Материалдар / Ашық сабақ "Көлемді қар үлпектері" 3 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Көлемді қар үлпектері" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
: қар қиыршығын балауыз және акварель бояумен салу тәсілін меңгерту; түрлі тәсілдерді, бейнелеу құралдарын қолданып сурет салуға үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
434
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

І. Сабақтың тақырыбы: «Көлемді қар үлпектері»ІІ. Сабақтың мақсаты:а) білімділік: қар қиыршығын балауыз және акварель бояумен салу тәсілін меңгерту; түрлі тәсілдерді, бейнелеу құралдарын қолданып сурет салуға үйрету.ә) дамытушылық: өмір шындығына эстетикалық қатынасын қалыптастыру; шығармашылық қиялын ұштау; көркемдік талғамын дамыту; аралас техника бойынша білігі мен дағдысын дамыту.б) тәрбиелік: табиғат сұлулығын, әсемдігін көре білуге, сезінуге үйрету; эстетикалық тәрбие беру.ІІІ. Сабақ типі: жаңа оқу материалын меңгерту.IV. Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.V. Сабақ көрнекілігі: қар қиыршықтары бейнеленген суреттер мен фотосуреттер, қысқы табиғат бейнеленген суреттердің көшірмелері, слайд-шоу.VI. Сабақтың кезеңдері:1. Ұйымдастыру сәті.2. Сабақтың тақырыбы бойынша ұйымдастырушылық-танымдық әңгіме өткізу.3. Сурет салу тәсілдерін көрсету.4. Оқушылардың өз бетінше жұмысы.5. Сабақты қорытындылау.V. Сабақтың барысы:Жаңа сабақтың тақырыбын баяндау.Қар қиыршығын алақаныңа салып, оған жақсылап қарашы. Иә, олар тез еріп кетеді, себебі олар бар болғаны мұзға айналған су түйіршіктері ғана ғой. Дегенмен, сенің көріп үлгергеніңді ғажайып деуге болады. Бірде-бір қиыршығы бір-біріне ұқсамайды және олар өте әдемі!Қар қиыршығының үлкейтілген көрінісіБалаларға суреттер мен фотосуреттерді көруді ұсыну. Балаларды жаттықтыру үшін оларға жай қарындашпен салуды ұсыну. 6 және 8 ұшы бар қар қиыршығын салу тәсілін түсіндіру.Оқушыларға альбом парағында қар қиыршығын бейнелеуді ұсыну. Бұл үшін балауыз бор мен акварельді пайдалану қажет. Аралас техника оқушыларға әрдайым қызық. Қар қиыршығының суретін ақ параққа балауыз бормен саламыз. 6 және 8 ұшы бар түрлі қар қиыршығының суреттерін бейнелейміз.Қылқаламды пайдалана отырып, параққа көк және көгілдір акварельмен өң береміз. Бормен салынған сурет пайда болады.Оқушылардың әрқайсысымен жеке жұмыс істеген кезде оларға берілетін кеңестер:1. Қар қиыршығының суретін салу барысында ұсақ бөлшектерге айналып, алданып қалмау, олар акварельмен өңдегеннен кейін нашар көрінеді.2. Суретті тиянақты әрі жан-жақты ойластырып салу керек, өйткені майлы бормен салынған суретті түзетуге болмайды.3. Суреттің өңін кіргізу үшін тек суық түстерді таңдау керек.VI. Өзіндік жұмысТапсырма: Қар суретін балауызбен салуЖұмыс барысында оқушыларға жалпы және жеке көмек беру. Ұқыпты, таза жұмыс істеуге назар аударту.VII. Сабақты қорытындылауБалалар біз бүгінгі сабақта қар қиыршықтарын бейнеледік. Дайын жұмыстарды талқылап, үздік орындалған суреттерді бағалау.VIII. Үйге тапсырма беруҚар қиыршықтарын фломастер, түсті қаламмен салып келу.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!