400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Көліктер және оның түрлері "

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға қозғалыс көлік түрлерін танып білу және оларды ажырату.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Күні:16.01.2019ж

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі:Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Көліктер және оның түрлері

ҰОҚ оқытылу мақсаты:

0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау

0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы

бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану

0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау

0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып

жеткізу

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

І. Дұрыс әсерлі көңіл

күй орнату.

0-2 минут


(Ұ) Көніл күй орнату

Қуанамын менде

Қуанасын сенде

Қаунамыз бәріміз

Арайлап атқан әр күнге.

-Жарайсындар балалар!

Оқу іс-әрекетіне сәттілік тілеймін!

-Балалар сендердін алдарында қиындылар жатыр сол қиындылардан суретті құрастырайық.

Құрастыру барысында көліктін түрлері анықталады.

-Суреттерде нелер бейнеленген?

-Көліктер.

-Демек, балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетінде көліктер туралы ой қозғаймыз.

Жарайсындар балалар!


ІІ. Мақсатты болжам.

3-5 минут

ҰОҚ ортасы


Педагог балаларға жұмбақ жасырады.

Кеудесінде жаны жоқ,

Тамырында қаны жоқ.

Су ішеді, май жейді,

Бұларды не дейді? (Көліктер)

Жарайсыңдар

Әліппе-дәптер



ІІІ. Тақырып бойынша

жұмыс

6-27 минут


Педагог көлік және оның түрлерімен

танысатынын және көліктердің түрлері көп

екенін айтады. Соның ішінде адам таситын

және арнайы қызмет көліктері болады.

– Адам таситын көліктерді атап беріңдерші.

– Ал арнайы қызмет көліктеріне нелер жатады?

Әліппе-дәптермен жұмыс:

1-тапсырма. Сурет бойынша көлік түрлерін

атап бер. Бұл көлікті кім жүргізеді?

Жаңылтпаш жаттау:

Иса мәшине жуса,

Мұса да мәшине жуады.

Сергіту

Әліппе-дәптермен жұмыс:

2-тапсырма. Жұмбақ шешейік.

Төбесінде ебелек,

Ұшады ол керемет. (Тікұшақ)

Табанында жолы бар,

Төбесінде қолы бар. (Трамвай)

Арқасында ауыл жүр,

Ала тайым шауып жүр. (Автобус)

3-тапсырма. Суретті толықтырып сал.

4-тапсырма. Дидактикалық ойын:

Сәйкестендіру

Егер көлік жермен жүрсе, бұл жер көлігі

-Автобус

Егер сумен жүрсе, бұл су көлігі

-Кеме

Егер әуеде ұшса, бұл әуе көлігі

Ұшақ

Сонымен, ұшақ әуе көлігі, кеме су көлігі, автобус жол немесе жер көлігі.

Педагог балалармен қоғамдық көлікте

ережелерді сақтау туралы әңгімелеседі.

Ережелерді балалармен бірге талқылау.

– Қоғамдық көлікке ешкімді итермей, асықпай

кір.

– Айналадағы адамдармен сыпайы сөйлес.

– Көліктің ішін ластама, орындықты сызба.

– Жолақысын уақытымен төле.

– Үлкен кісілерге орын бер.







Әліппе-дәптер


IV. ҰОҚ

қорытындысы.

Рефлексия.

28-30 минут


Педагог қорытынды жасайды. Балаларды

марапаттайды.

(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап

қорыту.

Балалардан мәшинені түсті қарындашпен

бояуын сұраңыз:

Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;

Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары

қарындашпен;

Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын

– жасыл қарындашпен.

Әліппе-дәптер, түрлі-түсті қарындаштар__



Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Сөздердің мағыналарын түсінеді.

Әнгіме құрастырады, сөздік қорын кеңейтеді.

Көптілділік: жол – дорога – road, көлік – транспорт – transport

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Көліктер, жердегі көліктер, әуедегі көліктер

Пікір алмасу сұрақтары:

Қандай көлік түрлерін білесіңдер?

Көптілділік: жол – дорога – road, көлік – транспорт – transport

Өткен ҰОҚ алған білім Балалар бағдаршамның қызметін біледі.

Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды. Көліктің түрлерін біледі.

Көпшілік тәрбиеленушілер: Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін

түсінеді, мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде

қолданады.

Кейбір тәрбиеленушілер: Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжайды.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
948
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі