы?( слайд)

-Нелер бал жинап ұшып жүр?

-Көктемге кімдер мәз?

-Көктемде қандай қызу қанды жұмыстар басталады?

б)Постер қорғау (әр топ ортаға шығып қорғайды)

Әр топ өз атына сай көктемгі табиғатта қандай өзгеріс болатынын жазады.Өздерінді барынша толық сипаттап жазуларын керек.

Shape4 Shape1

Жәндіктер

Shape2

Құстар

Shape3

Жапырақтар

Гүлдер





Мысалы: гүлдер- үлбіреген, әр түрлі, әдемі

в)Сергіту сәті (бейнеклип арқылы жасату)

г) Орны ауысқан сөздерді табу.(Жұппен жұмыс), (слайд)

1.Табиғаты, көктем, сұлу, өте, мезгілінің.

2. Мезгілі, сондай, көктем, тамаша!

3. Бәйшешек, алғашқы, шықты ма, гүл.

4.Бүршіктер,пайда,болды, бұтақтарында, ағаш.

д) Мәтінмен жұмыс: «Көктем» Әр топқа таратылады, оқып шығып мәтін ішінен көктемдегі табиғат құбылыстарын табу
Көктем келді.
Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Көктемде жер күндіз жібиді, кешке қатады. Өзендерде сең жүре бастайды. Наурыз айында күн көбінесе бұлтты болады. Ағаш бұтақтарында бүршіктер пайда болады. Жыл құстары келе бастайды. Жер беті гүл-бәйшешекке бөленеді. Көктемде шаруа жұмыстары басталады.Көктемде егін, бақша егеді, малдар төлдейді, жәндіктер тіріледі. Адамдар жылы киімдерін тастап, жеңіл киімдер киеді.Көктем мезгілі сондай тамаша!

е) Бес жолды өлең құрастыру. Әр топ өз атына сай бес жолды өлең құрастырады.(слайд)

1.Не?(1 зат есім)

2.Қандай?(2 сын есім)

3.Не істейді?(3 етістік)

4.Сөйлем (1 сөйлем)

5.Мағыналас сөз (1 сөз)

Бағалау:Бағалау парақшалары арқылы топ басшылары ұпай сандарын айтады

Тапсырма


критерий

1

2

3

4

5

Қорытынды

Дұрыс







Жартылай дұрыс







Дұрыс емес







Сабақты қортындылау:Бүгінгі жасаған жұмыстарың, алған білімдерің өмірде қажет пе? Топ ішінде бір-біріне көмектестіңдер ме?

Үйге тапсырма: ұнаған шумақты жаттау







2 Ертіс жалпы орта білім беру мектебі



Тақырыбы:

Shape5





Өткізген: Омарова Г.Қ

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
3098
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі