400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Көлік түрлері 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Көлік түрлерін мәтіннің тақырыбы бойынша иллюстрация арқылы болжау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Саяхат

Тақырыбы: Көлік түрлері

Мектебі: №65 мектеп-гимназия

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні: Оспанова Л.Ш.

1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу бағдар ламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.5.1 мәтіннің тақырыбын иллюстрация арқылы болжау (тыңдалым)


Сабақ мақсаты

1.1.5.1 Көлік түрлері мәтінінің тақырыбын иллюстрация арқылы болжау (тыңдалым)


Тілдік мақсаты:

Пойыз, автобус, ұшақ, жүремін, жүйткимін, ұшамын т.б.

Құндылыққа баулу

Индустрализация мен инновация негізіндегі экономикалық өсу

Алдыңғы білім

Саяхат

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(5 минут)

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру.

Мектебіміз Тым бізге

Жақын болып барады. Есейтеді бір күнге,

Ақылды қып баланы.

Сәлем, менің достарым!

Сәтті болсын жолдарың!

Сабақ мақсатымен таныстыру.

Слайд беттері

Сабақтың ортасы

(30 минут)

Жаңа сабақты түсіндіру

Мұғалім оқушылардың назарын слайдқа аударады. Автобус, мәшине, ұшақ, пойыз, велосипедті топтастырған суреттен не ұққанын сұрайды.

- Балалар, біз қандай бөлімді бастаған едік?

- Бүгін біз қандай тақырып өтеді деп ойлайсыңдар?

- Қане, бүгінгі сабақтың тақырыбын өзіміз тауып алайық.

(оқушылар жаңа тақырыпты болжап айтады)

Сурет бойынша мұғалім балаларға көлік атауларын (автобус, мәшине, ұшақ, пойыз, велосипед) түсіндіреді. Оқушылар берілген үлгі бойынша сөйлейді. Үлгі: Мынау - автобус. Ол жүреді. Мынау - ұшақ. Ол ұшады.


Сөздікпен жұмыс

Жаңа сөздер аудармасымен слайдтан көрсетіледі. Оқушылар мұғаліммен бірге қайталайды

2-тапсырма (оқулықта)

Оқушылар көлік атауларын суреттері бойынша қайталайды және өздері көліктердің суретін салады. Оқушылар тапсырмада берілген үлгі бойынша өздерінің қандай сурет салатындарын айта алуы қажет. Үлгі: Мен автобус саламын. Мен мәшине саламын т.с.с. (Оқушыларға қолдау, қолпаштау көрсетіп отырамын.) Содан кейін оқушылардың суретінен көрме жасаймыз. Олардың суретін 1-тапсырмадағы сияқты сыныпқа іліп қоямыз.

Мұғалім оқушылармен кері байланыс жүргізеді.


Тапсырма.

«Суретті сөйлет» әдісі.

Сурет арқылы қандай көлік екенін болжау, қажетті етістіктерді табу.

Алдымен сурет көрсетіледі (аспан, жол, тротуар, рельс жолы т.б.). Қасына қажетті көлік суретін қояды. Тақтадағы берілген етістіктерден қажеттісін табады (жүйткиді, жүреді, ұшады, жылжиды).

Критерий

Дескриптор

Сурет арқылы қандай көлік екенін болжап айту, қажетті етістіктерді табу.


-сурет бойынша қандай көлік екенін табады;

- қажетті етістіктерді қояды.


Мұғалім кері байланыс жүргізеді.


3-тапсырма (оқулықтан)

«Ажырат» әдісі

Оқушылар көліктердің түсін айта алу үшін, ең алдымен, түстерді қайталайды. Содан кейін тапсырмада берілген автобустың түсін өздерінің қалауы бойынша айта алады. Мысалы: Автобус қызыл болады.

Кері байланыс.


Интербелсенді тақта, слайд беттері, суреттер, оқулық

















Оқулық, қағаздар,

түрлі түсті қарындаштар









Суреттер, қағаз,

түрлі түсті қарындаштар















Оқулық, түстердің суреттері

Сабақтың соңы

(5 минут)

Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.


Рефлексия: Оқушылар үш суреттің біреуіне өз деңгейін көрсетіп белгі қояды.


Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз



1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге? 2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?

1. Сабақ барысында оқулықтағы 2-тапсырманы орындау барысында суретті жеке оқушыға салғызбай, жұпта орындаттым. Себебі, уақытты тиімді пайдаланғым келді. Бірінші сынып болғандықтан, оқушылар баяу қозғалады.

2. Жүргізілген жұмыс түрлері тиімді болды. Себебі, оқушылар оқумен бірге суретті илюстрациялар, суретті бояу әрекеттері б-олғандықтан қызыға, белсене орындады. Оқушылар бір-бірінің білмегендерін толықтыру мақсатында жұпта да, өз білімдерін көрсете алу үшін жеке де жұмыстар орындады.


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1:

2:

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1: сурет арқылы көлік түрлерін болжау.

2: көлік суретін салу және бояу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1: Кеспелердегі дайын тапсырмалар.

2: тапсырманы аяқталуын білдіретін қоңырау дыбысы.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
979
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі