жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі" 6 сынып
«О.Бапышев атындағы жалпы орта мектебі» КММ
Тақырыбы:
Компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі. Жады.
Пән мұғалімі: Ешматова Р. Ж.
Сыныбы: 7 «В»
Пәні: Информатика
Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды
көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.
Сабақтың
тақырыбы: Компьютердің аппараттық
қамтамасыз етуі. Жады.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға компьютердің аппараттық
құрылымы, жады және операциялық жүйелер туралы меңгерту. Оқушыны
ақпараттық мәдениеттілікке, уақытты тиімді пайдалана білуге,
өзін-өзі бағалауға қалыптастыру.
Оушылардың танымдық және шығармашылық
қабілеттерін жан-жақты дамыту.
Оқушыларды ұқыптылыққа, алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас , саяхат,
ойын сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, ойын элементтерін қолдану,
сұрақ-жауап, практикалық жұмыстар.
Ресурс
:
плакаттар,слайдтар, А4 қағазы, стикерлер
т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) сәлемдесу;
2) оқушыларды түгендеу;
3) оқушылар назарын сабаққа аудару.
а)«Сиқырлы таяқша» (оқушылар
бір-біріне тілектерін айтады).
4) оқушыларды топқа бөлу.
Компьютердің негізгі және қосымша құрылғыларының
суреттері берілген сол құрылғылар бойынша негізі құрылғылар
монитор
тобы болып, қосымша
құрылғылар принтер тобы болып екіге
бөлінеді.
«Информатика патшалығына»
саяхат. Әр топты кемеге отырғызып, мұхитта жүзе отырып
«Информатика патшалығына»
алып баруымыз керек. Кемелер әр түрлі аралдарға тоқтап, онда
тапсырмаларды орындап, әрі қарай өтуі керек.
Кеменің жүзу
маршруты:
І. «Сұрақты ұстап ал!»
аралы. ( Өткенді сұрау)
ІІ. «Ертегілер» аралы. («Компьютердің пайдасы мен зияны» тақырыбын
қорғайды)
ІІІ. «Артық болмас білгенің» аралы. (Тақырыпқа қысқаша шолу).
ІV. Сергіту сәті. ( Жадыны дамытуға арналған ойын ) V. «Ғажайып
қалам» аралы. ( Тапсырмалар орындау)
VІ. «Жаттығулар» аралы. ( Слайдтағы тапсырмаларды кім жылдам
орындайды ) VІІ. «Шындық па, жалған ба?» аралы. ( Сұрақ-жауап)
VІІ.Қорытынды.
Үй тапсырмасын
сұрау
І. «Сұрақты ұстап ал»
аралы ( қағаз доп лақтыру
арқылы)
1.Дербес компьютер дегеніміз не? (бір ғана адам пайдалануға
арналған құрылғы)
2. Компьютердің программасы жұмыс істеген кезде шығаратын
ақпараттарды бейнелеуге арналған негізгі құрылғы? (монитор)
3. Компьютерге қосылған басып шығару құрылғысы? (принтер)
4. Принтердің түрлері (лазерлік, матрицалық, сиябүріккіш)
5. Ақпаратты тасымалдаушы, оларда программалар мен мәліметтерді
компьютерден тыс сақтауға арналған құрылғы. (флешка, дискета, диск
)
6. Кодтау деген не? ( ақпаратты белгілі
бір алфавит арқылы ұсыну) 7. Ақпараттың неше түрі бар? ( 4 түрі
бар) 8.Енгізу пернесі қалай аталады? (
enter)
ІІ. «Ертегілер
аралы»
«Компьютердің
пайдасы мен зияны» тақырыбын
қорғайды.
І – топ. «Компьютердің пайдасы»
ІІ- топ. «Компьютердің зияны» тақырыбында тірек сызбаларды толтыру арқылы компьютерді құтқарады.
Бір күні сиқыршы компьютерді сиқырлап тастады. Ол оны компьютер кактусы деген кактусқа айналдырып, оны өзінің дүкенінің сөресіне қояды. Кактус бейнесінде болу компьютерге тіпті ұнамады, себебі мұндай әдеттен тыс келбетте ол ақпараттық процестерді орындайтын басты құрал бола алмайтын еді. Бақытына қарай дүкенде бір ақпейіл қыз жұмыс істейді. Ол компьютерге көмектескісі келеді. Егер ол компьютердің пайдасы мен зиянын дұрыс жазып,, кактустың тікенектеріне ілсе, онда компьютер алғашқы қалпына келтіруге болатынын біледі. Өкінішке орай, бұл қыз информатика пәнін білмегендіктен, бұл сұраққа жауап бере алмады. Мүмкін сендер стикерге дұрыс жазу жазып, сиқыршыны бірге жеңе алатын шығарсыңдар?
ІІІ. «Артық болмас
білгенің» аралы .
Ақпаратты сақтауға арналған компьютердің құрылғысы жад
деп аталады. Компьютердiң жады iшкi және сыртқы деп екiге
бөлiнедi. Компьютердiң iшкi жады оның негiзгi түрi болып саналады,
өйткенi процессор осы жадпен жұмыс iстейдi. Компьютер iске қосылған
соң iшкi жадта мәлiметтер мен программалар орналасады. Онымен
адамдар компьютер iске қосылған кезде жұмыс жасайды. Бiрақ
компьютер өшiрiлгеннен кейiн, ондағы барлық деректер де өшiрiледi.
Ішкі жады жедел жадтайтын құрылғы (ЖЖҚ) және (ТЖҚ) тұрақты
жадтайтын құрылғы болып екіге бөлінеді.
Сыртқы жады ақпараттарды ұзақ мерзiмде сақтау қызметiн атқарады.
Оған қатты диск, дискеттер немесе иілгіш дискілер, лазерлiк
дискiлер және басқа да ақпараттарды
тасымалдаушы құралдар
кiредi.
Операциялық жүйе - бұл компьютердің іске
қосқан кезде жүктелетін және барлық құрылғылардың жұмысын
басқаратын арнайы программа.
Операциялық жүйелер бірнеше параметрлері бойынша ерекшеленеді.
Әрбір операциялық жүйе үш міндетті бөліктен тұрады:
Windows операциялық жүйесі жүктелгеннен кейін экранда Жұмыс үстелі
пайда болады.
Жұмыс үстелі .
Жұмыс үстелінің сыртқы түрін тұтынушының өзі жеке таңдайды. Әдетте
Жұмыс үстелінде Компьютер, Желі, Себет, Басқару
тақтасы сияқты нысандардың белгішелері, Есептер тақтасы мен Бастау
батырмасы орналасады.
ІV. Сергіту сәті: (Жадыны дамытуға арналған ойын). Біз бүгін/соңғы бірнеше сабақ барысында оқыған негізгі сөздер келтірілген. Біз бүгін/соңғы бірнеше сабақ барысында оқыған негізгі сөздер келтірілген. Жұпта/топта шектеулі уақыт ішінде бұл сөздерді еске түсіру қажет. Оқиғаларды дұрыс ретпен бірінші болып атаған топқа сыйлық беріледі.
-
Операциялық жүйе
-
Вирус
-
Интерфейс
-
Компиляция
-
Идентификатор
-
Оператор
-
Жедел жад
V.
«Ғажайып қалам» аралы . ( тапсырмалар
орындау)
Бұл аралда оқушылар «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» тақырыбына 4 жол
өлең жазады, сақтайды. Сосын «Сабақ» деген қапшық ашып соған
сақтайды.
VІ. «Жаттығулар орындаймыз» (слайдтағы тапсырмалар топпен бірге орындалады).
VІІ. «Шындық па, жалған ба?» Сұрақ-жауап.
1.Ақпаратты кодтау – дабылды бір пішіннен екінші пішінге түрлендіру (шындық)
2. Жедел жад энергияға тәуелсіз болып табылады. (шындық )
3.Компьютердің сыртқы жадына ТСҚ мен ЖСҚ жатады. ( жалған)
4.ЖСҚ дегеніміз - операциялық сақтаушы құрылғы. ( жалған)
5.ТСҚ - бұл тұрақты есте сақтау құрылғысы. (шындық )
6. Принтер қосымша құрылғыға жатпайды. ( жалған)
VІІ.Қорытынды. (Аралға жету. Ұпайларды есептеу, жеңімпаз топты анықтау).
VІІ.Үйге тапсырма. Компьютердің жады, операциялық жүйе ұғымы
туралы реферат жазу.
Оқушыларды бағалау. Өзін-өзі және өзара бағалау парақшасы арқылы
бағалаймын.
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген