15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Көңілді қыс және қысқы ойындар" дайындық сыныбы
Тақырыбы: Көңілді қыс және қысқы ойындар
Мақсаты: А) Білімділік. Қыс мезгілі туралы мағлұмат беру. Қысқы табиғат көрінісін, қысқы ойын түрлерін ұғындыру.
Дамытушылық: Сурет мазмұнына сәйкес әңгіме құрап айтуға үйрету. Қысқы табиғат көрінісін бейнелейтін сөздерді айтқызу.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты сүйе білуге, ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, дидактикалық ойын, т.б.
Сабақтың жүру барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:
- Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Қане, орнымыздан тұрып апайларға амандасып алайық!
Шаттық шеңбері
Арайлап атқан таңға сәлем!
Жылуын шашқан күнге сәлем!
Жайнап өскен бізге сәлем!
Білім беріп тәрбиелеген,
Апайларым сіздерге сәлем!
Топқа бөлу. (3-топ)
1-топ: Желтоқсан, 2-топ: Қаңтар, 3-топ: Ақпан.
Үй тапсырмасын сұрау.
1.Менің киімдерім санамағын сұрау.
Қызығушылықты ояту. «Не артық?» ойыны.
Балалар, біздер өткен сабақта қысқы киімдер туралы білдік? Олай болса, өткен сабақта алған білімімізді пысықтау үшін «Не артық?» ойынын ойнайық.
Балалар, ойын барысында бірінші қатардағы киімдердің ішіндегі қайсысы артық екенін табады. Екінші қатардағы киімнің қайсысы екенін табады.
Жаңа сабақ: Көңілді қыс және қысқы ойындар
Бүгін біз «Көңілді қыс және қысқы ойындар» деген тақырыпты өтеміз.
-
«Серпілген сауалдар»
Алдымен сабақты жұмбақ шешуден бастаймыз.
Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезеңді торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғып жастар ойнайды.
Кейде ұлып,
Кейде ысқырып,
Ұйытқып боран соғады.
Айтыңдаршы, бөбектерім
Бұл қай кезде болады?
Балалардың жауабы:
- Қыс мезгілінде.
-Жылдың қандай мезгілдері
бар?
- Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде неше ай бар? Қыстың
қандай белгілерін білеміз?
-Қыста қандай ойындар ойнаймыз?
- Балалар, аяз жылдың қай
мезгілінде болады?
-Қыс мезгілі қандай болады?
-Қыста біздер қалай киінеміз?
-Жылы киімдерімізді киеміз.
Сергіту сәті: «Сұр қоян».
Ғажайып
сәт: Үнтаспадан боранның, сықырлған
дауыс естіледі.
-Балалар, тыңдайықшы, ненің даусы естіліп тұр? –Боранның даусы. Осы
кезде өзара дауласып Екі аяз кіріп келеді. Үлкен Аяз: - Мен қазір
мына балаларды тоңдырып, қатыра аламын, оған күшім жетеді. Кіші
Аяз: - Жоқ , бұл балалар өте ақылды екен, одан да сабақтарына
қатысып , не істей алатындарын көрейік. Үлкен Аяз: - Жоқ, біздің
уақытымыз аз, ары қарай ұзақ жол жүруіміз керек. Одан да
тапсырмаларымызды беріп кетейік, келесіде орындап
қойсын.
-Қане, балалар, екі Аязға тапсырмаларды орындауға уәде беремізбе?
-Иә. Екі Аяз қоштасып шығып кетеді.
Мұғалім сөзі. -Рахмет, балалар аяз деген осындай қатал, ызғарлы болады.Аязды күні далада жалғыз жүруге болмайды, Аяз үсітіп, қатырып тастайды. Қыста үстімізге жылы тон, қолымызға жылы қолғап, басымызға тұмақ кию керек.
-Балалар, қазір сендермен Аяз
беріп кеткен тапсырмаларды орындаймыз.
Желтоқсан
тобы. 1-тапсырма: Ермексаздан аққала
жасаймыз.
Қаңтар тобы. 2-тапсырма: Ақ қағаздан қар ою.
Ақпан тобы. 3-тапсырма: Әр түрлі үшбұрыштардан шырша құрастыру.
Балалар, енді біз қар немесе мұздың қалай суға айналуына тәжірибе жасап көрелік. Мұздың суға айналуына тәжірибе жасаймыз.
Ойын «Ойлаймыз ,
ойнаймыз!».
Қыс мезгіліне байланысты
айтылған сөзге қолымызды көтереміз.
Мысалы: Алақай, қар жауды. (қолдарын көтереді)
Алақай, шана тебеміз. (қолдарын көтереді)
Алақай, жауын жауды. (қолдарын көтермейді)
Алақай , суға түсеміз. . (қолдарын көтермейді) ойын осылайша
жалғаса береді.
-Қыс мезгілі несімен қызықты екен?
-Қар лақтырумен, аққала жасаумен, шана тебумен.
Қысқы суреттер салып келу. (шығармашылық
жұмыс)
Сөздікпен жұмыс.
Мына тірек сөздерге назар аударайық. «Көңілді қыс» суреті бойынша әңгіме құрастырып, қысқы ойын, аязды күн, қысқы табиғат, жылы киінген балалар бейнеленген. Сурет арқылы жұмыс жүргізіп көрелік. Төмендегі тірек сөздерді пайдалануға болады.
Тірек сөздер: қысқы ойын, аязды күн, қысқы табиғат, жылы киінген балалар, шана, ақ мамыққа оранған үйлер.
-
Қыста қандай ойындар ойнаймыз.
-
Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды атаңдар?
-
Конькиді қай жерде тебеді?
-
Шаңғыны қалай тебеді?
Дөң басынан балалар шаңғы, шанамен сырғанап келе жатыр.
Қыста шана, шаңғы, мұз айдынына коньки тебу, қардан аққала жасау ойындары ойналады.
Шаңғыны қос-екі аяқпен тебеді.
«Қыс туралы» өлеңді бірге жаттайық.
Келді- дағы қыс,
Дала аппақ түс.
Қос аяқта шаңғымыз,
Дөңге шықтық бәріміз. Т.Елеусізұлы.
Оқулықтағы өлеңді айтқызу.
-
Қыс туралы қандай тақпақтар білеміз?
Оқушылар өздерінің білетін тақпақтарын айтады.
Постермен жұмыс.
Қысқы табиғатты постерге бейнелейміз.
Шығармашылық жұмыс. Қысқы ойындар тақырыбына сурет бойынша әңгіме,ертегі құрастыру.
Аққоян, сұр қасқыр, түлкі, кірпі қандай ойындар ойнады?
1.Кірпі сыртқа не алып шықты?
2.Қоян не істеді?
3.Хоккей ойнау үшін қандай құралдар қажет болды.
Қорытындылау.
Білуі
қажет: Қыс мезгілінің ерекшеліктері
мен қысқы ойын түрлерін, сурет бойынша әңгіме құрастырды, қардың
суға айналуын білді.
Меңгерді: Ермексаздан аққала мүсіндеді,
үшбұрыштардан шырша құрастырды, ақ қағазды бүктеп, ою қиюды
үйренді.
-Балалар, сендер бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар. Бой сергіткені үшін сендерге аяз да келіп, рахметін айтып, сыйлық әкеліпті.
Тәрбиеші тәттілер береді.
Үйге тапсырма беру. Қыс туралы тақпақтар жаттау.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген