400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Ашық сабақ "Комбинаторика элементтері және оларды оқиғалардың ықтималдықтарын табуда қолданылуы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Дайын ашық сабақ материалы, 10-сынып Алгебра және анализ бастамалары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Тастемір Ж.Б.

Сынып: 10 Ә

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Комбинаторика элементтері және оларды оқиғалардың ықтималдықтарын табуда қолданылуы. 

Оқу мақсаты

10.3.1.1 - қайталанбайтын және қайталанбалы «алмастырулар», «орналастырулар», «терулер» ұғымдарын ажырата білу;

10.3.1.2 - қайталанбайтын алмастырулар, орналастырулар және терулерді есептеу үшін формулаларды қолдану;

10.3.1.3 - қайталанбалы алмастырулар, орналастырулар және терулерді есептеу үшін формулаларды қолдану;

10.3.1.4 - комбинаторика формулаларын қолданып, ықтималдықтарды табуға есептер шығару;

Сабақ барысы


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

I. Ұйымдастыру кезеңі.

- оқушылардың зейінін шоғырландыру;

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу;

- оқушылардың «жақын даму аймағын» анықтау, сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау.

Оқушылармен сәлемдесу. Бүгін бір-бірімізбен қол алысып амандасайық.Енді бір қызық сұрақ. Егер осында отырған барлық оқушылар бір-бірімен қол алысып амандасса, неше рет қол алысамыз. Біздің санымыз 20 . 20 адамның әрқайсысы 19 адаммен қол алысады. 20*19=380 екі еселенген қол алысу санын береді, сондықтан бұл санды екіге бөлу керек 380/2= 190. Сонда бәріміз бір-бірімізбен 190 рет қол алысады екенбіз.


II. Нені білеміз?

Сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты еске түсіру.


  1. Санның факториалы дегеніміз не?Ол қалай белгіленеді? n!=1·2·…·n

  2. Қосу ережесі

  3. Көбейту ережесі

  4. Қайталанбайтын орналастыру формуласы

  1. Қайталанбалы орналастыру формуласы

  1. Алмастыру формуласы

  2. Қайталанбайтын теру формуласы

ІІІ.Жұптық жұмыс

Жұптық жұмысты бастамай тұрып, сыныпты жұпқа неше тәсілмен бөлуге болады. Осыны есептейік. Қандай комбинаторика формуласын қолданамыз?



Әр жұпқа топтың нөміріне сәйкес Plickers карточкасы беріледі. Тақтада кезегімен 5 сұрақ және есеп көрсетіледі. Жұппен жұмыс істей отырып дұрыс нұсқасын көрсету керек.


1-сұрақ.

Келесі сөздегі әріптердің әр түрлі алмастырулар санын табыңыз: Т Ы Ш Қ А Н

Жауабы: 6

2-сұрақ.

Олимпиадаға 12 оқушыдан 4 оқушыны таңдаудың неше тәсілі бар?

Жауабы:

3-сұрақ.

Оқушы 8 күнде 4 әртүрлі бақылау тапсыруы тиіс. Ол оны неше тәсілмен жасай алады?

Жауабы:

4-сұрақ.

1,2,3 цифрларын бір реттен қолданып неше үш таңбалы сан құрастыруға болады?

Жауабы: 6

5-сұрақ.

Бөлімде 5 үздік маман және 8 бас маман жұмыс істейді. Іс-сапарға 2 үздік және 2 бас маманды жіберудің қанша тәсілі бар?

Жауабы:



IV. Кітаппен жұмыс


Кітаптағы тапсырмаларға назар аударту.

Тақтаға 2 оқушыны шығару.


V. ҰБТ-те «Комбинаторика» тақырыбына кездесетін есепті қарастырайық.


Асхана мәзірінде 3 бірінші, 4 екінші тағамның және 5 сусынның тізімі бар. Осыдан барлығы неше түрлі «түскі астар» құрастыруға болады.

Жауабы:


VІ. Топтық жұмыс


Оқушылар өздерінің ұялы телефондарын қолданып тақтада көрсетілген QR-код арқылы ойынға кіреді.

Бұл сайт оқушыларды рандом түрде 3 топқа бөледі. Оқушылар өз топтарының мүшелерін іздеп , жиналады. Бәрі жиналған соң ойынды бастаймыз. Тақтада көрсетіліп тұрған диаграмма арқылы қай топтың алды келе жатқанын көреміз.

Сұрақтардың арасында формулалар және есептер болады.

1.Есептеңіз = 42

2.Есептеңіз

3.Теңдеуді шешіңіз n=3

4.

5.


Презентация



























Plickers сайты



























Кітап







Презентация






Quizlet сайты

VІІ.Сабақтың соңы

Кері байланыс. Оқушыларға сұрақтар қойылады.

1.Қай есепті шығару қиынға түсті?

2.Сабақтың қай бөлігі қызық болды?

3.Бүгінгі сабақ толық түсінікті болды ма?


Оқушыларды сабақтағы белсенділігіне сай бағалау.


Үй жұмысы:



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
21 ұстаз жүктеп алған
2 ақпан
6753
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі