400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Көлеңкелер еліндегі оқиға. Сатылған көлеңке 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестеріммен іс-тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Әдебиеттік оқу Мектеп: №35ОМ

Сабақ тақырыбы: Көлеңкелер еліндегі оқиға. Сатылған көлеңке

Күні: 22.01.2020ж

Мұғалімнің есімі: Космағанбетова Ш.Б

Сынып: 4 «А»

Қатысқандар саны-

Қатыспағандар саны-

Сабаққа негізделген оқу мақсаты


4.2.6.1– кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау;

4.3.1.1 – оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын мен аяқталуын анықтап, шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құрастырады, жазбаша шығармашылық жұмыстар жүргізіледі, өз пікірін білдіруде вербалды емес тілдік құралдарды, сөйлеу барысында иллюстрациялар, суреттер қолданады.

Көптеген оқушылар: Әдеби көркем сөздер (аллитерация, әсерілеу) ұғымымен танысады. Өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып пікір білдіреді.

Кейбір оқушылар: Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруға, дұрыс оқу сауаттылығын қалыптастыруға, сөйлеу мәдениетін, сауатты жазу, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұлттық құндылықтарды сақтауға мән беріледі.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

Шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтай алатын дағдысы жетілдіріледі. Мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын мен аяқталуын анықтап, шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құрастырады, жазбаша шығармашылық жұмыстар жүргізіледі. Көркем шығармаға пікірін білдіруге және оны дәлелдеуге, шығарманың жанрлық ерекшелігіне байланысты өз пікірін білдіруді, сауатты жазу жұмыстарын жалғастырады. Шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне сыни баға береді, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін-өзі бақылауды, өзін-өзі бағалауды, мәтін бөлімдері арасында мағыналық байланысты түсіне отырып, жоспар құруды түрлендіруді үйренетін әдістемені тәжірибеден өткізеді.

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар. Терминология. Сөз тіркестері:

Әдеби мұра

Әдеби көркем сөздер

Халық ауыз әдебиеті

Даналар нақылы

Асыл сөз

Шешендік

Құндылықтарды дарыту

Адамгершілік, еңбекқорлық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, көркем еңбек,жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтордан бейнежазба көрсету.

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Бұған дейін оқушылар мәтіндегі көркем сөз жөнінде практикалық түрде түсінік, мәтін түрлері, мәтіндегі негізгі ой туралы қарапайым мағлұматтарынан хабардар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

1.Психологиялық дайындық

Жылы-жылы жүзбенен,

Маңдайыңнан сипайын.

Жылы-жылы сөзбенен,

Жүрегімді сыйлайын.

Ыстық алақаныңмен,

Қолыңды бір қысайын.

Амандасып өзіңмен,

Құшағыма қысайын.

2.Қызығушылықты ояту

(Ұ)«Ойыңмен бөліс» айдары ,сұрақтар қою:

-Үйге қандай тақырып берілді?

-Мәтін кейіпккерлерін ата? Жалпы бұл мәтінде не туралы айтылады?

-Ертеде адамдар күн райын қалай болжаған?

-Қазіргі күнделікті күн райын қайдан білеміз?

-Алдын ала күн райын болжайтын орталық қалай аталады?

3.(Т) «Бірлесіп отырып орындау» айдары бойынша оқушылар еліміздің қартасын пайдалана отырып,жеріміздің батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстік бөлігінің ауа райын хабарлау үшін тележүргізуші (диктор) рөліне еніп, ертеңгі ауа райына хабарлама жасау берілген болатын.

Дескрипторы:

1.Тележүргізуші диктор роліне еніп, ертеңгі ауа райына хабарлама жасайды.

2.Шартты белгілерді пайдаланып, ауа температурасын көрсетеді.

« Бағалай біл» айдары бойынша баға беру (топтағы оқушы бағалайды)

Маған ___________ диктор болуы ұнады, себебі.....

ауа райын хабарлауда ойын дұрыс жеткізуде /қиналды / /қиналған жоқ./

«Диктор болу үшін / шебер/ оқу мәнерін жаңдандыру/,дауыс дикциясы жақсы/ маңызды екенін түсінді» деп білімдерін бағалайды.

Оқушылар психологиялық дайындықты қимылмен көрсете отырып жасайды.







Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Ортасы

4.«4 сурет 1 сөз» әдісі. Тақтағадағы суреттерге қарайық,жалпы суреттер бойынша бір сөзбен атау берейік?

-Көлеңке. –Дұрыс!

-Көлеңке дегенміз не?

–Көлеңкені қай уақытта байқауға болады?

-Көлеңкенің пішіні қандай болуы мүмкін? Ол неге байланысты? Көлеңкенің өлшемін өзгерте аламыз ба?

Дұрыс!

-Көлеңкені үш тілде қалай айтамыз?

Бұл әдістердің барлығы қандай театрларда көп қолданылады?

- Көлеңке театрлары.

Олай болса, бейнежазбаны тамашалайық?

5.(МК) Видео тамашалау. Көлеңке театрының қойылымын бейнежазбадан тамашалатып, бұл өнердің өзіндік ерекшелігіне тоқталу. Көлеңке театрының өнері мен бүгінгі сабақтың арасындағы байланыс жайлы болжам жасату.

«4 сурет 1 сөз» айдары. Тақтағадағы суреттерге қарайық,жалпы суреттер бойынша бір сөзбен атау берейік?

6.Суретпен жұмыс. «Менің болжамым» айдары.

(тақтадағы сурет бойынша оқушылар өз ойларымен болжам жасап, ертегілік оқиға құрап, қағаз бетіне түсіреді). (Әрқайсысы жазған шығармасын жауып қояды)

7.Оқулықпен жұмыс. Тізбектей оқыту.

Оқушылар кезектесіп «Сатылған көлеңке» атты ұйғыр халқының ертегісін нақышына келтіріп, мәнеріне сай дауыс екпінімен оқиды және мәтіннің жанрлық ерекшелігін анықтайды.

Мәтін мазмұнын сұрау қысқаша, талдау. Әрі қарай тапсырмамыз шығарманың құрылымына (композициясына) талдау жасау,ол үшін төмендегі әдіс арқылы жүргізу.

8. «Әдебиет үйірмесі» әдісі бойынша топтық жұмыс.

І топ- «Сәйкестендіру» тапсырмасы бойынша жұмыстанады.

(мәтін бөліктерге бөлініп қима қағаздар арқылы беріледі, оқушылар кезеңі оқиғаның басталуы, дамуы, шиеленісуі,шарықтау шегі,шешімі (аяқталуы) бойынша орналастырады)

ІІ топ-«Зерттеуші». Кейіпкерге мінездеме беру.ВЕНН ДИАГРАММА арқылы шаруа мен байға мінездеме беру.

ІІІ топ- «Сұрақ құрастырушы».Ертегі мазмұны бойынша 4-5 сұрақтар құрастырады.

ІV топ- «Сілтеме табу» Сөздік жұмысын жүргізеді.

Ағаттық-қателік

Мұралық-иелік ету

Қапырық-желсіз,ыстық күн

Сараң-ешкімге еш затын бермейтін адам

Масқаралық-қате ісіне, ұят жасағанына

Маңғаздана-кербездене, асықпай

V топ- «Бейнелеуші-зерттеуші». Ертегі мазмұнына сай сурет салады.

VІ топ-«Өмірмен байланыстыру»

1.Саған ертегі осылай аяқталғаны ұнады ма? Өз ойыңды дәлелдеп айт.

2.Мәтін мазмұнын өмірмен байланыстыру.Қазіргі кезде нені сатуға болады? 8-тапсырма

Дескрипторы:

1.Жоспардың ретін анықтайды.

2.Шығарманың композициясын түсіндіреді, ертегі түрін анықтайды.

3.Шығармашылық тапсырмалар орындайды.

9. «Салыстыр» айдары. Бойынша тақтадағы суреттер тізбесі бойынша әр оқушы өз құрастырған мультфильмін оқулықтағы ертегімен салыстарды.

Дескрипторы:

1.Суреттер тізбесін пайдаланады.

2.Сурет сюжетіне сәйкес мультфильм құрастырады.

3.Өзі құрастырған ертегіне оқулықтағы ертегімен салыстыра отырып, ұқсастықтары мен ацырмашылықтарын ажыратады.

10.Бейнеролик көрсету. Түйін сөз арқылы қорыту.


Тапсырманы

орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату, бағалап отыру


Бейнежазба






Ақ парақтар













А-3 парағы, маркер.

Аяқталуы


Жаңа білім мен тәжірибені қолдану.

Ой толғаныс кезеңі.

Бейнеролик көрсету. Түйін сөз арқылы қорыту.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

«Бағалау парақшасы» кері байланыс.

1.Сурет бойынша жаттығу жұмыстарын жасаған ұрай ма?

2.Видео ролик кезінде өзіңді қалай сезінесің?

3.Топпен жұмыс джасаған саған ұнай ма?

4.Өзіңді бұл сабақта қалай сезіндің?

5.Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?

6.Келесі сабақта не істегің келеді?

(ӘР сұраққа арнайы смайликтер берілген.Оқушы қалаған смайликті таңдап, белгі қояды)

БАҒАЛАУ айдары.

Күн бейнесі-Алақай!

Жұлдыз бейнесі-Жарайсың!

Бұлт- Әттеген-ай!


Тапсырма

ны орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады.


Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?


Тапсырмалар түрлері

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Бағалау парағы

«Әдебиет үйірмесі» әдісі

«4 сурет 1 сөз» әдісі.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
9805
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі