жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Компьютерлік графика түрлері 8 сынып
Пәні:Информатика |
Класс:8 |
|
||
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика түрлері. Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программалары. |
||||
Сілтеме: |
ИНФОРМАТИКА оқыту әдістемесі-8 кл. Н.Ермеков, Н.С.Кольева, Н.Н:Зевертунова, 2012ж. ИНФОРМАТИКА 8 кл. Е.В.Шевшук, Н,С.Кольева, Алматы «Мектеп» 2012ж. |
|||
Сабақтың мақсаты:Оқушыларды компьютерлік графикалық редактормен таныстырып, олардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін толық меңгерту, өткен сабақтармен байланыстыру, графикалық ақпараттарды өңдеу технологиясын меңгерту. Графикалық файлдарды өңдеудің шешілу жолдарын табады. Оқушылар жаңа ұғымдарды тез қабылдауға, әсемдікке, ұқыптылыққа тәрбиеленеді. Ұжымдасып еңбектенуге, адамгершілік ізгі қасиеттерге тәрбиелеу. |
||||
Күтілетін нәтиже: -Тақырып бойынша білімдерін өзектендіре алады; -Өз ойларын еркін жеткізе алады; -Сыныптастарымен қарым-қатынасы қалыптасады; -Ойлаудың жоғары деңгейіне ұмтылады; -Танымдық қабілеттері дамиды; -Өзін-өзі бағалай алады,өз жұмысын сыныптастарының салыстырып,өзін-өзі реттейді; |
||||
Түйінді идеялар: |
Бірлескен топтық жұмыс оқушылардың ынтымақтастығын дамытудың қуатты құралы болып табылады. |
|||
КЕЗЕҢДЕРІ |
МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ |
ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ |
БАҒАЛАУ |
РЕСУРСТАР |
||||
Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
тренингі
|
А) оқушыларды түгендеу Б) сабақ мақсатын түсіндіру
Қане балалар, мені көріп тұрғандар 1 шапалақ, естіп тұрғандар 2 шапалақ, сабаққа дайын оқушылар 3 шапалақ. Жақсы отырыңдар. Шапалық дауысынан сендердің бүгінгі сабаққа дайындықпен келгендерің сезіліп тұр. Олай болса балалар, сабағымызды бастамас бұрын біз мына жүректі қолымызға алып, бір-бірімізге деген жүрекжарды тілегімізді, ыстық ықыласымызды білдірейік (Жүректі бір-біріне ұсынып, жақсы тілектер айтады). Өте жақсы, балалар, бір-бірімізге деген ықыласымызды білдірдік, енді дәптерімізді ашып, күннің жадын жазайық . топқа бөлінеді. |
Ынтымақтастық атмосфера қалыптасады
Топқа бөлінеді |
Қол шапалақтау |
Шар |
||||
Қызығушылықты ояту (8 минут) |
Әр түрлі деңгейдегі сұрақтарды таңдау үшін сіздердің мергендік, дәлдегіш қабілеттеріңіз қажет, ендеше, «Іске сәт!»
|
Деңгейлік тапсырмалар |
Житондармен бағалау |
Интерактивті тақта
Слайд, дәлдік
|
||||
Мағынаны тану (10 минут)
|
Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы
Қ
Ғылыми графика Көркемдік графика Іскерлік графика
Ғылыми графика-бұл ең бірінші пайда болған бағыт. Оның міндеті – объектілерді көрнекі бейнелеу. Ғылыми және инженерлік қызметте ғылыми графика ғылыми зерттеулер мен сынаулар жүргізгенде, есептеу нәтижесін графиктік өңдеу үшін, есептеу, эксперимент жүргізгенде және олардың нәтижесін графиктік өңдеу үшін, есептеу, эксперимент жүргізгенде және олардың нәтижесін көрнекі түрде көрсету үшін қолданылады. Медициналық қызметте ғылыми графика кардиограмма, рентгенограмма және т.с.с. түрінде қолданылады. Іскерлік графика-компьютерлік графиканың бұл саласы әр түрлі мекемелер жұмысында жиі қолданылатын иллюстрация жасауға арналған. Жоспар көрсеткішін, есеп беру құжаттарын, статистикалық мәліметтерді – осы объектілер үшін іскерлік графиканың көмегімен иллюстрациялық материалдар /график, диаграмма/ жасалады. Көркемдік графика- графикалық кескін жасау және редакциялау үшін, мысалы, баспа өнімдерін, жарнама безендіру, фотосуреттерді бояу және өңдеу, мультфильмдер, бейне сабақтар, компьютерлік ойындар жасау үшін қолданылады.
Растрлық кескін дегеніміз – түрлі түсті нүктелердің (пиксельдердің) жиынтығы. Олардың саны бейненің өлшемі мен шешімі арқылы анықталады. Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет. Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады. Өңдеу редакторлары: Adobe Photoshop, Corel PhotoPaint. Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы. Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады. Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес,програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз . |
|
|
Таратпа материалдары, компьютер |
||||
2-минут |
“Автопортрет” Тұрыңыздар. Қолыңызға маркер алып, қағазды басыңызға ыңғайлы етіп қойып алып, өз портретіңізді салыңыз. “Бұл -мен” деп жазыңыз да қасыңыздағы көршіңізге сыйға тартыңыз. |
Өз бейнесін салады |
|
Маркер, формат |
||||
Ой толғаныс (18 минут) |
V Сабақты бекіту №1 тапсырма- І-топ “Векторлық графика” ІІ-топ “Растрлық графика” тақырыбында презентация дайындайды.
№2 тапсырма - Бейнелерді орналастыр. Интерактивті тақтада қаламның көмегімен жылжытып сәйкес бейнелерді орналастырады.
№3 тапсырма - Домино құрастыру. Интерактивті тақтада берілген домино тастарын құрастыру. Яғни, сандарды сәйкес санмен, растрлық, векторлық, фракталдық кескіндеріді толықтырып құрастырады. |
Топтық жұмыс |
|
Интерактивті тақта, компьютер |
||||
5-минут
|
Сабақты қорытындылау |
«Қарлы кесек» ойыны Оқушылар сұрақты қағазға түсіріп қар дайындап, ортаға кезекпен шыққан оқушыға қарша боратып, сұрақ-жауап арқылы сабағымызды қорытындылаймыз. |
Сұрақтан қар жасайды. |
|
Ортада орындық |
|||
Сабақты талдау |
Не сәтті өтті? |
Топтық жұмыс, топқа бөліну сәті. Графика тақырыбына деген оқушылардың қызығушылығы байқалды. Бір-біріне қарласып сұрақ жаудырған «Қарлы кесек» кезеңі сәтті болды. |
||||||
Нені дамыта аласыз? Нені өзгерткіңіз келеді? |
|
|||||||
Не сәтсіз өтті? |
Графикалық редактордың арнайы программаларының жоқ болғаны |
|||||||
Үй тапсырмасы: |
“Компьютерлік графика түрлері” тақырыбына қатысты өлең шумақтарын құрастыру, эссе жазуды тапсыру. |
|||||||
Бағалау: |
Жинаған
стикерлері бойынша бағаланады,
|
|||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген