Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Компьютердегі деректерді қалай қорғауға болады?" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы қолданысқа рұқсат етілген бумадағы файлдарды өзгерту, жүктеп алу және орналастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Машықкердің аты-жөні:

Маңғыстау гуманитарлық колледжінің ИБ-17-1 тобының 3 курс студенті

Өтепберген Жанғаным

Әдіскер: Калиева С.А.

Өткізген орны: №3 жалпы білім беру орта мектебі

Күні: 5.10.2019 ж.

Қысқа мерзімді жоспар бөлімі:

Интернеттегі қауіпсіздік


Сабақ тақырыбы

Компьютердегі деректерді қалай қорғауға болады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.4.2.2. Құжатқа құпия сөздерді орната білу

5.1.3.1. Жалпы қолданысқа рұқсат етілген бумадағы файлдарды өзгерту, жүктеп алу және орналастыру.


Сабақ мақсаты

Жалпы қолданысқа рұқсат етілген бумадағы файлдарды өзгерту, жүктеп алу және орналастыру.

Бағалау өлшемдері

Барлық оқушылар: Ортақ қолжетімді файлдарды орналастырып, оларды өзгертіп, жүктеп алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Компьютердегі деректерді сақтаудың басқада жолдарын талдайды.

Кейбір оқушылар: Кез келген құжатқа құпия сөз орнатуды біледі және ортақ қолжетімді файлдармен жұмыс жасай алады.

Тілдік

мақсаттар

Пәнге қатысты лексика және терминология:

Файл-файл-file

Жүктеу-загрузка-downloads/loading

Бума-каталог-catalogue

Кеңейтілуі-формат-format

Бағдарлама-программа-programma

Файл, жүктеу, каталог, кеңейтілуі, бағдарлама

Құндылықтарды

дарыту

Жауапкершілікке, сын тұрғысынан ойлауға, уақытты үнемдеуге.

Пәнаралық байланыстар

Ағылшын тілі, орыс тілі, өзін-өзі тану.

Алдыңғы меңгерілген білім

Компьютер құрылғыларын бір орталықта басқару.

Пайдаланылған әдебиет

Оқулық: Г.А. Көпеева«Информатика 5 сынып».



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

1-3 минут













2 мин























2 мин



I. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, түгендеу

Good morning, pupils!

  • Who is on duty today?

  • Who is absent?

  • W hat date is it today?

5Т ережесімен таныстыру.



Топқа біріктіру. «Шашу» әдісі арқылы топқа біріктіру.





(Оқушылар ортаға шаттық шеңберін құрып, қорапшаға салынған 3 түрлі конфеттерді таңдап алады. Бір- бір конфеттен алып, қарама-қарсы тұрған оқушыға тілек арқылы сыйлайды және конфеттердің түрі бойынша топқа бірігеді.

1 топ – Компьютерлік вирустар

2 топ – Антивирустар

3 топ – Интернет.

Презентация











Баяу әуен (фон музыка)

























Конфеттер, корапша.














8 мин

II. Үй тапсырмасын тексеру. « Аққуды көлге қондыру» әдісі

Мақсаты: Тақтада әр түрлі аққулардың арттарында сұрақтар жасырылады және оқушылар бір -бірден жауап береді. Жауабы толық әрі дұрыс жауап берген оқушы аққуды көлге қондырады. Оқушылар әр түрлі бейнелер арқылы бағаланады. (Сұрақтар үй тапсырмасына байланысты қойылады).

Сұрақтар:

1. Компьютерлік желі дегеніміз не?

(Компьютер арасында және компьютер құрылғыларын өзара байланыстыратын,кез келген ақпаратпен алмасуға және оларды өңдеуге арналған қызмет түрі.)

2. Сервер дегеніміз не?

(агылш server)-файлдар, программалар арасында ортақ деректер алмасуы, желі пайдаланушылармен ортақ байланыс жасауды қамтамасыз ететін орталық компьютер.

3. Серверге қандай құрылғыларды қосуға болады?



(Серверге кез келген ортақ қолданбалы программалард, компьютердің қосымша құрылғыларын қосуға болады: модем, принтер, телефон, факс және т.б.)

4. Компьютердің ресурстары қандай жолдармен беріледі?

(Компьютердің ресурстары 8 жолдармен беріледі.)

5. Интернетті біз қандай мақсатта пайдаланамыз?(өз ойын айту)

(Интернетті ақпарат қөзі ретінде пайдаланамыз. Атап айтсақ: қажетті ақпарат алуды, ақпарат жіберуді, әртүрлі қызмет салаларында қолдануды қамтамасыз етеді )

6. Утилиттер дегеніміз не?

Утилиттер- белгілі бір программалау орталарында бірнеше қызмет атқаруға пайдаланатын қосымша программалар.




Тақта, бор, қима қағаз.








10 мин




































III. Жаңа сабақты түсіндіру.

Компьютерде жұмыс жасаған кезде кез келген ақпаратты қорғай білу өте маңызды.

Ақпаратты қорғау- ақпаратты рұқсатсыз таратудан, оны рұқсатсыз өшіруден, рұқсатсыз көшірмесін жасаудан , бұғаттаудан қорғау үшін жүргізілетін шаралар. Ақпаратты қорғау шараларына компьютерді қорғау, құжаттарды вирустан қорғау, бұғаттау және қауіпсіз құпия сөздер қолдануды жатқызуға болады.

Біз «компьютерге вирус түсті» деген сөздерді жиі естіп жатамыз. Бірақ компьютерге түскен вирустың салдарынан онда орналасқан программалық құралдар мен файлдардың қандай өзгерістерге ұшырайтынын біле бермейміз.

Вирустар жылдам тарайды әрі тез көбейеді. Ең алғаш вирус 1986жылы Пәкістанда Ми деген атпен пайда болады. Компьютерлік вирус эпидемиясы желімен таратылады.

Вирустардың таралу жолдары:

  • Ақпарат тасымалдаушы құрылғылар;

  • Интернет;

  • Компьютерлік желілер.

Компьютерлік вирустардың ең көп таралу көзі- Интернет. Сондықтан Интернетке кірмес бұрын сақтану шараларын қолға алу қажет.

Кеңінен тараған антивирустық программалар: Kaspersky, Dr.Web, Norton, Avast және т.б.

Қ ұпия сөз- ақпараттарды қорғауға арналған жасырын сөз немесе таңбалар жиыны. Компьютерге құпия сөз орнату үшін Іске қосу(Пуск)—Басқару тақтасы(панель управления)-Қолданушылардың тіркеу жазбалары – Құпия сөз орнату – Еске түсіру

Мұрағаттау- құжаттың ақпараттық өлшемін кішірейту.









Слайд, кітап, қима қағаздар.



10 мин

IV. Жаңа сабақты бекіту

Топтық жұмыс.

Компьютерлік және биологиялық вирустарды салыстырыңдар. Қай вирус қауіпті.




Жұптық жұмыс

Бүгінгі тақырыпқа қатысты негізгі ұғымдарды жазып, кестені толырыңдар.

Атауы

Қызметі

1



2



3




Топтық жұмыс

Сөзжұмбақты шешу.
















Презентация, А3, маркер.

5 мин

V. Қорытынды.

Кері байланыс.



Б ағалау.

Оқушылар жинаған смайликтер санына қарай бағаланады





.





Үлестірме қағаз.







Смайликтер

Сабақтың соңы

2 мин

VI. Үй тапсырмасы: §6-ті оқу, анықтамаларды жаттау.

Оқулық



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2020
2473
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12