400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Композиция дегеніміз не ?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бейнелеу өнері пәні мұғалімдеріне және бейнелеу өнеріне қызуғышылығы бар оқушыларға Композиция туралы ұғым ашық түсіндіріледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Қалалық білім бөлімінің

қосымша білім беру оқу-әдістемелік

орталығы директорының

оқу-тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары

______________А.А.Төлегенова






Қолданбалы қолөнер бөлімі







Ашық сабақ









Тақырыбы: « Композиция дегеніміз не?»




Үйірме жетекшісі: Бердеева А.А.














Қызылорда – 2018





Сабақтың тақырыбы: « Композиция дегеніміз не?»

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға композиция және перспектива жайлы кеңірек ұғым беру. Сурет салудағы тұтас құру қабілетін дамыту.
Дамытушылығы: Халқымыздың бейнелеу өнері шеберлерімен және олардың еңбектерімен таныстыру. Сурет салу арқылы қолды жаттықтырып оқушылардың шеберлігін ұштау.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды нәрселерді безендіру жұмыстарымен таныстырып, өздерінің ою - өрнектен композиция құрумен шұғылданып, осы өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар:
Сурет салуға арналған альбом, түрлі – түсті қарындаштар, АКТ бейнеролик т.б

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап.





























Сабақ барысы: 


І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, «Ауа райы» жаттығуын жасау


ІІ.Өткен сабақты қайталау

- Балалар, біз жаңа сабаққа кіріспес бұрын өткен сабаққа оралып, үй тапсырмасына шолу жасайық.

«Ыстық доп» әдісі

Ол үшін біз сұраққа тез жауап беру қажет себебі мен сіздерге ыстық доп лақтырам,қолымыз күймес үшін тез жауап береміз

Негізгі түстерді ата?

Суық түске қандай түстер жатады?

Жылы түске қандай түстер жатады?

Қарама қарсы түстер қандай түстер?

Контраст түстер дегеніміз не?

Туыс түстерге қандай түстер жатады?

Қосымша түстерге қандай түстер жатады?



Жаңа сабақ:


Оқушыларға композиция туралы видеоролик көрсету және жаңа сабақты түсіндіру.
Нақ нұсқаны қою, қай тұстан отыратыныңды анықтау, параққа суретті дұрыс орналастыру, бәрі де композициядан басталады. Композиция - латын сөзі, «ойлап шығару», «құрастыру» деген үғымды
білдіреді. Суретші шығармасында айтпақ ойы әсерлі болуы үшін бейнелейтін заттар мен адамдарды қоршаған нәрселерді белгілі тәртіп, үйлесімділік заңдылығы бойынша орналасуға көп көңіл бөледі. Бұл деген - композиция. Композиция дегеніміз - салынатын суреттегі барлық бөліктерді байланыстырып, орынды құрастыру, үйлестіру. Композицияның негізгі талабы – шығарманың көркемдік бірлігін табу. Бұл үшін суретші алдымен композицияның орталық нүктесін табу керек. Көрерменнің көзіне бірден түсетін, көлемі жағынан үлкен немесе көп орын алмайтын, бірақ назарды бірден өзіне аударатын шығарманың сәулелі немесе күңгірт тұсын, өзінің айналасындағы ортадан автордың қалауымен ерекшеленген ортаны композициялық орталық деп атаймыз. Суретшілер сурет салу барысында композиция көмегі арқылы өздерінің ойлары мен сезімін білдіріп, оларды толғандырып, өмір шындығы мен қиялын көрсете алады.
Кез келген суретті салу композициядан басталады. Композициялық әдістердің бірі салынған суреттің шекарасын толық көрсетпеу арқылы іске асырылады. Композиция суретшінің ойына байланысты заттың қозғалыстағы немесе бір қалыпты қозғалыссыз тұрған қалпын көрсетуге жол ашады. Сурет салғанда, көкжиек сызығын әр түрлі, кез келген биіктікте белгілеуге болады. Композиция шығарманың құрылымы тұрғысынан мазмұнның неғұрлым айқын, нанымды, әсерлі шығуына жағдай жасайды. Яғни ол шығарманың құрылысы, оның негізгі бөлшектерінің орналасуы, оқиғалардың баяндалу реті. Қарапайым сөзбен айтқанда, көркем шығарманың ішкі құрылысы толып жатқан бөлшектерден тұрса, үйлесімділік (композиция) сол бөлшектерді өзара құрастырып, біртұтас етеді. Композиция мен сюжет өзара тығыз байланыста болады. Кейіпкер өз ортасына лайық іс - әрекетте бейнеленеді және олардың іс - әрекетін, психологиялық ішкі толғанысын, бояу ерекшеліктерін композицияның жалпы тақырыбына байланысты көріп байқауға болады. Суретшінің белгілі көркем шығарма жазудағы ой - мақсаты. көркемдік – эстетикалық принципі (композициялық) үйлесімділік құрылысына сәйкес айқындалады.
Көркем шығармадағы үйлесімділік орта. Суреті салынатын нәрсені орналастыру, орнын белгілеу, көру нүктесін таңдау, қағазға дұрыс орналастыру үйлесімділіктің (композицияның) бастапқы негізі болып табылады. Болашақ сурет жөніндегі негізгі ой қалыптасқаннан кейін, сурет салушы шығарманың жоспарын жасайды. Жоспарға үйлесімділік (композиция) қисыны әбден дұрыс болды деп есептелгенше түзетулер жасалады. Бейнеленетін суреттің жеке бөліктері бір – бірімен байланыста болғанда ғана үйлесімділік шешім дұрыс болады. Бейнеленетін нәрселердің кеңістікте
өзара орналасуын дұрыс белгілеу үшін көмекші сызықтар (тіке, көлденең, көлбеуі) сызылады. Бұл нәрселердің көлбеу бұрыштарын анықтау үшін пайдаланылады.


Сарамандық жұмыстар:


«Өзіңді тереңірек тани біл»


Нұсқау. Қазір сіздерге слайд арқылы берілген сөздерден композиция құрастыру: күн ,тау, үй,ағаш ,қорап, жол,сақина,гүл,стөл,адам


Сергіту сәті:


«Тиынды тап»ойыны


Оқушылар шеңбер болып тұрады,алақандарын жауып тиынды салады,сосын тиынды бір-бірінің алақанына салып тұрады,бір оқушы ортаға шығып тиын кімінің қолында екенін табу қажет.

Жаңа білімді бекіту

Рефлексия:«Бес саусақ» тәсілі

Бас бармақ-басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды? 

Балалы үйрек- бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Кімді риза қылдым? 

Ортан терек-ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым? 

Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? 

Кішкентай бөбек-көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім? 




VІ. Үйге тапсырма.


Еркін тақырыпта сурет салу








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
19 наурыз
4928
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі