400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Көміртектің жалпы сипаттамасы" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сыныпта "Көміртектің жалпы сипаттамасы" тақырыбында жасақталған сабақ үлгісі жаңартылған білім мазмұны бойынша химия пәні мұғалімдері мен жас мамандарға тәжірибе алмасу мақсатында сабақтарында қолдануға ұсынылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

8.4В Көміртек және оның қосылыстары

Мектеп: Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға

арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернаты


Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Ахмет Бақтылы Өтеуханқызы

Сынып: 8 «ә» Қатысқандар: 20 Қатыспағандар: -


Сабақтың тақырыбы

Көміртектің жалпы сипаттамасы


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.4.3.1- көміртек неліктен көптеген қосылыстарында төрт байланыс түзетінін түсіндіру

8.4.3.2 - табиғатта көміртек және оның қосылыстарының таралуын сипаттау


Сабақтың мақсаты

Көміртек көптеген қосылыстарында төрт байланыс түзетінін атом құрылысы тұрғысынан түсіндіру

Көміртек және оның қосылыстарының қолдану саласын таныстыру. Табиғатта көміртектің үздіксіз айналымын түсіндіру.


Бағалау критерийі

Көміртегі - атомның белгілі бір түрінен тұратын зат ретінде сипаттайды.

Атомның құрылысын және ядро құрамын анықтайды.

Көміртектің электрондық, электронды –графикалық формуласын жаза алады.

Көміртектің қолданылу саласын зерттейді.


Тілдік мақсаттар


Элемент, жай зат, бейметалл. Электрон, протон, нейтрон. Энергетикалық деңгей, орбиталь, сыртқы қабат, электрондық формула, табиғи газ, мұнай, торф, алмаз, графит, карбид, кальцид, табиғаттағы айналым.


Құндылықтарға баулу

-бірін-бірі тыңдау, қарым-қатынас жасау қабілеті;

- топта бірлескен жұмыс және жауапкершілікке баулу;

-шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;


Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану пәнінен заттардың құрылысы мен қасиеттері, атмосферадағы көміртегінің үлесі, физика пәнінен атом құрылысы, ағылшын тілінде-аtom, element, proton, neutron, orbital, carbon, т.б. терминдермен жұмыс.


Алдыңғы білім


Атомдағы электрондардың қозғалысы мен энергетикалық деңгейлерге таралуын.

Моль, молярлық масса. Авогадро заңын, химиялық формулалар бойынша есептеулер жүргізуді. Жану реакцияларының теңдеуін құрастыруды. Элементтерді периодтық кестедегі орны бойынша сипаттауды.



Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Сабақтың басы










5 мин















5 мин




Оқушыларға көтеріңкі күй сыйлау. «Сағат тілі» әрбір оқушы сағат тілдерінің тұсына сыныптағы оқушылардың аттарын жазып шығады. Сағат тілі 1-2 (қол алысып), 3-4 (күлімдеп), 5-6 (басынан сипау арқылы), 7-8 (ыстық ықыласпен), 9-10 (жарқын сөйлеп), 11-12 (үш тілек) арқылы бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.


Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықтауға ширату жаттығуы ұсынылады.


Мұғалім оқушылар назарына ешқандай түсіндірме жазбасы жоқ ХЭПЖ мен 1-үлестірме тапсырма ұсынылады.

IV

↓

2→ 6 element, аtom?

Мына жазулар нені білдіреді? Бүгінгі сабақта қай элементпен танысамыз? деген сұрақтарға оқушылар өз түсініктерің айтады.


Бұл жаттығуды шағын топтарда жазбаша орындап, әр топтың жауаптарын талдай отырып, талқылауғада болады. Оқушылардың назарын тапсырмаға шоғырландыра отырып, сабақ мақсаттары анықталады.


Жаңа материалды оқыту:

Оқушыларға сұрақ қоя отырып, физика курсынан және 8.1.1-8.1.3 тақырыптардан алған білімдерін жаңғырту үшін «жақын арадағы даму аймағына» қатысты «Ой шақыру» тапсырмалары беріледі.

1-тапсырма. Топтық талқылау

1 топ. Кестені толтыр

Көміртегі атомындағы электрон, протон, нейтрон сандарын, салыстырмалы атомдық массасын, аталуын анықтаңыз:


Элемент

таңбасы


Аталуы

Реттік

номері


proton, neutron?

Электрон

саны,

ядро заряды


Салыстырмалы

атомлық

массасы








2 топ. Мәтінмен жұмыс

Бос орындарды толтырыңыз.

№ 6 реттік номерлі элемент атомының ____ электроны, _____ протоны, ______ нейтроны бар, ядро заряды _____тең. Оның электрондары _____ деңгейге таралып орналасады, қабат саны _ _ _ _ _ _ _ _ _ сәйкес келеді.


3 топ. Кестені толтыр

Кестедегі бос орындарды толықтырыңыз.

№ 6 элемент

таңбасы

элемент атауы, оқылуы

Элементтің ПЖ орны, периоды, тобы

Электрондық,

графикалық формуласы


Мүмкін болатын валенттілігі








Бағалау критерийлері

дескрипторлар

ұпай

  1. Кесте, мәтінмен жұмыс жасай алады.


2. Периодтық жүйедегі орны бойынша көміртек элементің сипаттайды.


3.Электрондарды деңгейлерге орналастыру жолын біледі.

1.Элементтің атауын, құрылымын және қасиетін анықтай алады.


2.Көміртектің периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттама бере алады.


3. Электрондық, графикалық

формуласын жаза алады.


1



1




1



Интерактивті тақтада

«Сағат тілі» шарты беріледі


1-үлестірме тапсырма


Химиялық элементтердің периодтық жүйесі










www. Bilimland

элетронды оқулықтан

атам құрылысы

8 сынып оқулығы,

Авторлары:

М.Қ.Оспанова,

Қ.С.Аухадиева,

Т.Г. Белоусова.

Алматы «Мектеп»2018



Интерактивті тақтада әр топтың

1-тапсырмасы көрсетіледі




Сабақтың ортасы

25 минут


































2-тапсырма топтық жұмыс

1 топ.

Сұрақ

жауап

Көмңртектің химиялық таңбасы, периоды, тобы?


Мүмкін болатын: валеттіліктері, тотығу дәрежелері?


Көміртектің қарапайым формуласы қай жылы ашылды?


Көміртек элементін ашқан қай елдің ғалымы, аты-жөнін атаңыз


Латын тілінен алынған «carbo» сөзінің мағынасы?



2 топ.

№12 элемент таңбасын, периодын, тобын жаз

Электрондардың энергетикалық деңгейлерде орналасуын көрсет

Электрондық формуласын және орбитальдарда орналасуын жаз

С (II) және (IV) оксидіне, +4, - 4 тотығу дәрежесіне сәйкес келетін қосылысына мысалдар келтіріңіз







3 топ.

Төмендегі жазулар нені білдіреді?

мысалдар келтір, себебін түсіндір?

12C6 2ē 6ē

6C 1s2 2s2 2p2

+4, – 4, + 2

Көміртектің қосылыстарда

IV валентті болуы







Бағалау критерийлері

дескрипторлар

ұпай

  • Көміртекті периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттай алады,

  • көміртектің атом құрылысы тұрғысынан төрт байланыс түзетінін түсінеді,

-Көміртектің ашылу тарихын біледі.


-Көміртек қосылыстарының формуласын құрастырады, жіктейді, атайды.

1.Элемент атауын, атом құрылысын, оның қасиеттерін анықтай алады.


2.Периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттама бере алады.


3. Көміртектің ашылған жылын, аталуын біледі.


4.Көміртектің оттегі және сутегімен қосылысының формуласын жаза алады, жіктейді, аталуын біледі.

2



2



2



2


3 – тапсырма (топтық, жұптық жұмыс)

1 топ.

  1. Көміртектің неліктен органогенді элеменке жататынын түсіндір?

  2. Құрамына көміртек кіретін минералдардың формуласын жазып, кальциттің құрамындағы көміртектің массалық үлесін (%) табыңдар.

  3. Массасы 22г көмірқышқыл газының көлемін табыңдар.


2 топ.

  1. Көміртектің бос күйінде кездесетін түрлерін ата?

  2. Зат мөлшері 0,2 моль көмірқышқыл газының (қ.ж.) көлемін табыңдар.

  3. Көміртектің табиғаттағы айналымы (5 сөйлем, 1 түйін).

3 топ.

  1. Құрамында көміртек кездесетін табиғи қосылыстарды ата.

  2. Адам денесіндегі көміртектің массасын қалай есептеуге болады? Өз денеңіздегі көміртектің массасын табыңыз.

  3. Көмірқышқыл газының 66 грамында қанша молекула болатынын табыңдар.



* Қосымша тапсырмалар:

  • 1,2 г көміртегіні жаққанда 42 кДж жылу бөлінді. Көміртегі (IV) оксидінің түзілу реакциясының термохимиялық теңдеуін құрыңдар.

  • Құрамында элементтердің массалық үлестері мынадай: натрий-33,35%, көміртек – 8,76%, оттек – 34,8 %. Тұздың қарапайым формуласын табыңдар.


Бағалау критерийлері

дескрипторлар

ұпай

  • Көміртектің органогенді элемент екенін түсінеді.


  • Құрамында көміртек кездесетін қосылыстардың формуласын құрастыру.


  • Есептің шартын түсінеді, шығару жолын біледі.


1. Көміртектің табиғатта бос және қосылыс түрінде кездесетінің біледі,


  1. Көміртек қосылыстарының формуласын құрастырып, реакция теңдеулерін жаза алады,


3. Есептің шартын түсініп, қажетті есептеулерді моль, көлем, массаны таба алады.

2



3





5


8 сынып оқулығы,

Авторлары:

М.Қ.Оспанова,

Қ.С.Аухадиева,

Т.Г. Белоусова.

Алматы «Мектеп»2018


Интерактивті

тақтада

әр топтың

2-тапсырмасы көрсетіледі
































Минералдар

коллекциясы


Интерактивті

тақтада

әр топтың

3-тапсырмасы көрсетіледі



«Көміртектің айналымы»

72 сурет





Сабақтың соңы




5 мин

Жаңа материалды бекіту: сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс.

  1. Көміртек неліктен органогенді элеменке жатқызылады?

  2. Көміртектің қосылыстарда көбінесе IV валентті болуы немен түсіндіріледі?

  3. Көміртектің сыртқы энергетикалық деңгейінде неше электрон орналасқан?

  4. 191 беттегі 2,3тапсырмаларды тақтада орындайды.


Сабақ соңындағы оқушылардың рефлексиясы: БББ тәсілі


нені білемін

нені үйрендім, білдім

нені білуім керек





Оқушылар өз ойларын спикерлерге жазып, ұсынылған кестеге орналастырады.


Мүмкін болған тұста оқушылар өз жұмысын және сыныптастарының жұмыстарын белгілі бір критерийлер бойынша бағалайды.


«Бағдаршам». Бақылау-бағалау рефлексиясы. Оқушылардың бірін-бірі, өзін-өзі бағалайды. Бұл тәсілдің мақсаты өзін және сыныптастарын әділ бағалауды үйренеді.










«Бағдаршам» түрлі-түсті стикерлер.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
21 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
3020
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі