400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Комбайыншы" "Қатқан нан" Мектепалды даярлық

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа технология. Жас мамандарға көмек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бастауыш сынып мұғалімі Килибаева Райханның

қысқа мерзімді жоспары


Күні:

Пәні: әдебиеттік оқу


Сыныбы: 3

Сабақтың тақырыбы:

Комбайншы. Қатқан нан

Жалпы мақсаты:

Оқушылар комбайншының атқаратын іс-әрекеті туралы мағлұмат алады, нанды қадірлей білу деген ұғымды қалыптастырады.

Ауызекі сөйлеу тілдерін дамытады . Оқушылардың бойына нанды қадірлей білуге, еңбекті бағалай білуге дағдыландыру басты мақсат болып табылады.

Сілтеме:

Ана тілі оқулығы,

Ана тілі пәнінің әдістемесі, интернет желісінен алынған мәліметтер.

Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері

Оқу нәтижесі:

Мәтіндегі негізгі ойды аша біледі. Нан туралы толық мағлұмат алады. Топпен жұмыс істеуге қалыптасады.

Негізгі идеялар:

Еңбекті, нанды құрметтеу арқылы әдептілікке үйренеді.

Қолданылатын материалдар:

АКТ

Постер, фломастерлер, стикерлер

Оқыту формасы, технологиясы, әдістері:

Топпен жұмыс , жеке жұмыс.

Блум таксономиясы. Диалогтық оқыту, зерттеушілік әңгіме

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық

Дайындық

(3минут)


Үй тапсырмасын тексеру

(5 минут)

АКТ. Көңілді әуенді қосып, оқушылармен бірге сергіту жаттығуларын жасау.

Оқушыларды 1, 2 деп санау арқылы топқа бөлу


Нанды құрметтеу ережесін қалай құрдыңдар?

Музыка ырғағымен би жаттығуларын жасайды.

Санау арқылы 2 топқа бөлінеді


Нанды құрметтеу ережесін қалай құрғандарын оқып береді.

І. Білу

(5минут)

Бейнеролик көрсету. Жұмбақ жасыра отырып балалар әңгімеге тартылады,ой түрткі жасалады.Екі топқа екі мәтін беріледі. Мәтіннің авторлары туралы білгендерін айтады. Әр топ өзіне тиісті мәтінді оқып, мазмұнын ашады.

Өздеріне мақсат қоя білуге үйренеді.

Әр оқушы өз білімдерін ортаға салады.

ІІ.Түсіну

(7минут)

Сұрақ-жауап бойынша мәтіннің мазмұны талданады. Әр топ өздеріне тиісті тақырып төңірегінде түсіндірме жұмыс жүргізеді.

1-топ:-Мәтін қалай аталады?

-Комбайншы деген кім?

-Автор туралы не білесіңдер?

-Өскенде қандай мамандық иесі болғыларың келеді?

2-топ: -Мәтінде не туралы айтылады?

-Балалар түскі асқа барғанда қандай өзгерісті байқады?

-Дастарқанда неге қатқан нан тұрды?

-Оқиға соңы немен аяқталады?


Әр топ өздеріне тиісті тақырып төңірегінде түсіндірме жұмыс жүргізеді. Қарсы топ оларға сұрақтар қою арқылы тақырыпты пысықтайды.


Оқушылар өз пікірлерін айтып, сұрақтарға жауап береді.

Топ мүшелері жауаптарды өзара бағалап отырады.



ІІІ. Қолдану

(5минут)

«Комбайншы » мен «Қатқан нан» шығармаларының ұқсастығы мен айырмашылығын тап




«Комбайншы » мен «Қатқан нан» шығармаларын салыстырады. Венн диаграммасы пайдаланылады.

ІҮ. Талдау

(5минут)


Сонымен, «Комбайншы» шығарманың қай түріне жатады екен? Ал «Қатқан нан» ше? Неліктен? (Оқушылардың жауабы күтіледі)

-Комбайншы өлеңі арқылы ақын нені айтқысы келді?

-Қатқан нан әңгімесінің астарында қандай ой жатыр?

-Жазушы мұнымен бізге не айтқысы келді екен?

Оқушылар өз пікірлерін айтып, сұрақтарға жауап береді.


Оқушылар өз ойларын ортаға салады,

Екі топ та өз тақырыптарындағы негізгі ойды анықтайды.



.







Ү.Жинақтау

(5минут)

Постермен жұмыс: 1-топ: Жер-Ана адамдарды ерте заманнан асырап келеді. Жер адамға жемісін бермей қойса, аштық басталады. Аштықты болдырмас үшін не істер едіңдер? 2-топ: Қатқан нан туралы не айта аласыңдар? Нанды қалай қастерлеуге болады?

Оқушылар өз ойларын айта отырып постерге жазады, оны спикерлер тақтаға шығып қорғайды. Топтың жұмыстары бағаланып отырады.

ҮІ.Бағалау

(5минут)

Балаларға шығармашылық тапсырма беріледі: «Нансыз өмір жоқ» тақырыбында эссе жазу тапсырылады.

Нан туралы ережені тағы бір қайталанып пысықталады.

Жинаған ұпай сандары арқылы бағаланады.

Балалар «Нансыз өмір жоқ» тақырыбында эссе жазады. Нан туралы ережені тағы бір қайталап, толықтырады. Жинаған ұпай сандарын санау арқылы топтық бағаны шығарады, жеңімпаздар анықталады.

V. Үйге тапсырмасын беру

(2минут)

«Комбайншы» өлеңі мен «Қатқан нан» әңгімесін қайталап оқып келу;

Мәтін желісіне сурет салу;

Оқушылар күнделіктеріне жазады.

VII. Рефлексия

(3минут)

-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Оқушылардың іс-әрекеттерін бағалау парағына жазылған критерийлер бойынша бағалау

Балалар өз ойларын стикерге жазып, күн шуағының айналасына жапсырады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1035
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі