400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Ашық сабақ "Көппартиялық жүйе" 9 сынып Қазақстан тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибе алмасу мақсатында жібердім. Жас мамандарға көмегі болар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан тарихы


Сабақ: Қазақстандағы көппартиялық жүйе

Мектеп: «Атамекен» жалпы орта мектебі

Күні: 09.04. 2018ж

Мұғалімнің есімі: Бегимова С

Сынып: 9 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Саяси партиялардың құрылу себептері мен қызметтеріне сипаттама бере отырып, қоғамдық маңызын ашып көрсетеді. Оқушылар Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезде оның қоғамдық - саяси, әлеуметтік өмірінде болған түбегейлі өзгерістерді баяндайды. 

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

Саяси өмірдегі өзгерістерді дұрыс талдап, тұжырымдай біледі жүйелі ойлау қабілеттерін жетілдір. 

Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырыпты толық меңгеріп, өз ойларын еркін жеткізе алады.

Кейбір оқушылар:

Өтілген материалдарды қайтала отырып, оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптасады, тарихты сыни тұрғыда талдай алады

Тілдік мақсат:

Термин сөздер мен танысады.

Бағлау критерийлері:

Бағалау критерйилері:

  • тарихи-саяси сауаттылығы;

  • тапсырманың толық орындалуы;

  • топпен жұмыста белсенділігі;

  • өз пікірінің болуы,

  • білімділігі және сөйлеу шешендігі;

Құндылықтар:

Тақырыпты аша отырып оқушылардың бойына патриоттық сезім ұялату

Алдыңғы оқу

Тәеуелсіз Қазақстанның саяси дамуы

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

3 минут

Үй тапсырмасы:

5 минут






















Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сыныпты 3 топқа бөлу.

Үй тапсырмасын сұрау: Блиц-турнир.

1.КСРО халық депутаттарының І ъезінде қандай проблемалар қарастырылды?Саясаттағы, экономикадағы, қоғамдық өмірдің әлеуметтік- рухани салаларына талдау жасалды.

2.Қазақстанның мемлекеттік егемендігі қашан жарияланды? 1990 ж 25 қазан

3.1991 жылы 19 тамызда қандай оқиға болды? ТЖМК құрылды.

4.1991 жылы тамызда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев қандай Жарлықтар жариялады? «Қазақ КСР-інің Қауіпсіздік Кеңесін құру жөнінде», «Одақтық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорынедар мен ұйымдарды Қазақ КСР-і үкіметінің қол астына көшіру жөнінде», « Қазақ КСР-нің алтын-алмаз қорын құру», «Қазақ КСР-інің сыртқы экономиклық қызметін қамтамасыз ету жөнінде».

5.Егемендік туралы декларацияның қабылдануының тарихи маңызы неде?Қазақстан Республикасы егемендігін алды.

6.Қазақстан Компартиясының қызметі қашан тоқтатылды? 1991 ж қыркүйекте

7.Н.Ә.Назарбаев Қазақ КСР-нің тұңғыш президенті болып қашан сайланды.1990 ж 24 сәуірде

8.Қазақстан ЛКЖО атауы қалай өзгертілді? Қазақстан Жастар одағы

9.ТЖМК (төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитет) құрылған жыл?1991 ж 19 тамыз

10.Қазақстан Компартиясы таратылғаннан кейін 1991 жылы қыркүйекте құрылған партия? Социалистік партия

11.КСРО халық депутаттарының 1990 жылғы 15 наурыздағы кезектен тыс ІІІ съезінде Кеңес Одағының алғашқы президенті болып кім сайланды?М.С.Горбачев



Оқулық


Ортасы


Жаңа сабақ:


7-8 минут


Жаңа сабақ: Топтардың атын сұрақтар  арқылы қою:

1.1917жылы 21қазанда «Қазақ» газетінде қай партияның бағдарламасы басылып шықты? («Алаш»)

2.1917жылы күзде құрылған, басшысы К.Тоғысов болған саяси партия («Үш Жүз»)

3.1986 жылы желтоқсан көтерілісінен кейін дүниеге келген партия («Желтоқсан»)

Джигсо әдісі:

Топтағы оқушылар жаңа сабақ бойынша оқулықпен жұмыс жасап, талдайды.

«Кім алғыр» Жаңа сабақ бойынша  әр топқа сұрақтар қою. 

1-топтың сұрақтары:

1. «Партия» деген сөз қай тілден шыққан? (латын)

2. Қазіргідей нағыз саяси партиялар қайда пайда болды? (Еуропада Ұлыбритания, Германияда)

3. Макс Вебер қандай кезеңдерді атап көрсетеді? (Аристократиялық үйірмелер, саяси клубтар, көпшілік партиялар)

4. 1861 жылы Ұлыбританияда қандай партия пайда болды?(либералдық)

5. Француз ғалымы М.Дюберже сайлаушылар мен белсенділер санына байланысты партияларды нешеге бөледі? (2 кадрлық, бұқаралық)

6. 1991жылы 5 қазанда құрылған «Невада-Семей» қозғалысының жетекшісі (О.Сүлейменов)

7. Қазақстанда кеңестер жаппай өзін-өзі қай жылы таратты? 1993 жылдың соңына қарай.

8. Қазақстан Республикасының сайлау туралы кодексі қашан қабылданды?(1993 жылы 8 желтоқсанда Жоғарғы Кеңестің ХІ сессиясында)

2-топтың сұрақтары:

1. Партия сөзі латын тілінен қандай мағына береді? (бөлу, бөлшек)

2. Қазіргідей нағыз саяси партия Еуропада қай ғасырда пайда болды? (19ғ.ІІ жартысында)

3. Саяси партияның үш кезеңін басынан өткізген Ұлыбританияның партиялары (либералдық және консервативтік)

4. Германияның жұмысшы Одағы партиясы қашан құрылды? (1863ж)

5. Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты партиялар нешеге бөлінеді, қандай? (4ке сайлаушылар, авангардтық, парламенттік, қауымдастық)

6. Қазақстанда қазіргі кезде белсенді саяси күшке айналып отырған ең танымал партия? («Нұр Отан»)

7. Мемлекеттегі заң шығарушы жоғарғы өкілдік орган қалай аталды?(Парламент)

8. 1993 жылдың соңына қарай Қазақстанда ресми тіркелген саяси партиялар? (3 партия, Социалистік партия, Қазақстанның Республикалық партиясы, Қазақстанның халық конгресі)

3- топтың сұрақтары:

1. Тұңғыш алғашқы саяси партиялар қай елде пайда болды? (Ежелгі Грецияда)

2. Саяси партиялардың дамуын 3 кезеңге бөлген немістің көрнекті саясаттанушысы (Макс Вебер)

3. Тұңғыш көпшілік партия қай елде құрылды? (Ұлыбританияда)

4. Саяси идеологиясына қарай партиялар нешеге бөлінеді және қандай? (5 коммунистік, социал-демократиялық, буржуазиялық-демократиялық, консервативтік, фашистік)

5. Партияла санына қарай нешеге бөлінеді? (3 бірпартиялық, екіпартиялық, көппартиялық) 

6. 2003 жылы 25 қазанда құрылған «Асар» партиясының жетекшісі (Дариға Назарбаева)

7. 1999 жылы құрылған партия? (Отан)

8. НұрОтан партиясының төрағасы? (Н.Ә.Назарбаев)

Бағалау

Өзін –өзі бағалау парағына бағалайды

Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып, 5 сұрақтан тест дайындап келу.





Оқулық



Қосымша материалдар









Бағалау парақшалары

Аяқталуы

2 минут

1..Маған бүгінгі сабақтан ұнаған үш жағдай...
2.Мені бүгінгі сабақта ойландырған екі жағдай...
3.Менің бір ұсынысым немесе сұрағым...

Интерактив тақта

Стикер

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға

тапсырманы күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді қалай

жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Дүние жүзі тарихы,география

АКT-мен байланыс


Формативті бағалау

Сабақ барысында «А,В,С» деңгейіндегі оқушыларды сабаққа белсенді қатысуына мүмкіндік жасаймын, басқа оқушылармен тапсырмаларды орындауын салыстырамын. т.б

Рефлексия:

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен өз жоспарыма

қандай түзетулер енгіздім және

неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 мамыр
1086
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі