400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Көмектес септік 4сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілінен ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы: Көмектес септік.
Сабақтың мақсаты
:

Білімділігі:Оқушыларға көмектес септік атау тұлғадағы сөзге –мен, -бен, -пен жалғаулары жалғану арқылы жасалатынын түсіндіру; көмектес септігіне қойылатын сұрақтармен таныстыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың  сөз байлығын арттыру, сауатты жазу 

дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту;        

Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, жинақылыққа, сауаттылыққа әрі көркем жазуға  тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік, топпен жұмыс, жұппен жұмыс
Сабақ көрнекілігі:слайд, кесте
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал.
Кәне, балалар бәріміз орнымыздан тұрып ортаға шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімізді ыстық лебізімізді жүрегіміздегі жылулықты бір- бірімізге алақанымыз арқылы берейік.
Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз.

Біз бүгін жай сабақ емес топтық жұмысын көрсетеміз. Сондықтан қазір біз екі топқа бөлінеміз. Енді партаның үстіндегі түрлі түсті стикерлерге қараңдаршы, кімге қандай түстер ұнайды әркім сол түстерді алады да әр үстел үстіндегі сандардың артында тұрған түстерге барып отырасыңдар. Бүгінгі сабақта балалар өздеріңді смайликтер арқылы бағалайсыңдар. Қазір бізде үш түрлі смайликтер.( Көңілді , ренжулі, қатты өкпелі)



Ал, енді балалар қолдарыңдағы стикерлердің артында сұрақтар жасырылған . Үй тапсырмасын осы сұрақтар арқылы тексеремін. Бәріміз мұқият қараймыз.Қане кім дайын қолдарыңды көтеріп жауап беріңдер.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау.Стикердегі сұрақтар бойынша. ( осы сұрақ арқылы жаңа тақырыпқа көшу.)

ІІІ. Жаңа тақырып.

Дәптерге күнді белгілеу.

Тақтамен жұмыс.69-жаттығуды түсіндіру.(сөйлемдерді әр балаға оқыту)

7-слайд.Көмектес сөзінің мағыналас,мәндес сөздеріне түсінік беру.


Балалар,біз жұптық жұмыс түрін көрсетеміз.

Алдарыңа сәйкестендіру картасын таратамын.Бірінші бағанда септіктер жазылған,екінші бағанда сөздер берілген,осы сөздерді дұрыс сәйкестендіру керек.Сендерге 2 минут уақыт беріледі.Орындап болсақ әр кім өз жұбының жұмысын тексеріп,шетіне қарындашпен бағалап қояды.(2 оқушыға оқытып,тексерту)

Атау септік

Ілік септік

Барыс септік

Табыс септік

Жатыс септік

Шығыс септік

Көмектес септік


әженің, заттың

демалысты, қаламды

оқушылар, мұғалім

ауылмен, отпен

ауылдан, отпен

сабаққа, кітапханаға

Астанада, далада




(10 слайд жалғауларды түсіндіріп кету.)

Оқулықпен жұмыс 134 бет 70 – жаттығу.

Мақалды жатқа жаздырту. Мақалдың мағынасын ашу.

1.Оқу - инемен құдық қазғандай.

2.Сумен ойнама - батарсың

Отпен ойнама - күйерсің

Терме диктанты.алдарыңа қазір қағаз таратамын осы берілген сөздерді сай септіктерге теріп жазыңдар.

Суретшінің, ата, еңбекпен, даланы, кірпіштен, жылқыға, қалада, қағазбен, аспанда, Арайдан, қонақты, әншіні, ағаш, дүкенге, өсімдіктің, гүлдер, отқа, досыммен, адамның, темірден, үстелде

Тексеру.

Сабақты бекіту.

Альтернативтік тест қазір тақтадан мен оқып тұрамын сендер дұрыс жауабын «иә», «жоқ» деп тез айтып жауап бересіңдер.

1. Зат есімнің септік жалғаулары арқылы өзгеруін зат есімнің септелуі дейміз.

2. Қазақ тілінде 6 септік бар.

3. Кімнің? Ненің? шығыс септігінің сұрақтары ма?

4. Барыс септігіндегі сөзге кімге?неге? деген сұрақтар қойылады

5. Шығыс септіктің жалғаулары: - мен, -бен, -пен

Сабақты қорытындылау.

Бүгін сабақты қалай меңгергендеріңді семантикалық карта арқылы тексеремін.

Әр оқушы өзінің алдына берілген картаға дұрыс жауабын қосу таңбасы арқылы қояды.

№

Септіктер

                 Сөздер

Атау

Ілік

Барыс

Табыс

Жатыс

Шығыс

Көмектес

1

қалаға








2

судан








3

ұстазды








4

сыныпта








5

ағаммен








6

інімнің








7

алма








Үй тапсырмасы.

Бағалау. Әр топтың топбасшысы өзінің тобындағы оқушыларды бағалайды.

«Жезкент кентінің мектеп-лицейі»КММ











Тақырыбы: «Көмектес септік»







Өткізген: Кожахметова Ж.К.

Сыныбы: 4 «ә»












Жезкент 2018ж.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
2317
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі