400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Көктемгі еңбек балабақша тәрбиеленушілеріне

Материал туралы қысқаша түсінік
:Ересектердің көктемгі еңбегі туралы білімдерін жетілдіру. Ауыл шаруашылығындағы ересектер еңбегі туралы білімдерін қалыптастыру. Ауыл шаруашылығы жұмысшылары еңбегінің мəнін түсіну (қаламен ауылдың байланысы), диқанның еңбегі туралы білімін қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырып: «Көктемгі еңбек»

Автор: Байжанова Қарлығаш Қойшыбайқызы

Ақтөбе облысы,ырғыз ауданы, «Балдырған»бөбекжай бақшасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы:Көктемгі еңбек

 Мақсаты :Ересектердің көктемгі еңбегі туралы білімдерін жетілдіру. Ауыл шаруашылығындағы ересектер еңбегі туралы білімдерін қалыптастыру. Ауыл шаруашылығы жұмысшылары еңбегінің мəнін түсіну (қаламен ауылдың байланысы), диқанның еңбегі туралы білімін қалыптастыру
Польингвалді компонент: Көктем-Весна –Spring
Мотивациялық қозғаушы:

Жылулық шеңбері.
 Кәне бәрің тұрыңдар,
Үлкен шеңбер құрыңдар.
Тұрсақ егер шеңберге,
Алақанды ұрыңдар.
Оң жақтағы балаға,
Сол жақтағы балаға
Шапалақта,шапалақ (2 рет)
Cәлеметсіңдерме,балалар!
Іздену-ұйымдастырушылық:
Балалар,сендер күнді сүйесіңдерме?
Күн қай уақытта оянады?
Таңертеңбе,кешкісінбе?
Ия, күн өзінің сәулесімен таң атқанда оянады.Күн өз сәулесімен жер бетіне өз жылуын шашып,кеш батқанда өз еліне демалуға кетеді .
- Балалар мен бүгін сендердің жүздеріңнен тамаша көңіл-күйді байқап тұрмын,не себепті екенін білсем болама?
-Әрине,балалар бүгін бізде «Көктемгі еңбек» тақырыбында ашық оқу қызметі.
-Ендеше,оқу-қызметіне дайынбызба?
-Күн, күн, сен неге күлімдейсің? –Көктем келді
- Жаңбыр, жаңбыр, сен неге сыртылдайсың? –Көктем келді
- Бұлақ, бұлақ, сен неге сылдырайсыңдар? –Көктем келді
- Құстар, құстар неге сайрайсыңдар? –Көктем келді
Кәнекей,бәріңе бір сұрақ айтыңдаршы «Көктем сәні»дегеніміз не? –Гүл,-жасыл желек,хош иіс,мөлдір су, мейірім,жылулық,ашық аспан,
-Жарайсыңдар,ал Хафиса сен неге үндемей отырсың? --Мен айтатын ештене қалған жоқ. Меніңше,көктем сәні-осы айтылғандардың бәрі. Солардың бәрін қоссақ көктемнің сәні шығады.
( Балалар,қол соғып қуанады)

-Қандай тамаша, масатыдай құлпырып бақыт пен қуанышын қатар арқалап жер бетін тіршілік әлемімен тербеткен көктем мезгілі де келіп жетті. Адамдар еңбек ету арқылы дамып жетіледі . Көптеген еңбектердің түрлері бар.Сол еңбектің бірі көктемгі еңбек.Барлық адамдар көктемде далаға,егіс даласына шығады.Гүлзаларға гүл егеді,жер жыртады,егін салады,бау-бақша салады,ағаштардың түптерін қопсытады,құстарға ұя жасайды.
Біз қазір, балалар адамдардың көктемгі тіршілігі туралы бейнефильм көреміз.
-Адамдар немен айналысып жүр?
-Балалар, жерді не үшін жыртып, тегістеп жатыр деп ойлайсыңдар?

Дұрыс айтасыңдар, адамдардың көктемде жер жыртып, бау-бақшаға ағаштар отырғызып, тұқымдар себу үшін еңбек құралдарымен жер жыртуға жұмыстарға арналған қандай техникалар керек?
Жарайсыңдар балалар көктемде ерінбей еңбек етсек ауылшаруашылық өнімдерімізде мол болады. Өнімдеріміз тек ауылды ғана емес қалаларды да қамтамасыз етеді.
(слайдпен жұмыс)
-.Балалар көктемде сендер еңбектің қай түрімен айналысасыңдар?
Ал,енді мен «Көктемгі еңбек»тақырыбында үй тапсырмасын берген болатынмын.Кәнекей,кім орындап келді екен экранға назар аударайық.
Польингвалді компонент:
Көктем-Весна –Spring
-Жарайсыңдар,балалар сендер көктемгі еңбектеріңді ән арқылы баяндап беріңдерші.
Сергіту сәті:
«Болайықшы осындай» әні

Жұмбақ
Адамның бәрі қызығады,
Су құймасаң сәні бұзылады? (Гүл)
Әрине балалар,көктем мезгілінде арықтарды тазалап,құстарға ұя салып,үлкендер көмегімен ағаш отырғызып,жерді түрлі-түсті гүлдер өсіру біздің міндетімізбен парызымыз.

Біздің балалар өте еңбекқор балалар . Бүгін біз сол еңбектің бір түрі балабақша ауласын гүлдендіру үшін өз үлесімізді қосайық,ол үшін  гүл отырғызамыз. Балалар гүлдер өте нәзік , кінәмшіл болады , біз оларға су құйып баптап өсіруіміз керек. Гүлдер біздерге ауаны тазартып оттегі бөліп отырады.
«Практикалық әрекет»
-Енді балалар даладағы егіс алқабындағы сияқты дала гүлін отырғызуды үйренеміз.
Ол үшін бізге арнайы асты тесілген қауырсын ыдыс,топырақ,тұқым,су,мейірім,ауа,күннің көзі керек.
Қаушақтарға гүл отырғызу.
Тәрбиеші:
Жерден нәр алсын деп топырақ салдым.

Күннен нұр алсын деп гүл тұқымын топыраққа салдым
Судан нәр алсын деп гүлге су құйдым.
Ауадан дауа алсын деп гүлді терезенің алдына қоямын.
/Қаушақтағы гүлді сол жерде көрсету./
Рефлексивті-түзетушілік:
Қортындылау.

-Балалар,сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнадыма,несімен ұнады?
Сау болыңдар. 


Күтілетін нәтиже:
Біледі: Көктем ерекшелігін
Игереді: тәжірибені игерді
Меңгереді: үш тілде сөйлеуге дағдыландыру













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 маусым
6380
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі