Білім
беру саласы: «Қатынас»
Тақырыбы:
Көңілді қыс
Мақсаты:
Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту.
Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге,
өз ойын толық жеткізе білуге үйрету.
Қысқы ойындарға қажетті құралдарды
атау. Табиғатты аялауға, әсемдікті
сезініп, көре білуге тәрбиелеу.
Әдіс
- тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ
– жауап, көрсету, ғажайып сәт, ойын,
сергіту сәті.
Көрнекілігі: Мазмұнды
суреттер, аққала, ойынға қажетті
заттар.
Тәрбиеші:
Бүгін
бізге қонақтар келді, алдымен амандасып
алайық.
Балалар,
күн суық болса да, біздің жүрегіміз
жылы. Жылуымызды жан - жағымызға беріп,
жылулық шеңберін құрып, келген
қонақтарымызбен амандасайық.
Арайлап
таң атты ,
Алттын
шуақ таратты,
Қайырлы
таң алтын күн,
Қайырлы
таң жер ана,
Қайырлы
таң қонақтар,
Қайырлы
таң достарым!
Тәрбиеші: Балалар, мен
сендерге өлең жолдарын оқып бергім
келіп тұр.
Шанамен зырғып желетін,
Коньки,
шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай
мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?
Назарымызды
тақтаға аударайық.( Слайд)
Балалар:
Қыс мезгілі
Тәрбиеші: Жарайсыңдар
балалар, қыс мезгілінің белгілерін
білеміз бе?
Балалар: Қар жауады, аяз
болып, боран соғады.
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар балалар! Енді қыс айларын
атайықшы
Балалар: Желтоқсан, қаңтар,
ақпан
Тәрбиеші: *Желтоқсан - жылдың
аяғы, қыстың басы ол, суық, ызғарлы.
*
Қаңтар - жыл басы, қыстың ортасы, ол ең
қарлы ай, бұл айда қатты суық, үскірік
аяз болады.
*Ақпан - жел мен боранның
айы. Бұл айда ең ауыр, әрі суық, дүлей
боранды.
Тәрбиеші: Балалар, біз тоңбас
үшін үстімізге қандай киімдер
киеміз?
Қиыршық қармен ойнау: (Балалар
кармен ойнап көрсетеді)
Балалар: Бас
киім, үстімізге тон,куртка, аяғымызға
етік, пима, қолымызға қолғап киеміз,
мойнымызға бөкебай байлаймыз!
Тәрбиеші:
Қандай ойындар ойнайсыңдар?
Балалар:
Қар лақтырып, аққала жасап, шанамен
сырғанақ тебеміз. (Тақтаға шығып суретпен
әңгімелейді)
Тәрбиеші: Балалар, қыста
ауа таза болады. Сондықтан да сендер
ауырмау үшін, денсаулықтарың мықты болу
үшін таза ауада ойнауларың керек. Ойын
арқылы денелерің шынығады.
Тәрбиеші:
Балалар, біздер қыс мезгілінде қандай
мерекелерді тойлаймыз?
Балалар: Жаңа
жыл!
Тәрбиеші: Балалар, мынау ненің
суреті?
Балалар: Аққала
Тәрбиеші:
Аққала неден жасалады?
Балалар:
Қардан
Тәрбиеші: Қар мұздай ма, жылы
ма?
Балалар: Мұздай
Тәрбиеші: Аққала
неше бөліктен тұрады?
Балалар: Үш
бөліктен тұрады
Тәрбиеші: Оның
бөліктерінің пішіндері қандай?
Балалар:
Дөңгелек
Ғажайып сәт./Осы кезде аққала
келеді/
Аққала: Сәлеметсіңдер ме
балалар! Мен сендермен ойнауға, сендердің
өнерлеріңді тамашалауға келдім. Мына
сандықшаның ішінде сендерге арналған
сыйлықтарым бар.
Тәрбиеші: Кел төрлет,
сен туралы айтып отыр едік. Балалар,
қонаққа не келді?
Балалар:
Аққала
Аққала: Балалар, мен сендермен
ойын ойнағым келіп тұр.
«Қар жинау»
ойыны.
Ойын шарты: Қар ерімей тұрып,
шелекке тез жинау.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар,
бәрекелді! Балалар, бізге аққаламыз құр
келмепті, тапсырмалар ала келіпті.
Аққала:
1тапсырма: Балалар сендерге қыс мезгілі
ұнай ма?
Қыс мезгілінің ұнайтын және
ұнамайтын жақтарын атаңдаршы?
Балалар:
ұнайтын жағы: Жаңа жыл келеді, шаңғы,
коньки тебеміз, шанамен сырғанаймыз,
қар жауады, қар лақтырып ойнаймыз, аққала
жасаймыз.
Ұнамайтын жағы: қатты аяз
болады, суық жел тұрады, боран
соғады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар.
Енді барлығымыз бірге сергіту сәтін
орындап, бір серігіп қалайық:
Қар
жауғанда топ бала,
Соқты
қардан аққал,
Мұрны
сәбіз, үпүшкір,
Көзі
көмір қап-қара
2. Тапсырма: Кім қыс
туралы тақпақ біледі? (Балалар
тақпақтар айтады )
Айару:
Али:
Мира:
Зере:
Рамина:
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар! Қане, балалар ойын ойнап
жіберейік.
Аққаламызға
суретін құрап берейік.
Ойын: «Аққала
құрастыу.
Аққала:
Жарайсыңдар балалар, менің тапсырмаларымды
орындадыңдар! Рахмет! Балалар, сендер
өте ақылды, өнерлі, тапқыр екенсіңдер!
Топтарың ыстық екен, мен жылы жерде көп
тұра алмаймын, еріп бара жатырған
сияқтымын. Еріп кетпей тұрғанда, қайтайын.
Өзіммен бірге алып келген сандықшамдағы
сыйлықтарымды берейін. Жақсы балалар
мен сендермен қоштасамын, келесі жыл
кездескенше сау болыңдар!
Тәрбиеші:
Балалар аққаламен қоштасайық!(Аққала
шығып кетеді)
Қорытынды: Балалар,
бүгін біз жылдың қай мезгілі туралы
әңгімелестік?
Қыс мезгілі
Бізге
бүгін қонаққа не келді?
Аққала
Барлығымызға
ұнады ма?
Иә
Жарайсыңдар, балалар,
енді келген қонақтарымызбен
қоштасайық.
«Жүректен - жүрекке»:
Балдай
тәтті баламыз,
Айтқан тілді
аламыз.
Ойынменен өседі,
Ойымыз
бен санамыз.
Қол ұстасақ бәріміз,
Жарасады
сәніміз.
Көріскенше күн жақсы,
Сау
болыңыз бәріңіз!