Ашық сабақ Компьютермен танысу

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Компьютермен танысу

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

2-сабақ.

Бөлімі:

1-бөлім. Ақпараттық этикет (ортақ тақырып: «Саяхат»)

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Компьютермен танысу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.3.1 информатика кабинетінде тәртіп ережелерін сақтау.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:

информатика кабинетінде тәртіп ережелерін сақтау.

Көпшілік оқушылар үшін:

Компьютер құрылғыларымен танысады.

Кейбір оқушылар үшін:

***.Компьютер құрылғыларының атқаратын қызметін біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.



1. Сәлемдесу.

2. Оқушылар-ды түгендеу.

Ширату тапсырмасы. «Боди-арт» ойыны.

Барлық қатысушылар бірінің артына бірі тұрады. Соңғы ойыншы алдыңғының арқасына өзі қалаған суретті салады, ол ойыншы ненің суретін сезінгенін өзінің алдындағы оқушыға салады. Осылайша алдыңғы қатысушыға дейін сурет салу жалғасады. Соңғы және бірінші баланың суреттері салыстырылып, кімнің тұсынан ағаттық кеткені анықталады. /Бұл ойын арқылы сыныпта психологиялық жағымды ахуал туады/.



4. Топтастыру

«Мозаика» әдісі

Оқушылар мұғалім үстелінен сурет қиындысы бейнеленген бір дана қағаз қиындысын таңдап алады. Алынған қағаз қиындысында бейнеленген суретті жинақталып құрастыру арқылы екі топқа бірігеді.

1-топ: «Монитор»

2-топ: «Пернетақта»

Оқушылар сөздерді таңдап, топқа жиналған соң, сурет туралы өз ойларын айтады.

5.Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.




(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі

Миға шабуыл «Ой қозғау» әдісі.

Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді.

Интерактивті тақтадан төмендегі 1-сурет көрсетіліп, оқушыларға сұрақтар қойылады және жауап беріп, ұжыммен талқыланады.

  • 1-суретте не бейнеленген?

  • Суреттердің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

  • Компьютерді қай жерден сатып алуға болады?

  • 2-суретте қандай құрылғылар бейнеленген?

  • Бұл құрылғылардың қайсысының қызметі басқаларынан өзгеше?


  • Компьютермен таныссың ба?

  • Компьютер құрылғылары-ның атауын білесің бе?

Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш – «Талпын!».

Интерактивті тақта


Жұмыс дәптеріндегі №2тапсырманы орында.

Құрылғылар қалай аталады? Жаз.

«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Жұмыс дәптері.

6-бет

Жаңа сабаққа дайындық.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Оқушыларға жаңа білім бойынша мұғалімнің түсіндіру кіріспе сөзі жүргізіледі.

Мұғалімнің түсіндірмесі:

  • Компьютер – ақпаратпен жұмыс істеуге арналған құрылғы.

  • Монитор – мәтін, цифр, суреттерді экранда көрсететін құрал.

  • Пернетақта – компьютерге мәтін енгізуге арналған құрылғы

  • Тінтуір – бұл құрылғы курсормен басқарылып, компьютерге команда береді.

Жүйелік блок – ішкі құрылғылар орналасқан корпус.

Сабақтың ортасы

(26 мин)

(Т) «Галерея» әдісі.

Қабырғаларға алдын ала оқулықта берілген құрылғылар бейнеленген суреттер ілінеді. Сол суреттерді оқушылар аралап, тамашалап, өз ойларымен бөліседі.

1- тапсырма:

Тәжірибеңе сүйеніп компьютерге қатысты құрылғыларды анықта (2-сурет). Бұл құрылғылардың қызметін білесің бе?

Дескриптор:

  • Қабырғада ілінген суреттермен танысады.

  • Құрылғыларды атқаратын қызметіне қарай ажыратады.

  • Компьютерге қатысты құрылғыларды анықтап жазады.

  • Жазған құрылғылардың қызметін айтады.

ҚБ: Мұғалім топта белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша –«Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш –«Талпын!».




(Ж) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі.

Интерактивті тақтадан әртүрлі құрылғылар бейнеленген 4 сурет көрсетіледі.


***. 2-тапсырма:

Көрсетілген құрығылардың бәрінің қызметін қосса, қандай құрылғы шығады (7-сурет). Түсіндір.

Дескриптор:

  • Экранда көрсетілген құрылғылармен танысады.

  • Құрылғыларды атқаратын қызметіне қарай ажыратады.

  • Құрылғылардың бәрінің қызметін қосса, қандай құрылғы шығатынын анықтайды.

ҚБ: Мұғалім жұптық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш – «Талпын!».


Интерактивті

тақта


Сабақтың соңы

7 мин.


Сабақты бекіту. Рефлексия.


(Ұ). Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді.



  • Бүгін мен не білдім?

  • Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім?

  • Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

  • Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

ҚБ: Мұғалім жұптық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш – «Талпын!».

Интерактивті тақта






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.05.2024
386
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі