Ашық сабақ "Көліктер"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Көліктер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың көлік түрлері жайлы білімдерін қалыптастыру,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,сөздік қорларын байыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Назгүл Амирғазы ,«Жұпар» бөбекжай балабақшасының ІІ санатты педагог-модератор тәрбиешісі Білім беру саласы:«Коммуникация» Сөйлеуді дамыту Тақырыбы :«Көліктер» Мақсаты:Балалардың көлік түрлері жайлы білімдерін қалыптастыру,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,сөздік қорларын байыту. Көрнекіліктер:Көлік түрлерінің суреттер,ойыншықтар. Әдіс-тәсілдер:Әңгімелеу,көрсету,сұрақ-жауап. Билингвалды компонент:Ұшақ-самолет-airplane,машина-машина-car.



Ұйымдастырушылық кезең:

-Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр.Алдымен қоңақтармен амандасып алайық. -Сәлеметсіздер ме ,апайлар!

Негізгі бөлім: Оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы : «Көліктер» Көліктердің бірнеше түрі болады.Бірақ біз олардың ішінде жүк таситын көлікпен,жолаушылар таситын көлікті әңгімелейміз. -Балалар сендер таңертен балабақшаға немен келесіңдер? -Машинамен. -Дұрыс айтасыңдар балалар. Көліктің адамға пайдасы адамның еңбегін жеңілдетеді,алысты жақындатады. Балалар суретке назар аударайықшы ? Көліктер әуе,су,жер, көліктері болып үшке бөлінеді. Әуе көліктері:Ұшақ . Су көліктері:Кеме,қайық. Жер көліктері:Машина,камаз.Бұл көліктердің арнайы жүргізушілері болады.Ұшақты-ұшқыш,машинаны-жүргізуші,кемені-капитан,қайықты-ескегін басқарып отыратын қайықшы жүргізеді.Жер көліктерінің өзі бірнеше түрге бөлінеді.Олар жүк тасымалдаушы және жолаушы тасымалдаушы ауыр және жеңіл машиналар.Ерте заманда мұндай көліктердің түрі болмаған,ол кезде көлік ретінде ат түйені пайдаланған ,бертін келе ғылыммен техника дамыған заманда көлік түрі көптеп шыға бастады.

Сергіту сәті: Сәлем! Сәлем! Шапалақ соғайық! Сәлем! Сәлем! Шапалақ соғайық! Көкке керіліп! Аяқты ұстайық! Айналып тұрайық! Сәлем жолдайық!

Сәлем!Сәлем! Аяқпен таптайық! Сәлем!Сәлем! Аяқпен таптайық! Көкке керіліп! Аяқты ұстайық! Айналып тұрайық! Сәлем жолдайық! Сәлем! Сәлем! Шапалақ ұрайық! Сәлем! Сәлем! Аяқпен таптайық! -Балалар, бойымызды сергітіп алдық, енді орындарыңа отырыңдар. Балалар қазір біз ұшақты әуеде ұшырып, қайықты суда жүзгізіп,машинаны құрастырайық.

Дидактикалық ойын: «Көлікті ата» Ойынның шарты: Балалар мына қорапшадағы көліктердің атын атайды.
Қорытынды: Балалар бүгін нелер жайында әңгімеледік? Балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтиже: Қайталайды:Көлік түрлерін ажыратуды. Түсінеді:Көліктердің пайдасын түсінеді. Қолданады:Сергіту сәтін іс-қимылмен орындайды,ойындар ойнайды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.11.2021
509
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі