400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Көліктер"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасайтын дефектологгтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Көліктер

Абдреева Лаура Нурболатовна,

3 облыстық балалар оңалту орталығы,

дефектолог-логопед, Қызылорда облысы,

Шиелі кенті



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: балаларды көліктермен таныстыра отырып, танымдық деңгейін көтеру.

Түзете-дамытушылық: балалардың ой өрісін, ұсақ моторикасын дамыту.

Тәрбиелік: балаларды мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: машина, поезд, трактор, жедел жәрдем көлігі, полиция көлігі ойыншықтары,құрастырғыштар,фетр мата, ермексаз, сюжетті суреттер, машина жолы, мозайка.


Сабақ барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Жылулық шеңбері


Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарық болсын жүзіміз

Жарқын болсын күніміз.


- Балалар, қазір барлық адамдар бір жерге жету үшін көлікке мінеді. Яғни, жұмысқа, балабақшаға, базарға бару үшін біз машинаға немесе автобусқа мінеміз. Айтыңдаршы, бүгін сендер орталыққа қандай көлікпен келдіңдер?

- Машинамен.

- Автобуспен.

Ал енді балалар біз алыс қалаларға немен барамыз?

-Поезбен.

-Ал, ендеше балалар мұнда қарайық. Бұл - машина, мынау- трактор,

мынау – автобус, жедел жәрдем көлігі, полиция көлігі, поезд. Бұларды біз көліктер деп атаймыз. Бұл көліктердің әрқайсысының өзінің атқаратын жұмысы бар. Мысалы: автобус. Автобустың әрқайсысы белгілі бір бағытпен жүреді, оған адамдар жұмысқа, базарға немесе тағы да басқа жерлерге бару үшін мінеді. Трактор – құм, топырақ , түрлі жүктер тасу үшін арналған. Поезд – ұзақ жол жүрушілерге арналған. Полиция көлігі – полиция қызметкерлеріне арналған көлік. Жедел жәрдем көлігі – дәрігерлер шұғыл дәрігер көмегін қажет ететін науқастар шақыртқанда осы көлікпен барады.

Бұл-ұшақ балалар. Ұшақпен аспанға ұшып , алыс жерлерге барамыз , Бұл – кеме . Кемемен суда жүзу арқылы да алыс жерлерге барамыз .




  • «Көліктер» ойыны.

Ойын мақсаты: Ойын арқылы баланың зейінін ,қимыл-қозғалысын дамыту.

Балалар қазір мен мына көлік түрлерін айтамын. Сол кезде сендер сол көлікті бейнелейсіңдер.

Поезд дегенде, поезд боп жүреміз. Автобус дегенде, отырып жүреміз. Ал машина дегенде қолымызды машина рульін айналдырған секілді қимыл жасаймыз.


  • Көліктердің суретін бояу.


Тапсырма мақсаты: балалардың ұсақ қол моторикасын , сенсорлық танымын дамыту .


05.02.2019 ж


  • «Аңдарды көлікке тиейік» ойыны


Ойынның мақсаты: балалардың ойлау қабілетін дамыту .

Ойын шарты: балалар машинаның сәйкес келетін оймасына қоян, аю, піл ойыншығын салыстыру арқылы салу .


Сергіту сәті

Поезд ойыны.

Қане кімнің бойы ұзын?

Паровозы ол поездың,

Тук –тук баста алға

Қарап қалма аспанға

Гу-гу-гуілде

Қалып қойма бәріңде.



  • Ермексазбен коліктер жасау

Тапсырманың шарты: ермексазбен балалар көліктер жасау .

Тапсырманың мақсаты: балалардың қиялын , ұсақ қол моторикасын дамыту.


06.02.2019 ж


  • «Төртінші артық» ойыны. Дидактикалық ойын.

Ойын мақсаты: баланың ойлау қабілетін дамыту.

Ойын шарты: балалар алдына үш түрлі көлік түрлері және бір зат қойылады. Мысалы : машина, трактор, автобус, балапан.Балалар осы ойыншықтар ішіндегі төртінші артық затты табуы қажет.


  • Құрастырғыштармен көлік құрастыру.


Тапсырманың шарты: ермексазбен балалар көліктер жасау .

Тапсырманың мақсаты: балалардың қиялын , ұсақ қол моторикасын дамыту.



  • «Ұшты - ұшты» ойыны


Ойын шарты: Ұшатын заттарды айтқанда балалар қолдарын жоғары көтереді.Ұша алмайтын заттарды айтқанда аяқтарын топылдатады.

Ойын мақсаты: балалардың ойлау қабілетін дамыту .

07.02.2019 ж


«Поезд құрастыру»

Тапсырма шарты: фетр мата бөліктерінен поезд құрастыру

Тапсырма мақсаты: балалардың ойлау қабілетін , ұсақ қол моторикасын дамыту .


Тіл ұстарту жаттығуы

На-на-на бұл қызыл машина

Ақ-ақ-ақ аспандағы ұшақ

Ме-ме-ме судағы кеме

Езд –езд-езд гуілдеген поезд


  • Сюжетті суретпен жұмыс

Тапсырма шарты: сюжетті суреттерге әңгіме құрау.

Тапсырма мақсаты: балалардың сөйлеу тіліндамыту .


08.02.2019 ж


  • «Суретті есте сақтау әдістемесі»

Ойын шарты: Балалар алдына көліктер суреті қойылады.Бала алдымен суреттермен танысады. Бала танысып болғаннан кейін педагог суретті жинап алып, баладан қандай көлік түрлерімен танысқаны сұралады.



  • Мозайкамен көліктер жасау



Сергіту сәті.

«Бип – бип, бип»- дейді,

«Жолдан былай кет»- дейді,

Күшікті басуға,

Болмайды машина.



  • Машина жолын құрастыру

Ойын шарты: құрастырғышпен машина жолын құрастыру

Ойын мақсаты: баланың ұсақ қол маторикасын дамыту


Қорытындылау: балаларды мақтап, мадақтау.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
25.03.2019
3759
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі