Саламатсыздарма құрметті
студенттер
Тақырып: Композициялық
орталық.
Пәні:
Композиция.
Суреші шығармасында айтпақ ойы
әсерлі болу үшін бейнелейтін заттар мен адамдарды қоршаған
нәрселерді белгілі тәртіп , үйлесімділік заңдылығы бойынша
орналасуға көп көңіл бөледі. Бұл деген- компазиция. Композиция
латын сөзі, «ойлап шығару» , «құрастыру» деген ұғымды білдіреді.
Композицияның қазақша атауы«үйлестіру» деп атайды. Салынған суретте болып жаткан оқиғаның
өзегі немесе басты кейіпкерлері орналасқан белгілі бір орталығы
болады. Оны үйлестіру
орталығы деп
атайды.
Туынды жан-жағынан ешқандай нәрсемен қоршалмаған,
адамның көзі ешқандай нәрсеге тоқталмайтын
суретті ашық
композиция деп атайды. Ал егерде салынған
суретте кеңістік жоқ болса жан- жағы қоршалған болса
оны тұйық немесе жабық
композиция деп
атайды
Әдетте шығармада оқиғаның негізі өтетін және
басты кейіпкерлер араласатын белгілі бір орталық
болады
Композция шығарманың құрылымы тұрғысынан
мазмұнның неғұрлым айқын, нанымды, әсерлі шығуына жағдай жасайды.
Яғни ол-шығарманың құрлысы, оның негізгі бөлшектерінің орналасуы,
оқиғалардың баяндау реті. Қарапайым сөзбен айтқанда, көркем
шығарманың ішкі құрлысы толып жаткан бөлшектерден тұрса,
үйлесімділік (композиция) сол бөлшектерд өзара құрастырып, біртұтас
етеді.
Бұл тақырып бойынша сурет салу өзіңді қоршаған
ортадағы айшықты, әсерлі сәттерді көре және айқындай білуге, есте
сақтау қабілетін, қиялдау мен аңғарымпаздықты дамытуды көп қажет
етеді. Сонымен қатар бояуларды бір – бірімен үйлестіру оңайға
соқпайды, себебі акварель немесе карандашпен бояғандағыдай
тәсілдерді бұл жерде қолдану біраз қиынырақ
болады.
Композиция – салынатын суреттегі барлық
бөліктерді бір-бірімен өзара байланысып, орынды құрастыру. Сурет
мазмұнын ашу, пішімді нақты табу, шығарма көлемін табу, т.б
шешімдерді дұрыс беру
композициялық құрылым
элементтеріне байланысты.
Әдебиеттер
тізімі.
1. « Әйелдер және балалар
киімдерін дайындау технологиясы».
Қ.Қучарбаева.
Т. Амреева, Г.Чмекеева.
Астана: Фолиант
2010ж
2. «Киімді конструкциялау
және тігу технологиясы» А. Асанова, Г.Тастанбекова Астана:Фолиант
2008
3. Бұйымның түйіндік
өңделуі Т. Сулейменова. Астана: Фолиант
2009
4. «Ұлттық киімдерді
жобалау және тігу технологиясы» С. Асанова.
Астана2008ж.
5. Киімді модельдеу және
көркемдік безендіру Г.Ә.Тәкішева, Б.Е. Асанова Астана: Фолиант
2008
6. «Тігін мамандығы»
Б.Хамидолла, Қ.Жоламанова.
Астана:Фолиант
2009
7. «Тігін бұйымының
технологиясы» -Л. Куатбекова, Ү. Келесова.
Астана-2010ж.
Үйге тапсырма: Осы
тақырыпты толығымен танысу. Және конспект
жазу.