400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ." Көктемгі орман саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстар, өсімдіктер мен құстардың және жануарлардағы маусымдық өзгерістер, адамдардың көктемгі пайдалы іс-әрекеттері жөнінде түсіндіру. Көктем мезгілінің табиғатқа адамға, жан-жануарға,қоршаған айналаға әсерін зерттеп талдау жасай білуге үйрету байланыстырып сөйлеу, түстер мен пішіндерді айыру қабілеттерін және шығармашылықтарын дамыту Үлкендер еңбегін қадағалау арқылы балаларды бақылау дағдысына,еңбексүйгіштікке,табиғатқа деген қамқорлыққа тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы:Көктемгі орман саяхат

Мақсаты: көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстар, өсімдіктер мен құстардың және жануарлардағы маусымдық өзгерістер, адамдардың көктемгі пайдалы іс-әрекеттері жөнінде түсіндіру.

Түзету-білімділік міндеті: Көктем мезгілінің табиғатқа адамға, жан-жануарға,қоршаған айналаға әсерін зерттеп талдау жасай білуге үйрету

Түзету-дамытушылық міндеті: байланыстырып сөйлеу, түстер мен пішіндерді айыру қабілеттерін және шығармашылықтарын дамыту

Түзету-тәрбиелік міндеті: Үлкендер еңбегін қадағалау арқылы балаларды бақылау дағдысына,еңбексүйгіштікке,табиғатқа деген қамқорлыққа тәрбиелеу

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап ,әңгімелесу, көрсету,тақпақтар айту,құстарды бақылау,жұмбақ

Көрнекі құралдар: орман ағаштар,аңдардың суреттер, құстардың суреттер

Сөздік жұмысы: орман,ағаш,бәйшешек, бақбақ,қызғалдақ, меруерт

Қостілділік компоненті: көктем- весна, орман – лес, бәйшешек- подснежник,бақбақ – одуванчик, қызғалдақ – тюльпан, меруерт – ландыш.

Шаттық шеңбері.

- Балалар қараңдаршы бізге қонақтар келіпті. Ендеше қонақтарымызға сәлемдесейік.

Арайлап таң атты,

Арайлап сәуле таратты.

Жайнайды қаламыз,

Жайнайды даламыз.

Қайырлы таң, достарым,

Қайырлы таң, қонақтар.

-Жарайсыңдар.

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем.

- Орыс тілінде көктемді қалай аталады?

- Весна.

- Қазір көктемнің қай айы?

- Наурыз.

- Бүін аптаның қай күні?

- Сейсенбі.

- Көктемде қандай өзгерістерді байқадыңдар?

- Көктемде күн ұзарып,ауа-райының жылуынан қар еріп,жауын – шашын мол жауады, Көктемде тіршілік иелері тіріле бастайды,жәндіктер мен хайуанаттар қысқы үйқысынан оянып, тіршілігін бастайды, мал төлдейді, құстар оралады,ағаштар бүршік жарады.

Қызығушылықты ояту. Жұмбақ жасыру.

- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын.Ал сендер жауабын айтыңдар.

Қар мұз еріп, су көбейіп,

Сай- саладан ағады.

Бүршік атып,

Жапырақ шашып,

Бұл қай кезде болады?

-Көктем.

- Балалар, кім көктем мезгілі туралы тақпақ біледі?

Асқат. Келді көктем далаға

Келді сұлу шағала,

Аспандағы ақ құстар,

Айдын көлді арала.

Қайсар.Көктем келді шуақты,

Балаларды қуантты.

Алақай-алақай,

Көктем қандай көңілді.

Сырым. Дала гүлге оранады,

Түрлі түсті боянады.

Нұрлы көктем келген кезде,

Табиғат та оянады.

Енді балалар орманға саяхатқа шықсақ қалай қарайсыңдар? Ол жақта қандай өзгерістер болып жатқанын білгілерін келе ме?

- Ия

-Ендеше біз қазір орманға саяхатқа шығамыз.

Орманда өздеріңді дұрыс ұстау ережесін білесіңдер ме?

- Білеміз.

Орманда айқайлап, шулауға болмайды, бір-бірінен алыс кетпеу керек.Дауыстап өлең айтуға болмайды.Бұтақтарды сындырмайды.

- Балалар орман орыс тілінде (лес) деп аталады, кәне бәріміз қайталап айтайық.

Балалар қайталайды.

- Балалар орманға саяхатқа немен баруға болады?

- Велосипед,автобус,машина. (Үстел үстінде рөлді көріп,балалар машинамен баратындарын айтып, дөңгеленіп тұрады).

Отырмын рөлде,

Маторым гүрілде.

Ал қане машинам,

Тарт алға, асыға. (Үнтаспадан құстардың дыбыстары естіледі).

- Балалар бірінші аялдамаға келдік.

- Балалар, көктемгі орман қандай әдемі,тамаша екен.Кәне балалар көздерін жұмып, ормандағы құстың даусын тыңдаңдар. Ауызымызды жауып, мұрнымызбен ауаны жұтайық.Қандай тамаша. Ауасы таза.

- Ал балалар көздерімізді ашайық.

- Ненің дауысын естіп тұрсыңдар?

- Иә.дұрыс айтасыңдар.

- Орманда құстың, өзеннің дауысын естідік.

- Ағашты қараңдаршы?

- Не көріп тұрсыңдар?

- Ағаш

- Ағаштар бүршік атып гүлдейді.

- Ал енді екінші аялдамаға барайық.

- Орманда қандай құсты көріп тұрсыңдар?

- Қарлығаш, тоқылдақ, тырна


- Балалар мына құстың атын қалай аталады?

- Қарлығаш

- Оның түсі қандай?

-Қара,төсі ақ, құйрығы айыр болады.

Дұрыс айтасыңдар.Көктемде жыл құсы қарлығаш ұшып келеді.Қарлығаш құсын ұя салып, қарсы алуымыз керек.Қарлығаш құсы өзінің ұясын балшықтан жасайды.Құстарға жем беріп, қамқорлық жасауымыз керек.

- Балалар мына құстарға біздің көмегіміз тисін.

- Балалар не істейміз?

- Ұя жасаймыз ба?

Балалармен бірігіп ұя жасаймыз.

- Ал үшінші аялдамаға барамыз.

-Ал енді осы орманда қандай аңдар тұратынын білесіңдер ме?

- Қоян, түлкі, қасқыр, кірпі, аю.

- Балалар қоян көктемде түсін өзгерте ме?

-Иә,ақ түсін сұр түске айналады.

- Ал түлкі түсін өзгерте ме?

- Жоқ

- Ал енді балалар сергіту жаттығуын жасайық.

Балалар шеңбер құрып тұрайық. Қазір аңдардың қимылын жасайық.

- Балалар қоян қалай секіреді?

- Аю қалай жүреді?

- Түлкі құйрығын қалай бұлғандайды?

- Жарайсыңдар.

-Ал енді балалар төртінші аялдамаға барайық.

- Балалар не көріп тұрсыңдар?

- Гүлдер.

Көктемнің алғашқы гүлдері.

-Олар бәйшешек, бақбақ, қызғалдақ, меруерт.

( олардын түстерін сұрау).

-Балалар, бұл бәйшешек гүлі.Бәйшешек – бұл сәндік өсімдіктер.Балалар бұл бәйшешек қар ерісімен шығатын түсі ақ гүл.

-Бәйшешектің түсі қандай?

-Бәйшешектің жапырағы қандай түсті?

-Ал мынау бақ-бақ гүлі.Бақ-бақ - көп жылдық ,жол жиегінде, тау етегінде өседі.Бақбақтың сабағы дәрілік мақсатқа қолданылады.

-Бақбақтың түсі қандай?

-Бақбақтың жапырағы қандай түсті?

-Бақ-бақты орыс тілінде одуванчик деп атаймыз.

-Қызғалдақ – көп жылдық өсімдік.Қазақстанда далалық аймақтарында жиі кездеседі.Қызғалдақ – ғашықтық, махаббат белгісі екен.

-Қызғалдақтың түсі қандай?

-Қызғалдақтың жапырағы қандай түсті?


- Балалар енді біздің балабақшаға қайтатын уақыт болды.

( өлеңімізді айтып, балабақшаға қайттық).

Балалар орнымызға отырамыз.

- Сонымен балалар біз қайда саяхатқа бардық?

- Не көрдік?

- Жарайсыңдар!

(балалардың жауаптары)

Жұмбақ шешкізу.

Орманда жоғары

Ағашқа қонады.

Тұмсығын балғағып,

Тоқ-тоқ соғады

-Ол қандай құс?

- Тоқылдақ.

- Аңға байланысты қандай мақал-мәтел білесіңдер?

Мал жуасы – қой,

Аң жуасы - қоян.

- Ал гүлдерді көрдік?

-Оған байланысты

- Басқа не істедік?

Балалар ормандағы болған жағдайларының бәрін айтады.

Саяхат шығу сендерге ұнады ма?

- Ендеше балалар біз қонақтарымызды шығарып салайық. (Балалар орнынан түрып, қонақтарды шығарып салады).

- Сау болыңыздар!






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
1075
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі