400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық Сабақ Көктемнің алғашқы гүлдері

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге , ұйымдастырылған оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы




Ортаңғы «Балдырған» тобы

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Көктемнің алғашқы гүлдері»

Орындаған: Бимендинова Г.М.



















Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Әдемі гүлдер»

Мақсаты: Көктем мезгілінің өзгерістерімен және гүлдер түрлерімен таныстыру, олардың бөліктерін атай білуге, қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдануға үйрету.тірі табиғат нысандарын бақылау кезінде байланыстырып сөйлеу, сурет салуда саусақ бастыру техникасымен жұмыс жасауын жетілдіру.

Көрнекі құралдар: суреттер, гуашь, ақ қағаз

Билингвалды компонент:көктем-весна, гүлдер-цветы

Кіріспе бөлім:

-Балалар, бүгін біздің тобымызға көп қонақтар келіпті, кәнеки қонақтармен амандасайық.

-Сәлеметсіздер ме.

-Здравствуйте.

Ал енді біз шаттық шеңберіне тұрайық.

Күн болып күлеміз,

Гүл болып өсеміз.

Құс болып ұшамыз,

Көбелек болып қонамыз.

Негізгі бөлім:

-Ал енді, біз орнымызға жайғасайық. Балалар қазір бізде жылдың қай мезгілі?

-Дұрыс, көктем мезгілі.

Ал көкөтем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болып жатыр?

-Балалар, сендер көктем мезгілі туралы тақпақ білесіңдер ме? Кәне кім айтып береді?

-Ал қазір балалар біз сендермен бір ойын ойнайық.

Дидактикалық ойын: «Суретті орналастыру»

Мысалы: Тақпақтың мағынасын ұғып, ретімен суреттерді мағынасына сәйкес орналастыру.

Шарты: Тәрбиеші тақпақты оқиды, балалар үстел үстіндегі жатқан суреттерді алып, ретімен қояды.

-Балалар, ал сендер көктемде ең алғаш шығатын гүлдерді білесіңдер ме? Мына суреттерге қарап атын атап беріңдерші.

-Дұрыс, көктемнің ең алғаш әдемі гүлдері бәйшешек, сарғалдақ, қызғалдақ.

Билингвальды компонент:

Көктем-весна

-Әр гүлдің сабағы, жапырағы болады. Жапырақтарының түсі жасыл болады.

-Ал енді бәйшешек гүлі қандай түсті?

-Сарғалдақтың түсі қандай?

-Қызғалдақтың түсі қандай?

Балалар, сендер шаршаған шығарсыңдар, кәне гүл болып жайқалайықшы.

Сөздік жұмыс:

Көп гүлді- гүлдер деп айтады.

Бір гүлді – гүл деп атайды.

Сергіту сәті:

Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап демалам.

Қанатымды бір қағып,

Гүлдей болып жайқалам.

-Балалар, кішкене сергіп алдық па?

Енді екі топқа гүлдердің суреттерін беремін. Алдыларыңа екі түсті бояу қоямын. Қызыл түстілер қызғалдақты, ал сары түстілер сарғалдақты бояйды. Саусағымызды бояуға матырып, гүлді бояймыз.

Қорытынды бөлім:

-Балалар, біз бүгін қандай гүлдермен таныстық?

-Олар қай мезгілде өседі?

-Ал қазір қандай мезгіл?

-Біз қандай гүлдерді боядық?

-Жарайсыңдар балалар, сендер сабаққа жақсы қатыстыңдар. Енді қонақтармен қоштасайық.

Күтілетін   нәтиже:


Білді: Гүлдермен танысып, олардың бөліктерін атай біледі, қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдануға үйренеді.

Меңгерді: Тірі табиғат нысандарын бақылау кезінде байланыстырып сөйлеуді;

Үйренді: Саусақпен басу тәсілімен суретті бояуды.
































































иьұеоп



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 қаңтар
1115
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі