Материалдар / Ашық сабақ "Көнерген сөз"

Ашық сабақ "Көнерген сөз"

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сыныптарға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
526
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы Көнерген сөздер

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Көнерген сөздерді, олардың мағыналарын түсіндіру

2.Дамытушылық: Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту,пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру

3.Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру,әңгімелеу, ойын түрлері, сөзжұмбақ, «Семантикалық карта» әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, плакат, оқулық, сурет

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, түгелдеу, сабаққа назар аударту.

Сыныпыты екі топқа бөлу:

1 – топ 2 - топ

Тапқырлар Ойшылдар

Топтардың ұрандары:

« Ойшылдар»:

  1. «Көп оқыған білімді емес,

Көп тоқыған білімді.»


«Тапқырлар»:

  1. «Көп сөйлеген білімді емес,

Дөп сөйлеген білімді.»

ІІ. Оқушы білімін тексеру:

1.Қайталау –оқу анасы

«Болашаққа барар жол» ойыны арқылы

Тапсырмалары:

  1. Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығын не деп атаймыз?

  2. Эвфемизм мен дисфемизмнің айырмашылығы

  3. «Ұстаз» сөзінің синонимдік қатарын табыңыз.

  4. «Арыстан еді-ау Исатай бұл пәнидің жүзінде...» деген сөйлемнен сөздің тура және ауыспалы мағынаны табыңдар.

  5. Тұрақты тіркестердің мағынасын табыңдар

Тас бауыр –

Ит өлген жер –

Көзі ашық -

6) Мына сөздердің антонимдерін жаз:

Үлкен адам –

Жаман әдет-

Зиянды зат-

7) Төмендегі сөздерді эфемизммен ауыстырып жазыңдар.

Ұрланды –

Өтірік айту--

Өлді-

8) Мәтелдің мақалдан айырмашылығын атаңдар.

9) Мақал деп нені айтамыз?

10) Сөздік қор деп нені айтамыз?

ІІІ Жаңа сабақтың мақсаты:

Көнерген сөздерді, олардың мағыналарын түсіндіру


ІV Жаңа сабақты түсіндіру:

Жаңа сабақтың тақырыбын сөзжұмбақпен ашамын.

  1. «Жаңа» сөзінің қарама-қарсы мағынасы (ескі)

  2. Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы не деп аталады?(сөздік құрам)

  3. «Қолды болды» сөзін дисфемизмге ауыстырыңдар (ұрланды)

  4. Ой-пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылған сөйлемдерді не деп атаймыз?(мәтелдер)

  5. Мәтелді аяқтаңдар «Қалауын тапса, ... жанар» (қар)

  6. «Жауырынан жел өту» деген тұрақты тіркестің мағынасы (азап шегу)

  7. Мақалды аяқтаңдар «Кең болсаң, ... болмайсың» (кем)

  8. «Тіс жармау» деген тұрақты тіркестің мағынасы (үндемеу)

  9. «Тас бауыр» деген тұрақты тіркестің мағынасы (мейірімсіз)

  10. «Қапалы» сөзінің қарама-қарсы мағынасы (көңілді)

  11. «Мылжың» деген сөзді эвфмизмеге ауыстырыңдар. (сөзуар)

«Ой қозғау» әдісі

Балалар, төмендегі сөздердің ерекшелігі неде?

Ел билеуге қатысты Салт-дәстүрге қатысты

Старшын Бесік құда

Атшабар Ұрын бару

Ерте, ерте, ертеде бір үш қария дос болыпты.Олар: Көнебай, Жаңабай, Тұрақбай. Олар ұзақ жылдар бойы тату дос болған. Күндердің бір күнінде үшеуі бір мәмілеге келе алмай, дауласып қалады.

Көнебай былай дейді:

- Мен сендердің екеуіңнен де баймын. Менің сөздерім бірнеше ғасырдан бері келе жатқан халықтың асыл қазынасы, халық өткен тарихын мен арқылы біледі, сондықтан халық мені ғана қажет етеді,- дейді.

Жаңабай қарнын керіп:

- Ей, Көнебай, сен неменеге жетісіп тұрсың. Халық сенің сөздеріңді қолданбайды. Сенің сөздерің күнделікті қолданыстан шығып қалған. Халық оны ұмытып қалған да шығар. Ал, мен болсам қоғам дамыған сайын байимын. Халық менің сөздерімді жиі қолданады. Мен үлкен қажеттілікке иемін. Қазіргі қоғамда халыққа ең керегі мен боламын. – дейді.

Тұрақбай өзінің салмақты мінезімен:

- Ей, достарым, неменеге қызыл кеңірдек болып қалдыңыздар? Маған қараңдаршы, мен осы көнермеймін де, жаңармаймын да. Бірақ халық мен арқылы өз әдеби тілдерін байыта түседі. Өз ойларын тереңірек жеткізуге менің көмегім қажет.Мен халыққа көп қызмет етемін-дейді.

Сөйтіп, үшеуі дауласа келе арғы аталары Лексикаға келіп жүгінеді. Лексика бұлардың жауаптарын тыңдап алып:

Сендер бізге қажетсіңдер. Біздің тілімізді, сөйлеу мәдениетімізді дамыту үшін үлкен қызмет атқарасыңдар.

Сендердің қорларыңдағы байлықтарың бізге, халыққа қажет деп төрелігін айтады.

  • Бүгін біз үш атамыздың қайсысына тоқталады екенбіз?

  • Дұрыс айтасыңдар балалар

  • Көнерген сөзге тоқталамыз.

Қолданыстан шығып қалып, тарихи шығармаларда ғана кездесетін, мағынасы көмескі сөздерді көнерген сөздер дейміз. Көнерген сөздер тарихи сөздер және архаизмдер болып екіге бөлінеді. Мысалы: хан, патша, уәзір, бесік құда, лашық.

V Жаңа сабақты түсінгенін тексеру:

«Бұлттардан күннің көзін ашу» ойыны арқылы

1-тапсырма. Мақал-мәтелді жалғастыру, ішінен көнерген сөзді табу, түсіп қалған дыбысты немесе сөзді жазу.

1.Кісі елінде с...лт...н болғанша

Өз еліңде ұлтан бол

2.Жаман ......... жал бітсе,(атқа)

Жанына т ... рс ...қ байлатпас. (торсық)

3.Иілген басты қ...л...ш кеспес.(қылыш)

2-тапсырма. 148-жаттығу. Мәтіндегі жиі қолданылатын атауларды бір бөлек, мүлде қолданылмайтын атауларды бір бөлек көшіріп жазыңдар.

3-тапсырма. Көнерген сөздерді ұғым атауына топтап жаз

Ел билеуге


әскери қару –жарақтар


Ыдыс-аяқ, үй мүліктері



4 -тапсырма. 149-жаттығу Мына мақалдардағы көнерген сөздерді атаңдар және олардың сипатын анықтаңдар.

5-тапсырма.

Тоқымқағар – жас жігітті ұзақ сапарға

шығарып саларда ауыл елінің арнайы ас беруі.

Қорамсақ- садақтың жебесін салып,

белге байлайтын жеке-жеке ұясы бар

Сәукеле - әйелдердің асыл тастармен

безендіріп жасалған ерте кездегі бас киімі

Тоқым қағар

Сәукеле

Қорамсақ





VІ Жаңа сабақты бекіту:

«Семантикалық карта» арқылы


Көнерген сөздер

Ел басқару

Қару-жарақ

Әдет-ғұрып

тар

Ыдыс-аяқ

Киім-кешек

1

Шидем





+

2

Патша

+





3

Қалың мал



+



4

Найза


+




5

Кебеже




+


6

Құда түсу



+



7

Уәзір

+





8

Садақ


+




9

Сапты аяқ




+


10

Ұрын бару



+



11

Сәукеле





+

12

Жаулық





+


Бағалау: Топтардың ұпай сандарын есептеп жеңген топты анықтау.


VІІ Үйге тапсырма:151-жаттығу.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ