400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Көңілді қалпақтар"балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты:балалардың ән туралы түсініктерін қалыптастыру; әнді мұқият тыңдай отырып ,сипатын ажырата алу. Бірге ән салу, би билеу, музыкалық есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ән шырқай отырып ,он көлеміндегі сандық есептеу, сандарды тура және кері санау,салыстыру дағдыларын қалыптастыру. Әдіс –тәсілдер: топтық жұмыс,ой қозғау,сәйкестендіру,дидактикалық ойын Көрнекілігі: қалпақтар,слайд,музыкалық аспаптар Билингвизм: Қызыл телпек-красная шапочка,ән-песня, би-танец, аспатар-инструменты т.б
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызыметі

Білім беру саласы: «Шығармашылық», «Таным»

Білімі: «Музыка», «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру»

Тақырыбы: «Көңілді қалпақтар»

Мақсаты:балалардың ән туралы түсініктерін қалыптастыру; әнді мұқият тыңдай отырып ,сипатын ажырата алу. Бірге ән салу, би билеу, музыкалық есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ән шырқай отырып ,он көлеміндегі сандық есептеу, сандарды тура және кері санау,салыстыру дағдыларын қалыптастыру.

Әдіс –тәсілдер: топтық жұмыс,ой қозғау,сәйкестендіру,дидактикалық ойын

Көрнекілігі: қалпақтар,слайд,музыкалық аспаптар

Билингвизм: Қызыл телпек-красная шапочка,ән-песня, би-танец, аспатар-инструменты т.б

Бастапқы жүріс: «Марш» екпінді әуен ойнап ,балаларды қабылдайды.

Әндете сәлемдеседі.

Шаттық шеңбері:

Біз көңілді баламыз,

Өнер қуған дарамыз.

Әнде шырқап әдемі,

Санайда біз аламыз.

(үш тілде амандасу)

Саз жетекшісі: тамаша балалар,енді орнымызға жайғасайық. Балалар, бүгін біз оқу қызыметінде ән шырқай отырып ,санаймыз. Яғни бізде музыка және қарапайым математика ұғымдарын қалыптастыру.

Тосын сый

Қызыл телпек (тәрбиеші) көіңілді әнмен топқа кіреді.

Саз жетекшісі: ой балалар, қараңыздаршы бізге бүгін кім келді?

Балалар: Қызыл телпек

Саз жетекшісі: Ия, ол бізге ертегілер елінен келген. Қараңыздаршы ,қандай ол көңілді. Неге көңіл күйі жақсы екен ,сұрайықшы?

-Қош келдің бізге Қызыл телпек көңіл күйің жақсы ғой.

Қызыл телпек (тәрбиеші): Сәлеметсіздерме ,балалар.Ия мен өте көңілдімін ,осы көңіл күйімді сіздермен бірге бөліскім келеді.

-Мен орманға саңырауқұлақ теруге келіп едім,бірақ мен ешқандай саңырауқұлақтар таба алмадым.Керісінше менің алдымда әдемі,түрлі –түсті қалпақтар жатыр екен .Мен сіздерге осы қалпақтарды сыйлағым келеді.

Саз жетекшісі: Балалар, алдымен қарайық, қызыл телпектің себетінде неше қалпақ бар екен? (үш тілде санайды)

Қызыл телпек(тәрбиеші): Мен мына телпекті бір сүйкімді балаға бергім келеді.Әр балаға қалпақ кігізіп,тапсырмаларды орындату.

1 қалпақ: Дауыс жаттығулары: «Самолет», «Аю мен бауырсак», ән «Санамақ»

2 қалпақ: Дидактикалық ойын «Табан мен алақан» Неше табан,неше алақан ? салыстыру.

Би. Музыкалық-ырғақты қимылдар. Ән сөздеріне және сәйкестендіріне, жұптаса би қимылдарын орындауға шақырады, балалармен бірге би қимылдарын дұрыс орындауларына ықпал етеді.

3 қалпақ: Би. Музыкалық-ырғақты қимылдар. Ән сөздеріне және сәйкестендіріне, жұптаса би қимылдарын орындауға шақырады, балалармен бірге би қимылдарын дұрыс орындауларына ықпал етеді.

4 қалпақ:балалардың орындауында «Полька» (музыкалық оркестр) (аспаптар арқылы пішіндерін атау)

Қ.Т- балалар мына мен кігізіп жатқан қалпақ нешінші?

5 қалпақ:Қ.Т-ендеше бесінші қалпақтың тапсырмасын орындайық. Өте қызық балалар,мына қалпақта ешқандай тапсырма жоқ. Бұнда сендерге барлық тапсырмаларды жақсы орындаған үшін сізге алғыс білдірген.Сондықтан да ,қалған қалпақтарды сіздерге сыйлайды екен. Қарайықшы ,неше қалпақ қалды? Ал неше баланың басында қалпақ жоқ? Ендеше кігізіп қарайық,қалпақ киіле ме екен?

Қортынды: саз жетекшісі- балалар, бәріңізді үлкен шеңберге шақырамын.

-Бүгін бізде қандай оқу қызыметі болды? Музыка және қарапайым математика

-Сізге ұнадыма?

-Біз оқу қызыметінде не істедік? Бізге кім қонаққа келді?

Қызыл телпек (тәрбиеші):балалар, мына қалпақтарда сендер өте әдемі болып тұрсыңдар.Осы қалпақтармен би билесек қалай болар екен?

Қызыл телпек (тәрбиеші) :сендер қандай ақылды ,білімдісіздер.Маған сіздерде қатты ұнады. Менің сендерге арналған сыйлықтарым бар.Менің енді кетуім керек ,маған әлі орманнан көп саңырау құлақтар жинау керек.

Саз жетекшісі: ендеше балалар Қызыл телпекпен қоштасайық. Сау болыңыз! Осымен ұйымдастырылған оқу қызыметі аяқталды! Рахмет!

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
2227
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі