400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Көліктер МАД сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
Көлік жайлы білімдерін қалыптастыру, аттарын, түрлерін ажыратуға үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Ергалиева Алмагул Базарбаевна

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп –интернаты, МАД сыныбының тәрбиешісі

Ашық сабақ Айналамен танысу

Тақырыбы: «Көліктер»

Мақсаты: 

Білімділік: Көлік жайлы білімдерін қалыптастыру,  аттарын, түрлерін ажыратуға үйрету.


Дамытушылық: Балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік  қорын жетілдіру, қағаздан құрастыру арқылы қол моторикасын дамыту.


Тәрбиелік: Достық пен сыйластыққа, өзін қоршаған ортада мәдениетті ұстауға, әдепті,әдемі болуға тәрбиелеу.



Көрнекілігі: көлік түрлерінің суреттері,  жол ережелері суреті, слайд.

Сөздік жұмыс: машина, ұшақ, пойыз, қайық.

Билингвальды компонент: машина- машина-car, ұшақ- самолет-plane, пойыз-поезд- train, қайық- лодка- boat, көлік- транспорт - vehicle.

Мотивациялық-қозғаушылық

- Балалар сендер күннен күнге әдемі, ақылды болып өсіп келесіңдер. Сендер барлық жақсылықты бойларыңа сіңіріп Қазақстанның үлгілі азаматы болып өсулерің  керек, солай  ма?

- Олай болса, бүгінгі ұйымдастырылған іс- әрекетімізді бастайық.

Жылулық шеңбері

Қайырлы күн, достым,

Қайырлы күн болсын!

Сейсенбінің сәті,

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз,

Таза достық болсын!

Ұйымдастырушы-ізденуші:

- Балалар, қазір сендермен көлік деген сөздің  төңірегінде әңгіме жүргіземіз, сұрақтарға жауап  беріп, жұмбақтар шешеміз.

- Көлік дегеніміз не?

- Ол адамға неге қажет?

- Сендер мектепке қандай көлік түрлерімен  келесіңдер?

- Ал енді, мен жұмбақ жасырамын.

   Жұмбақтар

1.  Тізбектелген көп үйлер,
Көшіп жүрген көк үйлер 
(пойыз)

2.  Құс сияқты құс емес,
Жүрсе де тым биікте.
Қақпайды бір қанатын,
Жүрсе де тым биікте 
(ұшақ)

3.  Қос күрекпен еседі,
Су көлігі деседі 
(қайық)

4. Жүргізуші  жүргізеді,
Төрт аяқты батырды 
(машина)

Тәрбиеші:

- Балалар, мына суреттерге қараңдаршы.  Көліктердің қандай түрлері болады?

Әңгіме: «Көліктер». Слайд арқылы көрсетіледі.

  Адамдар көліктерді алыс жерлерге қатынас  жасау үшін пайдаланады. Көліктердің төрт  түрлері бар. Олар:

   1. Әуеде ұшатын көліктер: ұшақ, тікұшақ, әуе шары, зымыран;
   2. Суда жүзетін көліктер: қайық, кеме, су асты қайығы;
   3. Жерде жүретін көліктер: автокөлік, автобус, тролейбус;
   4. Темір жол көліктер
і: пойыз, трамвай;

 Ал енді, балалар, осы көліктерді танысайық.

  Ерте, ерте, ертеде адамдар алыс жерлерге  жануарлар арқылы және жануарларға жегілген  екі дөңгелекті арбамен қатынаған. Кейінірек адамдар машина, автобус сияқты жерде жүретін көліктерді, содан кейін темір жол көліктері: пойыз, трамвайды ойлап тапқан.

- Балалар, сендер құс сияқты ұшқыларың келе ме?  Міне, адамдар түрлі жолдарын ойластырған, ең алдымен әуе шары пайда болды да, кейін моторы бар ұшақтар мен тік ұшақтарды ойлап тапты.

- Балалар, сендер суда жүзіп көрдіңдер  ме?

- Ал қайықпен ше?

- Адамдар ертеде үлкен өзендерден бөренелер  арқылы жүзіп өткен. Қайықтарды, кемелерді уақыт өте ойластырып тапқан.

-Ал енді, балалар, сергіту сәтін жасап бір сергіп  алайық (шеңбер бойымен тұрғызу).

            Сергіту сәті

Қане, қанат жазайық,
Ұшақ боп ұшайық.
Ұшып - ұшып алайық.
Орнымызға қонайық.

–Балалар, жолаушылар жүретін көліктерде өз ережелері бар:

1.  Автобус, пойыз, троллейбусқа мінгенде  міндетті түрде жол ақысын төлеу керек.

2. Үлкен адамдарға орын беру керек.

3. Қатты сөйлеуге, жүруге болмайды.

4. Отырған жерлеріңді таза ұстауларың керек.

Дидактикалық ойын:  «Қай көліктің дауысың естіп тұрсың?»- оқушылар аудиотаспа тыңдап, қай көліктің дыбысы екендігін табады.

Ал, балалар, бүгін қандай жаңа сөздер білдік.

1.Машина- машина-car;

2. Ұшақ- самолет-plane;

3.  Пойыз-поезд- train;

4. Қайық- лодка- boat;

5.Көлік- транспорт-vehicle.

Қағаздан бүктеу әдісі арқылы қайық құрастыру.

Қорытынды:

Бүгінгі сабағымызды тілдік жаттығумен аяқтайық.

Ме-ме-ме мынау кеме,

Ақ-ақ-ақ ұшады ұшақ!

Ақ-ақ-ақ менде бар тікұшақ.

Ық-ық-ық жүзеді қайық.

Ік-ік-ік бәрінің аты көлік.

Жарайсыңдар, балалар!

Осымен бүгінгі  іс- әрекетіміз аяқталды.  Балаларды мақтау-мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Нені білді: Көлік түрлерін ажыратып, қызметін біледі.

Нені игерді: Барлық көліктер адамға қызмет етеді. Көліктің түрлерінің өзгеріп, көбейюі адамның қиялына, шығармашылығына байланысты  екен.

Меңгерді: Көліктердің сыртқы құрлысы мен қызметіне қарай ажыратады. Жолда жүру ережелерін сақтауды.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
625
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі