Ашық сабақ. "Көп тіл білгім келеді"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. "Көп тіл білгім келеді"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: "Көп тіл білгім келеді" Мақсаты: тыңдаған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, ақпараттың өзектілігін анықтайды. Мәтіндерден көмекші есімдерді ажыра та біледі, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолданады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Дуйсенбекова Нургуль Кадырбековна

252 Г.Н.Ковтунов атындағы мектеп-гимназиясы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы





Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т2

Бөлім: I.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқып үйренеміз. Үш тілді білу – үлкен өнер.

Күні :

Педагогтің аты-жөні: Дуйсенбекова Н.К.

Сынып: 7

Қатысқан оқушылар: 11 Қатыспаған оқушылар :

Сабақтың тақырыбы: Көп тіл білгім келеді

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

7.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру

7.5.1.1мәтіндерден көмекші есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану

Сабақтың мақсаты :

Барлық оқушылар: тыңдаған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, ақпараттың өзектілігін анықтайды.

Мәтіндерден көмекші есімдерді ажыра та біледі, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолданады.

Тілдік мақсаттар

Шет тілдері, тіл үйрену курстары, тілдік деңгей, белсенді сөздер.


Құндылықтары және оның мақсаты

құқық жүйесі мен адам құқықтарының негіздерін білу;

тәртіп пен әділдікті, нормалар мен ережелерді сақтау қажеттілігін түсіну;


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


«Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру: «Сенім аралы»

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Оқушылар шеңбер болып отырады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстап, «Мен саған сенемін, себебі сен ...» сөйлемді бір сөзбен аяқтайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады, соңында бір-бірлерінің қолдарын ұстайды. Сөйлемді мынандай сөздермен аяқтайды: мейірімдісің, ақылдысың, әдептісің, ұқыптысың, тәртіптісің, әдемісің, т.б.


Сабақтың тақырыбын, мазмұнын бейнеролик арқылы болжайды.








Қолпаштау



Слайд

Сабақтың ортасы



























1.Сөздікпен жұмыс. Шет тілдері-иностранные языки

тіл үйрену курстары- курсы языкознания

тілдік деңгей- языковой уровень

белсенді сөздер –активные слова

Жаңа сөздермен таныстырады, оқушыларға қайталатады.
















2. Тыңдалым.Оқылым.Айтылым

1-тапсырма.Тыңда, оқы, өз ойыңды айт. Қазақ тілін білу не үшін керек? Әр сөйлемге сұрақ құрастыру.









Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап беріңдер. Берілген сөйлемдердің дұрыс-бұрыстығын анықтаңдар.

Жер бетінде алты мыңдай тіл бар екені анық. Оның ішінде он үші «ең ұлы» тіл болып саналады. Әр халық өз ана тілін қастерлейді. Әр адамға ана тілі – ұлы тіл. Тіл әрбір адамға өмір бойы керек. Қазіргі уақытта көп тілді білу керек.

Дүниежүзінде ресми тіл ретінде қытай, ағылшын, орыс, испан, француз, араб тілдері қолданылады. Дүниедегі барлық аударма шығармалардың 33%-ы ағылшын тілінен, 15%-ы француз тілінен, ал 1%-ы неміс тілінен аударылады.

Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік мәртебеге ие болған. Соның ішінде қазақ тілі бар.

Қазіргі уақытта көп тіл білу – өнер. Оның ішінде, үштілді білу – үлкен өнер. Заманауи озық технологиялардың тілін білетін жастар ағылшын тілін жетік меңгереді. Халқымызда «Тіл тағдыры – ел тағдыры», «Жеті елдің тілін біл, жеті түрлі білім біл» сияқты мақалдарда да кездеседі.





3.Тыңдалым. Оқылым.Айтылым.

Тілдік бағдар: ережемен танысу





















Жазылым

4. 3 – тапсырма. Кестеге көмекші есімдер тіркескен сөздерді жазып, толықтырыңдар.





5.Тілдесім. айтылым

5- тапсырма

«Кім жылдам?»

Тыңдалым,айтылым.
Жаңа сөздерді жазады, сөз тіркестерін, сөйлем құрастырады.


Шет тілі – басқа елдің тілі

Мысалы: Айнұр шет тілдерінің ішінен ағылшын тілін жақсы меңгерген.

Тіл үйрену курстары – тіл үйрететін арнайы оқыту курстары

Мысалы: Оқушылар аптасына екі рет сабақтан кейін тіл үйрену курстарына барады.

Тілдік деңгей – тілдегі сөздерді білу, түсіну, қолдану деңгейі

Қазақ тілінде кітап оқу арқылы оқушылар өз тілдік деңгейін көтереді.

Белсенді сөздер – жиі қолданылатын сөздер

Әр тілдің белсенді сөздері бар.

Тыңдалым.Оқылым.Айтылым

1.Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

2.Мемлекеттік тілді білу-Қазақстанның әр азаматының міндеті.

3.Бейбіт өмір сүру үшін татулық қажет.

4.Қазақ тілін білген адам қазақ халқының тарихын, мәдениетін біледі.

5.Көп тіл білу-рухани байлық.



«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы мәтін мазмұнын түсінгендеріңді тексеріңдер.

1.Қанша тіл «ең ұлы» тіл болып саналады? (13 тіл);

2.Ғалымдар соңғы кезде дүниежүзінде неше тіл бар

екенін анықтады? (алты мыңдай);

3.Дүниедегі барлық аударма шығармаларының 15%-ы

қай тілде? (француз тілінде);

4.Қазіргі уақыттағы заман талабы не? (көп тіл білу).


Мәтін бойынша сөйлемдердің дұрыс-бұрысын

тексеріңдер. (Дұрыс +, бұрыс – )

1.Жер бетінде бес мыңдай тіл бар екені анық.

2. Әр адамға ана тілі – ұлы тіл.

3. Қазіргі уақытта көп тіл білу керек емес.

4. Дүниежүзінде ресми тіл ретінде ағылшын, француз, италян тілдері жатады.

5.Заманауи озық технологиялар ағылшын тілінде.



3.Тыңдалым. Оқылым.Айтылым

Көмекші сөздер



Көмекші есімдер



Лексикалық мағынасынан айырыла бастаған зат есімдер





Сырт, іш, маң, жан, тұс, қас, алд, арт, аст, үст

Көмекші есімдерге тәуелдік жалғауы жалғанады да негізгі сөзбен тіркесіп қолданылады











Үлгі: сыртында, үстінде...



Жазылым

Үлгі: мектептің маңы....


сырты

іші

қасы

асты

үсті

жаны









Айтылым.

Жұптық жұмыс. Бірінші оқушы зат есімді айтады, екінші оқушы оған тіркесетін көмекші есімді жылдам тауып айтуы керек. Қай жұп көп әрі дұрыс сөз тіркесін құраса, сол жұп жеңімпаз болады. Мысалы: Көше- көшенің бойында.

«Бас бармақ»























Дескриптор:

- тыңдалған, оқыған мәтіннің мазмұны бойынша, өз пікірлерін айтады. Әр сөйлемге сұрақ құрастырады.

















Дескриптор:

-тыңдалған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға дұрыс жауап береді.

- Сөйлемдердің дұрыс-бұрысын шартты белгімен белгілейді.



Өзара бағалау: «Өте жақсы», «Жақсы», «Талпын»


























«Бас бармақ»




Өзара бағалау




Оқулық 4 бет

сөздік

слайд






































Слайд

Оқулық

5бет























Оқулық 6 бет


слайд



Сабақтың соңы


Үй тапсырмасын беру : 6 б. 4-тапсырма


Кері байланыс


Чемодан (маған қажет),

Еттартқыш (қайта қарастыру қажет),


Қоқыс жәшігі (маған қажет емес)

Өз көңіл күйлерін  бейнелеген стикерге сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазады


Бағалау

Мұғалім формативті бағалауы бойынша қорытынды балын қояды.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
14.05.2025
162
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі