Материалдар / Ашық сабақ Компьютер еліне саяхат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Компьютер еліне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ мектепте дейінгі балалардың дамуына арналған компьютерлік сауаттылықты дамыту. Жаттығулар Сергіту сәті
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қырқүйек 2021
392
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Күні:

Білім беру саласы: Таным


Ұйымдастырылған оқу қызметі: Информатика


Тақырыбы: «Компьютер еліне саяхат» және тіктөртбұрыш құралымен танысу


Мақсаты: Балалардың шығармашылық іскерлігін, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, қойған мақсатына жете білуге дағдыландыру, білімдерін шыңдау.«Тіктөртбұрыш» құралымен танысу. Жұмыс жасау. Тіктөртбұрышты түрлі түстерге бояу. Олардың бір—бірінен айырмашылығын табу. Баланың ойлауын дамыту. Тінтуірмен жұмыс жасау дағдысын одан әрі жетілдіру. Компьютерге жұмыс жасауды жалғастыру. Саусақ моторикасын дамыту.


Билингвальды компанент: Тіктөртбұрыш-квадрат-square.


Әдіс-тәсілі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын


Көрнекілігі: Мультимедиялық құралдар, слайдтар,геометриялық пішіндер.


Мотивациялық қозғаушы


Техника дамып ғарыштаған,
Қонып жатыр бүгінде ғарышқа адам.
Компьютерлік ғажайып виртуальдық,
Өзіндік өрнегіммен өріс табам,

- дей отырып, шаттық шеңберге тұрып,
Компьютерлік сауаттылыққа баулу оқу қызметін бастаймыз.

Шаттық шеңбері

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілейміз тыныштық,

Ашық болсын көк аспан.

Мықты болсын іргеміз,

Бәріміз де біргеміз.


Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Күз айларын ата?

Балалар күз айларын үш тілде атап беріңдерші?

Барлығымыз ақ халатымызды киіп,компьютер алдына отырайық.


Балалар сендерге жұмбақ жасырайын.

Өзі темір,жаны жоқ,

Ақпаратты сақтап таратқан,

Жұртты өзіне қаратқан. (компьютер)


Балалар біздер компьютер деген не, ол қалай пайда болған екен сол жөнінде шолып кетсек.Алғашында компьютерлер өте үлкен болған екен. Үлкендігі сондай осы бөлмеміздей болыпты. Сондықтан ғалым ағаларымыз жұмыстарын жеңілдету үшін осындай кішкентай компьютерлер ойлап тапқан екен. Компьютерлер адамзат баласының теңдесі жоқ көмекшісі болып табылады екен.


«Тіктөртбұрыш».


«Тіктөртбұрыш» құралымен танысу. Жұмыс жасау. Тіктөртбұрышты түрлі түстерге бояу. Үлгіге қарап сурет салады және бояйды.Олардың бір—бірінен айырмашылығын табу. Оған ұқсас бейнелерді табу.

Дидактикалық ойындар: «Пішіндерді тап және атын ата»

Мақсаты: Пішіндерді ажырату. Пішіндер туралы білімін бекіту.



«Кім жылдам»ойыны

Шарты: PAINT сурет салу бағдарламасында төменде көрсетілген сөздерді жазып, дауысты сөзді-қызылға,дауыссыз сөзді-көк түстеріне бояу.

Маса Мата

Барабан Ғалым

Ғарышкер Балабақша

Дала Қала

Саусақ жаттығуы.

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып секірді.

Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің.

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.  




Рефлексті коррекциялау

Бүгінгі оқу қызметімңзде не туралы өттік?

Қандай пішіндермен таныстың?

Пішіндерді қандай түспен боядың?

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!