Тақырыбы:
Көктемгі
орманға саяхат
Саласы:
Қатынас.
Таным. Шығармашылық
Мақсаты:
Балаларға
көктем мезгілінің ерекшелігін, қоршаған
ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Балалардың ой танымдылығын, түстерді
ажырата білуге, сергіту жаттығуларын
сапалы орындауға тәрбиелеу.
Әдіс
тәсілі:
Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ жауап.
Көрнекі
құралдар: Бала
санына қарай тапсырмаларға қажетті
құралдар: гүлдер, көбелектер, алмалар,
саңырауқұлақтар, себеттер, ақ қоян,
сәбіздер, пойыз.
Балалар
залға кіріп шеңберге тұрады. Балалар
бүгін бізде көптеген қонақтар келіпті,
қане қонақтармен сәлемдесейік. Балалар,
біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату
доспыз. Қане бір-бірімізге деген
достығымызды нығайту үшін, жақсы тілектер
айтайықшы:
1-бала:
Аспанымыз ашық болсын!
2-бала:
Күніміз жарық болсын!
3-бала:
Деніміз сау болсын!
4-бала:
Елімізде тыныштық болсын!
Балалар
есімізге түсірейік қазір жылдың қай
мезгілі?
Көктемгі
табиғаттың ерекшеліктерін атайық.
Көктем
туралы тақпақтар білемізбе?
1-бала:
Көктем келді балақай
Жасарды
жер алақай
Табиғатта
тамаша
Тамылжып
тұр жараса
2-бала:
Дала гүлге оранды
Түрлі
түске боянды
Нұрлы
көктем келгенде
Табиғатта
оянды
Тәрбиеші:
-Балалар, бізді ғажайып әлем қоршап
жатыр, ол табиғат. Табиғаттың тамашасын
көруге сезінуге орманға саяхатға
барғыларың келема?
Балалар:
Иә, барайық.
Балалар
орман бізге алыс, сондықтан біз пойызға
мініп барамыз.
Орманға
көңілді жету үшін, көңілімізді көтеріп
ән айтып барайық.
Міне
балалар, орманға да жеттік. Балалар
сендер не көріп тұрсыңдар?
Ненің
дыбысын естідіңдер? Балалар сендер
орманда жүру ережелерін білесіңдерме?
Бір-бірімізден
қалмай жүру керек. Ағаш бұтақтарын
сындыруға болмайды, айқайлап өлең айтуға
болмайды, себебі құстар, аңдар, шошып
кетеді.
Жарайсыңдар
балалар, ендеше біз орманның таңғажайып
табиғатын тамашалайық. Қане бәріміз
бірге қол ұстасып жүреміз.
Біз
қайда келдік, нені көріп тұрмыз?
Біз
көгалға келдік, көгалда түрлі-түсті
гүлдер өсіп тұр екен.
Ендеше
гүлдердің түстерін атайық.
Балалар
гүлдердің түстерін атайық.
Балалар
қараңдаршы, гүлдердің үстінде қалықтап
көбелектерде ұшып жүр екен, көбелектердің
түстерін атап, гүлдердің түстеріне
сәйкес көбелектерді гүлдердің үстіне
орналастырады. Ендеше балалар, орманға
серуенді жалғастырайық, орманда келе
жатып ағып жатқан арыққа кездеседі.
Бұл
не балалар? Бұл ненің дыбысы?
Бұл
ағып жатқан арық, судың дыбысы естіледі.
Бұл арықтан қалай өтеміз, секіріп өтсек
құлап қаламыз, киіміміз су болады. Ал
ендеше мына тастардан басып өтсек
болады. Балалар тастарды басып арықтан
өтеді. Ал ендеше орманға серуенді
жалғастырайық. Балалар орманда келе
жатып ағаш түбінде жылап отырған ақ
қоянға кездеседі.
Тәрбиеші:
Қоянжан сен неге жылап отырсың? Саған
не болды?
Тәрбиеші:
Қоян орманда келе жатқанда, құлап
себетіндегі көкөніс пен жемісі шашылып
қалған екен, соған көңіл күйі болмай
отыр екен. Балалар қоянға көмектесемізбе?
Балалар:
Иә көмектесеміз.
Ал
ендеше,