400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Көліктер

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: Көліктер. Көліктер туралы түсінік беру, кеңейту. Қалай дыбыстайтынын айту. Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастырып /жерде, суда, әуеде/ білуге үйрету. Жолда жүру ережелерін сақтауға тәрбиелеу. Тыныс алу, ұсақ моторика, артикуляция жаттығуларын дұрыс орындалуын қадағалау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Көліктер.

Сабақтың мақсаты: Көліктер туралы түсінік беру, кеңейту. Қалай дыбыстайтынын айту. Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастырып /жерде, суда, әуеде/ білуге үйрету. Жолда жүру ережелерін сақтауға тәрбиелеу. Тыныс алу, ұсақ моторика, артикуляция жаттығуларын дұрыс орындалуын қадағалау.

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, слайд, сұрақ-жауап, жұмбақ шешу, ойын.


1.Мотивациялық-қозғаушы кезең.

-Сәлеметсіз бе, балалар!

Бақыт-біздің сиқырлы шеңберіміз,

Бақыт-біздің достарға сенгеніміз.

Бақыт-тапқан достармен достасуың,

Бақыт-кеште достармен қоштасуың.


Қайырлы күн досым!

Қайырлы күн болсын!

Бүгінгі күн қуаныш!

Сәттілікке толсын!


-Жарайсыңдар, балалар! Жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық.

Сұрақ-жауап:

Жыл мезгілдері?

Апта күндері?

Қыс мезгілінің айлары?

Тыныс алу жаттығу. Тонған қолдарды жылыту.

2.Жаңа сабақ. Әр түрлі көліктердің дауыстары шығады.

-Балалар ненің дауыстары естіледі?

Дұрыс машина, поезд, ұшақ т.б.

Бұл көліктердің дауыстары.

-Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Көліктер».

/Көліктер туралы түсінік беру/

-Балалар, мультфильмге назар аударайық. Бұл қай мультфильм?

Дұрыс, Тайо мультфильмі.

Тайоның қалашығында өзгерістер болған. Мұнда автобустардың қанаттары бар екен, олар аспанда ұшып жүр, ұшақ болса темір жолда.

Тайоға біз көмектесеміз ба? Олай болса бір неше тапсырма орындаймыз.

3.Артикуляция жаттығу. «Піл, бақа, сусиыр, алтыбақан, ат шауып келеді»


4.Жұмбақ шешу.

Бұлттар менен көктегі,

Мен боламын туысқан.

Озық шығам құстарды,

Қанат қақпай ұшамын. /Ұшақ/


Теңізді жүздім балықтай,

Дүниені кездім жалықпай.

Көліктердің бір түрі,

Мен боламын қайықтай. /Кеме/


4 аяғым дөңгелек,

Адамсыз мен жүрмеймін.

Барлығы жерге жеткізіп,

Қаласаңыз апарам. /Машина/


5.Ойын «Не артық?» Автобус, поезд, машина, ұшақ келсе т.б.

6.Сергіту сәті. Орнымыздан тұрып:

Орнымыздан тұрамыз,
Қанатымызды жаямыз,
Ұшақ болып ұшамыз.
Кеме болып жүземіз.
Машин болып жүреміз
/қимылдарын көрсетіп жасаймыз/

7.«Есіңде сақта» /суреттердің орнын ауыстырып, немесе біреуін алып тастау/

8.Карточкамен жұмыс.

9.Қорытынды. Ұсақ моторика. Жіпті орап отырып, көліктерді сипаттайды.

10.Балаларды мадақтау.


\









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15.06.2022
622
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі