400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ «Көңілді ойындар»

Материал туралы қысқаша түсінік
Осы ашық сабақ тәрбиешілерге керек, өткен тақырыптарды еске түсіріп, білімдерін ойын арқылы жетілдіріп бекіту. Заттардың көлеміне, пішініне, түсіне қарай топтап ажыратып білуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

МҚКК «Айналайын» балабақшасы










Ашық сабақ

«Көңілді ойындар»








Тәрбиеші: Касымова Г.Б.

















Аққулы 2019ж

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.

Бірінші кіші «Санаторлық» тобы

Тақырыбы: «Көңілді ойындар»

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Сенсорика.

Мақсаты:  Балаларға сезім дамыту оқу іс - әрекеті бойынша өткен тақырыптарды еске түсіріп, білімдерін ойын арқылы жетілдіріп бекіту. Заттардың көлеміне, пішініне, түсіне қарай топтап ажыратып білуге үйрету.

Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту, өздігімен жұмыс істеуге машықтандыру.

Тәрбиелік: Балаларды қамқорлыққа, ұқыптылыққа, бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: Қоршаған ортамен таныстыру, көркем әдебиет, математика.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Пішіндер, әр түрлі ойыншықтар, үлестірмелі құралдар.

Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Қайталау, сұрақ - жауап, көрсету, ойын ойнату.

Сөздік жұмыс: Қызыл, жасыл, көк, сары

Блингвистикалық компонеті: Қызыл - красный, Көк – синий,Сары - желтый, Жасыл – зеленый

Іс - әрекет кезеңі


Педагогтың басқарымдық қызметі

Балалардың әрекеттері

Кемшіліктер

І–кезең Мотвациялық қозғаушы
















ІІ–кезең Ізденіс ұйымдастыру


- Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Өйткені бізге қонақтар келді. Бәріміз амандасып алайық.
- Сәлеметсіз бе!

Топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық!

Жаса,жаса, алтын күн!

Жаса,жаса жарқын күн.

Қалдарыңыз қалай, балақайлар?

Бүгін керемет күн екен!


Балалар, бүгінгі сабағымызға бізге қоян да қонаққа келемін деп, орманда адасып қалыпты. Қане, орманға барып оны тауып алайық.

-Балалар, орманға қандай көлікпен барайық?
- Олай болса, қане поезд болып тұра қалайық.
-Балалар, орманға келдік қане қарайықшы қоян қайда адасып жүр екен. Оңға қарайық, солға қарайық.
- Өте жақсы, олай болса оны тобымызға алып кетейік. Қане, поезға отырайық. (Пуф-чик- чик,пуууф-чик-чик)
-Балалар, қоянмен амандасып алайықшы.
-Жарайсыңдар, балалар бүгін біз жылдың басынан үйренген білімдерімізді ойын арқылы ортаға саламыз.
-Балалар, үстелдің үстіне қараңдаршы, қандай заттар тұр?

-Ендеше біздің бірінші ойынымыздың аты «Түсін ажырат» деп аталады.
-Балалар, қоянға мына шарлардың түсін ажыратуға көмектесейікші.
-Өте жақсы, түсін ажыраттық. Енді шарларға қарайықшы, шарларда суреттер бейнеленген екен. Бұл ненің суреттері?
- Дұрыс айтасыңдар.

-Ендеше біздің екінші ойынымыздың аты «Пішіндерді дұрыс орналастыр» деп аталады.

- Өте жақсы, енді шеңберге тұрамыз.

Сергіту кезеңі:

Ақ қоян-ау, ақ қоян,

Бетіңді жушы,

Қолыңды сүртші,

Айнаға қарашы,

Шашынды тарашы,

Киіміңді киші,

Мектепке қарай жүрші,

Орныңа отыршы,

Сабағыңды оқышы.

-Өте жақсы, енді қоянның ойыншықтарына қарайықшы.

Келесі ойын «Салыстыр» деп аталады.

-Балалар, мына ойыншық қалай аталады?

Мына машина қандай?
Ал мына машина қандай?
(Осылай барлық ойыншықтарды салыстырады)
-Мына доп қандай?
-Мұнда бір доп, ал мұнда қанша доп?
-Олай болса, балалар сендермен осы доптар арқылы алақанымызға жаттығу жасап алайық.
Сиқырлы доптарды қолымызға алып доп туралы тақпағымызды айтайық.

Добым, добым домалақ
Қайда кеттің домалап
Үстел үстін бүлдірдің
Тәрелкені сындырдың.
-Өте жақсы балалар, келесі ойынымыз «Сәбіз теру». Қане, жылдам-жылдам қоянға сәбіз теріп берейік?
-Балалар, менің қолымда неше сәбіз?

-Ал, сендер қанша сәбіз жинадыңдар?
-Өте жақсы.

Шаттық шеңберін жасайды, апаймен бірге сәлемдеседі.




Жақсы!


Иә!


Балалардың ойынға деген қызығушылықтары артады.




-Поездбен

Балалар тізбектесіп тұра қалады.



-Қоян, әне оң жағымызда жүр.






-Сәлеметсің бе, қоян!






-шарлар







- Қызыл, жасыл, сары, көк.






-Пішіндердің суреті.
Балалар шарларды сәйкес жәшіктерге салады.

















-Машина

-Үлкен
-Кішкентай





-Үлкен, жұп - жұмсақ, домалақ.
-көп доп.


Орындарынан тұрып, кішкентай доптарды қолдарына алып, тақпақтарын айтады.

Жаттығуды тәрбиешінің қолына қарап жасайды.

Музыка қосылғанда, балалар қоян сияқты секіріп сәбіз тереді.
-Біреу ғана.


- Көп



ІІІ – кезең

Рефлекстік түзетуші:

-Балалар, сабағымыз осымен аяқталды, айтыңдаршы, бүгінгі сабақ ұнады ма сендерге?
-Бүгін біз нені қайталадық?



-Қандай ойын ойнадық?




-Сендер сабаққа өте жақсы қатыстыңдар білімдеріңді көрсеттіңдер. Ал енді қоян орманға қайтам дейді. Оған «Сау бол» деп айтайық.

Мынау қояннан сендерге естелік сыйлық.

Жарайсыңдар балалар!

Мадақтау.

-Ия, ұнады бүгінгі сабақ.



Түстерді, пішіндерді, үлкен-кіші


«Түсін ажырат» «Пішіндерді дұрыс орналастыр» «Салыстыр» «Сәбіз теру»





«Сау бол»


Рахмет!




Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Пішіндерді. көлемді, санауды, салыстыруды.

Игеру керек: Заттар көлемі бойынша үлкен және кіші болатынын, олардың түсі, саны болатынын.

Үйрену керек: Көру, есту, түсіну арқылы өз беттерімен іс - әрекет жасауды үйренді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
16 наурыз
8927
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі