400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Компьютер пайдаланудың кері аспектілері 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
• Адам ағзасына электронды құрылғының әсерін сараптамалау • Компьютерді пайдалануда негативті аспектілерден қорғаудың әртүрлі әдістерін ұсыну
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Денсаулық және қауіпсіздік

Мектеп: №202 мектеп-гимназия

Күні: 18.10.2021ж

Мұғалімнің аты-жөні: Мақұлбек Әзиза

Сынып: 8 Ә

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Компьютер пайдаланудың кері аспектілері

Осы сабақта жетуге тиіс оқытудың мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.1.1 -адам ағзасына түрлі электронды құрылғылардың әсері туралы мысал келтіру және қорғану тәсілдерін тиімді қолдану

Сабақ мақсаты

  • Адам ағзасына электронды құрылғының әсерін сараптамалау

  • Компьютерді пайдалануда негативті аспектілерден қорғаудың әртүрлі әдістерін ұсыну

Бағалау критерийлері

  • Әр түрлі электронды құрылғының және оның адам ағзасына әсерлерін сипаттайды

  • Электронды құрылғымен жұмыс кезінде қорғанудың әртүрлі әдістерін ұсынады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар...

Компьютердің негативті аспектілерін сипаттау кезінде сәйкес терминологияны қолдана алады.


Пәндік лексика мен терминология:

Радиация, электрмагниттік уыттылық, зияндылық


Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

Компьютерді пайдалануда .... әкелетін негативті ықпалдардың бірі .... болып табылады.

Кеселді ықпалдардың азаюы үшін пайдаланушылар ..... жасай алады

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылыққа баулу, сонымен бірге ашықтық оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастыру арқылы жүзеге асады; көпшіл тұлға ретінде шығармашылықпен және сыни ойлауға бейім, ұжымда жұмыс істеуге дайын және көпшілік алдында жұмыстың нәтижесін көрсете алатындай тұлғаны дамыту.

Пәнаралық байланыс

Биология, физика және математика (денсаулық және қауіпсіздік), дене тәрбиесі (денсаулық сақтау технологиясы); тіл (диалог кезінде дәлел ретінде келтірілген пайдалы сөз тіркестері; жазба және сөйлеу мәдениеті; тіл стилистикасы).

Бастапқы білім

Компьютерлік құрылғылармен жұмыс кезінде эргономика; процессор мен қатты дискінің орны (5 сынып); бағдарламалық қамтамасыз ету түрлері – веб-браузерлер (5 сынып).

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

0-12 мин

  1. Миға шабуыл

1-топ. “ Компьютерлік желілер “ тақырыбында “Kahoot” программасынан тест құрастыру.

2-топ. “Компьютерлік желілер” тақырыбында “Canva” программасынан презентация жасау

3-топ. “Компьютерлік желілер” тақырыбында видеоролик жасау


“Kahoot” программасы

“Canva” программасы

“Inshot” программасы

Сабақтың ортасы

13-22мин

  1. Бейнекөріністі қарау (5 мин)


  1. Оқушылар келесі сұрақ төңірегінде ойланады: Электронды құрылғыларды қолдануда кездесетін кері әсерлерді қандай?


Егер оқушылар жауап беруде қиналатын болса, бірнеше суреттерді пайдалану, мысалы:

  1. Шулылық - басқалар үшін шуды туғызуы мүмкін мобильдік телефонды музыка аппараты ретінде қолданудағы шуыл; компьютер желдеткіші; құлаққапты қолданатын пайдаланушы

  2. Электромагниттік сәулелену – жас адамның қолдануындағы мобильдік телефон

  3. Улылық – ескі компьютерлер қоқысы


  1. Оқушылар суреттерге түсініктеме және бейне фрагменттерге қатысты пікірлерін білдіруі үшін, әр оқушыға 30 секундтан уақыт беріледі.

Бейне фрагменттерді талқылау барысында келесі сұрақтарға жауап беріңдер:

  1. Шуыл құлаққа қалайша зиянын тигізуі мүмкін?

  2. Телефондар және компьютер экрандары радиациялық сәулелендіре ме?

  3. Компьютерлер улы және ауыр элементтерді құралған – соған сай өндірісте қандай проблема болуы мүмкін, қайта өңдеуді қалайша іске асыруға болады?


Берілген жаттығулар жанама құбылыстарды белгілеу үшін бағытталады

Бейнефрагменттердің көрсетілімі


Сабақ презентациясы




22-40 мин

Оқушылар 3 топқа бөлініп онлайн тақтаға өздеріне үлестірілген кейстерге пікірлерін жазады.

Ойлау эксперименті

Үлестірмелерде мынандай кейстер қарастырылады:

  • Өзге достарында бар қазіргі мобильді телефонды сатып бергісі келген ата-ана

  • Автобуста мобильді телефонда дауысы қатты музыканы тыңдаған жас адаммен қатар отырған егде адам

  • Қуат көзі жиі отырып қалатын ұялы телефон


Жағдаят көрсетулі барысында бір-біріне сұрақ қоя отырып, жұптық жұмысты ұйымдастыру. Сұрақтар Не, Қалай, Неліктен (қайдан, қашан, және кім дегеннен емес) сөздерінен басталуы қажет:

  • Олардың қиындықтары қандай? Неліктен бұл көрініс проблема болып табылады? Қалайша оларға зиян келуде?

  • Көмектесу үшін не істеу керек? Неліктен ұсынылған іс-әрекет зиянды? Бұл жағдайда қалай көмектесуге болады?

  • Оларға қандай өзіндік кеңес берер едің?


Сабақ презентациясы

Google Документ

Сабақ соңы

40-45 мин

6. Сабақ рефлексиясы: сабақты қорытындылау.

Google Формадағы сұрақтарға жауап беру арқылы кері байланыс жасайды.


Сабақ презентациясы

Google Форм

Саралау – қандай түрде Сіз көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті деген оқушыларға Қандай Тапсырмаларды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және техника қауіпсіздігін сақтау

Топтық жұмыс барысында оқушылардың қосымша қолдауы.

Жақсы қабілеттілер қызықты болып/ басқалаға күрделілеу болып көрінген өз шешімдерінің аспектілерін көрсете алады.

Саралаудың түйінді қағидасы – тереңдеу.

Сұрақтарға жауап және жауаптар көрінісі.

Басты тапсырмаларды орындаған кезде сұрақтарды пайдалану.

Оқушылардың тапсырмаларды орындағандағы нәтижелерін/жетістіктерін түсіну үшін шолу сұрақтарын пайдалану.

Жеке жұмыс нәтижелеріне қалыптастырушы бағалауды пайдалану..

Компьютерлік техникамен жұмыс кезінде кейбір қауіпсіздік техникасы ережесін еске түсіру, мысалы, экранды, клавиатураны, тінтуірді орнатқан кезде қозғалыс қаупін туғызатын сымдардан сақтанып абай болу. Эргономика мен еңбек қорғау талаптарын қадағалау. Минуттік сергіту жүргізу.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
409
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі